Сынып сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік жетістіктері 1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»



Дата08.02.2022
өлшемі6,71 Mb.
#117279
Байланысты:
Тәуелсіздік жетістіктері
7кл Презентация Жасуша,ұлпа, мүше, мүшелер жүйесіұғымдары, Қытай, Жапония, LESSON 22

Сынып сағатының тақырыбы:
Тәуелсіздік жетістіктері
1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Отыз жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады
Тәуелсіздікке 30 жыл:
Қазақстан қандай
жетістіктерге қол жеткізді ?
991 жылы тарихы тереңде жатқан Қазақстан Республикасы жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болды. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымының мүшесі атанды. Сондай-ақ, осы жылы мемлекеттік рәміздер — әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында ҚР президенті "ҚР мемлекттік туы", "ҚР мемлекеттік елтаңбасы", "ҚР мемлекеттік әнұраны туралы" заңға қол қойды.
1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғары кеңес Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңын қабылдады.
1994 жылы бір топ қазақстандық студент алғаш рет "Болашақ" бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады.
1998 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы реформасы басталды.
2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды.
2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Осы жылы көптеген ауқымды шара ұйымдастырылып, Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.
1993 жыл
2006 жылы теңгенің бұрын-соңды болмаған үлгілері жарыққа шықты. Сондай-ақ, "Самұрық" мемлекеттік қоры құрылды. 2008 жылы "Қазына" қорымен бірігіп, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ болды.
2007 жылы Қазақстан халқы үшін аса маңызды "Мәдени мұра" бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады.
2008 жылы президенттің бастамасымен ұлттық нейрохирургия орталығы құрылды.
2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілд
2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і қола.
2012 жылдың 22 қарашасында Қазақстан 2017 жылы елде әлемдік көрме өткізу құқығына ие болды. Халықаралық көрме бюросы мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.
2013 жылдың 24 тамызында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Қазақстан-2050" стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр" тақырыбында Қазақстан халқы ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.
2014 жылдың тамыз айында үкіметте қайта құру жұмыстары өтті: 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясының қызметі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттікке берілді. Бұдан өзге энергетика, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері құрылды.
2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды.
2017 жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ете бастады. Төрағалықтың негізгі мақсаты Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша құжат қабылдау болды.
Назарбаев: Нағыз тәуелсіздік – ол тілдің де тәуелсіздігі

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет