Ситуациялық есеп №1



Дата06.02.2022
өлшемі13,52 Kb.
#79455
Байланысты:
Асқазандық диспепсия синдромы


Ситуациялық есеп №1
Науқас 38 жаста емханаға төмендегідей шағымдармен келді. Тамақ қабылдағанан кейін 25-30 минуттан кейін ішінің өткір ауырсынуы, ауырсынудың кушейуінен кейінгі жеңілдік әкелетін құсу.Кей кезде науқас ауырсынуды басу үшін құсуды өзі шақырады, тамақтың көлемін аздан қолданады.Ауырғанына бірнеше жыл болған, көктем-күз айларында ауыруының қозуы байқалады. Ауруының күшейуі эмоциональнық жағдайдан кейін күшейіп отырған.Науқас 22 жылдан бері темекі шегеді, күніне 1пачкаға дейін.Обьективті қарау: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері қабаты және көзге көрінетін кілегей қабаты бозғылт, тері асты май қабатының дамуы әлсіз.Жүрек өкпе жүйелері бойынша шағым жоқ.Тілі ақ жабындымен жабылған. Пальпацияда эпигастрий аймаңында ауырсынуанықталады. Бауыр талақ пальпацияланбайды.
Сұрақ: 1. Диагноз құрыңыз және негіздеңіз
2. Зерттеу әдістерін тағайындаңыз және сипаттаңыз
3. Емдеу тактикасы, алдын алуы
Ситуациялық есеп №2
Науқас К.,58 жаста төстің артында қысып, күйдіріп, кеуденің сол жартысына,жауырын аралығына таралатын ауырсыну, кекіру, қыжылдаумен шағымданып түсті. 2 ай көлемінде сырқаттанады. Стенокордиямен 5 жыл көлемінде ауырады,нитраттарды, кальций антогонистерін тұрақты қабылдайды. 1 ай бұрын төс артында күйдіріп ауырсыну, кекіру пайда болған, нитраттар көмектеспеген, ЭКГ-де бұзылыстар жоқ. Объективті статус: артық салмақты.Тері жамылғылары таза. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақ дұрыс, ЖСЖ-72 рет мин. АҚ -120/80 мм с.б.б. Тілін қалың ақ жабынды жапқан. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.Үлкен дәреті, диурезі - өзгеріссіз.Қанның жалпы анализінде: Эритроцит-4,2х10*12/л, Гемоглобин-136г/л, Түстік көрсеткіш-0,9 Лейкоцит-6,2х10*9/л Сегмент ядро-72% Лимфоцит-30% Моноцит-8% ЭТЖ-4мм/сағ. Несептің жалпы анализі - өзгеріссіз. Қанның биохимиялық анализі: Жалпы белок-72г/л Холестерин-5,2ммоль/л КФК-105 б/л. ЭКГ –Ырғақ синусты ЖСЖ- 72 рет мин. ФГДС - әлсіз гиперемия, өңештің төменгі үштігі ісінген, сызықты эрозиялар. Асқазан, 12 елі ішек- өзгеріссіз. Өңештің рентгенографиясы – асқазаннан өңешке барий сульфатының қайта лақтырылуы. Бернштейн сынамасы- оң.
Сұрақ: 1. Диагноз құрыңыз және негіздеңіз
2. Зерттеу әдістерін тағайындаңыз және сипаттаңыз
3. Емдеу тактикасы, алдын алуы

Ситуациялық есеп №3
18 жастағы студент З., емханаға келесі шағымдармен қаралды: тамақ ішкен соң 20-30 минуттан кейін дамитын эпигастрийдегі дискомфорт сезімі, бас айналуы, жалпы әлсіздік. Анамнезінен: науқастың бір апта бұрын тұмаумен ауырып, сол жөнінен өздігінен 3-4 грамм тәулігіне аспирин қабылдағаны анықталды. Бас айналуы мен жалпы әлсіздіктің қосылуы науқасты дәрәгерге көрінуге мәжбүр етті. Сұрастырғанда бұдан 2 күн бұрын науқаста бір рет көп мөлшерде сұйық қара нәжіс болған. Бұрын асқазан-ішек жолдарының ауруларымен ауырмаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы және көрінетін кілегей қабаттары қуқыл тартқан. Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсіздеу (айқындылығы орташа), ырғақты. Пульсі екі қолында бірдей әлсіз, күші төмен, минутына 111 рет. АҚ екі қолында да 90/65 мм сын бағ. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Мендель симптомы эпигастрийде оң. Іші- сипағанда жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырғандық сезіледі. Бауыры ұлғаймаған, көк бауыры пальпацияланбайды. Қан анализінен: Hb 112г/л, эр. 3,3млн., т.к 1,0 , лимфо.34%, мон. 7%, ЭТЖ 16 мм/сағ.
Сұрақ: 1. Диагноз құрыңыз және негіздеңіз
2. Зерттеу әдістерін тағайындаңыз және сипаттаңыз
3. Емдеу тактикасы, алдын алуы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет