Сипаттың басталғандығы белгілі. Еуразия тарихындағы алып мемлекеттердің қатарынан орын алатын Алтын Орда мемлекетін ортағасырлық деректерде Жошы ұлысы деп атағандығы жазылады


КАЗАХСКИЙ ГЕРОИЧЕСКИЙ ЭПОС КАК ИСТОЧНИК ПО ИСТОРИИ УЛУСА ДЖУЧИ



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата19.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#169321
1   2   3   4
Байланысты:
335-Текст статьи-649-1-10-20210529
Антитеррор жаднама каз
КАЗАХСКИЙ ГЕРОИЧЕСКИЙ ЭПОС КАК ИСТОЧНИК ПО ИСТОРИИ УЛУСА ДЖУЧИ 
Аннотация 
Известно, что в первой половине XIII века с вхождением казахской степи в состав улуса Джучи начался 
новый государственный этап. Золотоордынское государство, занимавшее ведущее место в истории Евразии как 
одно из крупнейших государств, в средневековых источниках называлось улусом Джучи. Золотая Орда стала 
предвестником не только военной мощи, но и культуры и цивилизации. Несомненно, одну из вершин данного 
культурного развития составляет героическая поэма. Через поэму героев мы можем узнать нераскрытые 
страницы быта и реальной жизни той эпохи. В статье дана оценка источниковедческому значению героической 
поэмы, возникшей в Улусе Джучи, определен авторский подход. 
Ключевые слова:
героическая поэма, улус Джучи, Золотая Орда, Ер Едиге, Кетбуга жырау, Дешт-и Кыпчак. 
 
Кіріспе.
Еуразия даласында Алтын Орда мемлекетінің өмірге келуі жаңа рухани-мәдени дамулардың 
сатысына алып келді. Өйткені түркі халықтарының жартылай отырықшылыққа бейімделіп, қала мәдениеті мен 
дала мәдениеті қатар дамыған шақ осы кезең еді. Ғылым-білім кеңінен жайылып, әдебиет пен мәдениет көтеріле 
түскен, өркениетті қоғамның негізі осы дәуірде қалана бастады. Саңлақ жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алтын 
Орда» тарихи роман-трилогиясын оқыған оқырман сол кездің келбеті мен сипатын, дәуір бағдарын түсініп, 
көңілге тоқитындығы анық. Көшпелі ғұмыр салтынан жартылай отырықшы қалыпқа бейімделудің шарттары 
Created by free version of DocuFreezer


қала мәдениетін қалыптастырып, дала өркениетін өсіре түсті. Сәні мен салтанаты келіскен Сарай-Берке, Сарай-
Бату сынды астаналардың қалануы, Ұлытауда Жошы ханның кесенесінің салынуы, шығыстық шайырлардың 
қалдырған әдеби мұралары – бәрі де Алтын Орда дәуіріне тән құбылыс. Сауда-саттық байланыстармен мәдени 
өркендеу қатар жүргені белгілі. Бұл турасында Жошы ұлысында қалыптасқан жыр-дастандардың тарихымыздың 
танымын кеңейтудегі орнына тоқталып өтпеске болмайды. Мысалы, 1357 жылы Махмұт Әлиұлы Кердері Алтын 
Орданың астанасы Сарай қаласында өзінің прозалық көркем әдеби шығармасы «Наһжи ұл фарадис» кітабын 
жазды. Сол заман деректеріне сүйенер болсақ, әдебиетте Хорезмидің «Мұхаббатнамесі», Құтба ақынның 
«Хұсрау мен Шырын» поэмасы, Сайф Сарайидің «Гүлстан бит түркиі» («Түркіше Гүлстан»), Рабғузидің «Қисса 
сул әнбиясы» («Пайғамбарлар туралы қысқа әңгімелер»), көне қыпшақ тілінде «Кодекс Куманикус» («Құман 
тілінің сөздігі») сынды шығармалар Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген [1]. Алтын Орда дәуірінің әдеби 
жәдігерлерінің қайталанбас туындыларының бірі «Хұсрау мен Шырын» поэмасында шынайы махаббаттан бөлек, 
арамдық пен зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен адалдық жеңіп шығатыны 
жазылған. Демек, адамгершілікті дәріптеу мен адалдыққа сүйіспеншілікті жырлау арқылы адамды ізгілікке 
жетелегендігін аңғарамыз. 
Ал, Жошы ұлысында дүниеге келген батырлар жырының тарихымыздағы орны бөлек. Батырлар жырының Ер 
Едіге, Ер Тарғын, Ер Сайын секілді кейіпкерлері отанды қорғаудың асқан рухын паш етіп, халықтың мұңын 
жоқтаған көсемдер ретінде әспеттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет