Сыныптан тыс іс-шараның атауы: Музыка әлеміне саяхат жасаймыз Мақсаты



Дата06.02.2023
өлшемі19,06 Kb.
#167618
түріВикторина
Байланысты:
сыныптан тыс іс шара сценарий
нейрожаттығу.pdf

Сыныптан тыс іс-шараның атауы:
Музыка әлеміне саяхат жасаймыз


Мақсаты: оқушылардың музыкаға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, белсенділіктерін жоғарлату, музыка жайлы жалпы мағұлмат көздерін беру.
Түрі: шағын ғана викторина, концер түрінде
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, бағдарлама, қима қағаздар және т.б.
Қатысушы сынып: 4 сынып
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!!!
Өтетін «Музыка әлеміне саяхат жасаймыз» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!
- Өмір ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн, айдын, дала аспан-үн!
- Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
- Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,
- Шырқат биік тіршіліктің дастанын!!
Музыка әлемі-адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажап дүние. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан зор,
сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.
Музыканың жанрлары, түрлері өте көп:
Олар: Опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар, әскери және аспаптық, вокалдық, эстрадалық, бигеарналған, балаларға арналған, және т. б. музыка түрлері бар.
Ол үшін бейнежазбаға назар аударайық!
2 жүргізуші Қазақ халқының музыкасы – халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы. Жанарын жалынды егілген
Жаныңды жадыратар тілегімен
Ізгілік иманымен нәр беретін, Ләззат ал әншілердің жүрегінен - дейкеле Туған жер әнін орындайтын Асқарова Аселді шақырамыз!

1 жүргізуші: 1)Викториналық сұрақтар Wordwall бағдарламасы арқылы:
Қарастырылатын сұрақтар: Сіздер осы фортепиано қандай аспап және ол музыкада неліктен осынша маңызды орын алатындығы жөнінде ойланып көрдіңіздер бе?
Әрине, сіздер рояльді жақсы білесіздер, оны концерт залдарында, мәдениет сарайларында, музыка мектептерінде күнделікті көріп жүрміз.
Сахна төрінде тұрған үлкен, маңғаз рояль салтанатты сәттерде үстіңгі қақпағын ашып қойғанда қанатын жайып жіберген құсқа ұқсап кетпей ме?
Пианиноны кабинеттерде, оқу бөлмелерінде, үй ішінде көресіздер.

2 жүргізуші: 2)Қазақ халқы үшін домбыра аспабының орны ерекше. Домбыра аспабы қазақты нағыз қазақ екеніне көз жеткізеді.
Домбыра күйлерін бізге жеткізген көптеген күйшілер баршылық, олар күй атасы Құрманғазы, дина, Даулеткерей және тағы басқалары.
Екі ішек бірі үсті. Бірі асты
Пернесін күйші еппен басты
Тиектен ағылып ғаламат күй
Күмбірі шанағында толқып тасы дейкеле Құрманғазының күйі «Адай» орындайтын С.Тілеген



1 жүргізуші: 3) Бишілер емес, құс сияқты
Елестейді бір көрген түс сияқты
Әжемнің ұршығындай үйірілген де
Жер шарын айналдырған күш сияқты - дейкеле «өзбек биін» назарларыңызға ұсынамыз!! Қошеметтеп биші қыздарыңызды қарсы алыңыздар!

2 жүргізуші 4) Табады асыл сөзді ер данасы
Шығады білімдіден сөз сарасы
Салшы бір әсем әнге шарықтатып
Жастардың ойлы жасы... деп әнді орындайтын  Ким Евгений «Жаса Қазақстан»
Құрметті қонақтар! Бүгінгі «музыка әлеміне саяхат жасаймыз» атты іс-шарамызды аяқтаймыз.... келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет