Скандийдің жеңіл балқитын еріткіштегі ди-2-этилгексилфосфор қышқыл балқымасымен экстракциясы



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#110092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
278-Article Text-1489-1-10-20150629

СКАНДИЙДІҢ 

ЖЕҢІЛ БАЛҚИТЫН 

ЕРІТКІШТЕГІ ДИ-2-

ЭТИЛГЕКСИЛФОСФОР 

ҚЫШҚЫЛ 

БАЛҚЫМАСЫМЕН  

ЭКСТРАКЦИЯСЫ


32

ҚазҰУ хабаршысы.  Химия сериясы. №1 (77) 2015

Скандийдің жеңіл балқитын еріткіштегі ди-2-этилгексилфосфор қышқыл балқымасымен экстракциясы

ді, өнімділігі жоғaры әрі көптеген ілесе жүрген 

қоспалардан оңай бөлінетімен ерекшеленеді [3]. 

Тәжірибелік бөлім

Әдеби шолу нәтижелер бойынша скандийдің 

катионды  формасы  сулы  ортада  кеңінен  кезде-

седі. Сол себепті оны катион күйінде бөліп алу 

үшін  катионалмастырғыш  экстрагент  қолданы -

 

лады.  Берілген  мақалада  скандийдің  ди-2-этил -



 

гексилфосфор  қышқылы  (Д2ЭГФҚ)  экстраген-

тімен  әртүрлі  еріткіштегі  экстракциясы  келті-

рілген.


Орындалған жұмыстарда скандий оксидінің 

стандартты  ерітіндісі  қолданылды  [4].Алынған 

скандийдің  нақты  мөлшерігравиметрлік  әдіс 

арқылы  анықталды  [5].  Зерттеу  жүргізу  үшін 

концентрациясы 2∙10

-2

М скандийдің стандартты 



ерітіндісін әрі қарай сұйылту арқылы пайдалана

-

ды. Барлық экспериментте тек жаңа дайындалған 



ерітінділер қолданылды.

Стандартты  ерітінділерден  скандийді  экс -

 

трак циялауда  экстрагент  ретінде  10%  Д2ЭГФҚ 



–  90%  ЖКҚ,  10%  Д2ЭГФҚ  –  90%  парафин 

 

балқымалары қолданылып жүргізілді. Тәжірибе-



лер  3  минут  аралығында,  парафин  мен  жоғары 

карбон  қышқылдары  (ЖКҚ)  үшін  жоғары  тем

-

пературада орындалды, органикалық және сулы 



 

фазалардың 1:10 көлемдік қатынастарында жүргі -

 

зіл ді.  Скандий  ерітіндісінің  концентрациясы 



 

1∙10


-3

М қолданылды. Қажетті ортаның қышқыл -

 

дығы  тұз  қышқылы  және  аммиак  ерітіндісін 



қолдана  отырып  реттелді,  рН  аралығы  0-4,0 

 

аумағын қамтыды. Экстракциядан кейін сулы ері -



 

тіндідегі  скандийдің  мөлшері  фотоколоримет-

риялық КФК-2МП (λ=670 нм, ɭ=2 см) және ин -

 

дук тивті плазмамен байланысқан масс-спектро-



скопиялық MS-ICP «Agilent 7500» (плазма тем

-

пературасы  8000



0

C;  газ  тасымалдау  ағынының 

жылдамдығы  0,8-1,3  л/мин;  плазма  түзгіш  газ 

ағынының  жылдамдығы  15  л/мин)  әдістер 

арқылы бақыланды.

Зерттеу  үшін  қолданылатын  экстракциялық 

реагенттер қосымша тазалаудан өткізілді. Құра-

мы (64,6%) Д2ЭГФҚ және (11,7%) – моно-2-этил -

 

гексилфосфор қышқылынан тұратын техникалық 



Д2ЭГФҚ  жұмыста  берілген  әдістеме  бойынша 

тазартылды [6].

Экстракциялық реагенттерге еріткіш ретін де 

әртүрлі  кластардың  органикалық  заттары  –  кө-

мірсутектер (жеке немесе заттар қоспасы ретінде) 

және  Шебекин  химкомбинаты  өндірісінің 

С

17



20

 техникалық фракциясының жоғары кар

-

бон  қышқылдары  (ЖКҚ)  қолданылды.  Жоғары 



карбон  қышқылдары  металдар  қоспасынан 

балқыған күйінде 2 моль/л НNО

3

 және дистил



-

денген  сумен  қышқылдық  әсер  жойылғанша 

бірнеше қайтара өңдеу арқылы тазаланды. 

Экстрагенттер экстракциялық реагенттердің 

есептелген мөлшерін органикалық еріткіштерге 

қосу  жолымен  дайындалды.  Парафин  және 

ЖКҚ  негізіндегі  экстрагенттер  экстракциялық 

реагенттердің  белгілі  мөлшерін  еріткіштердің 

балқымасымен  бірге  балқыта  отырып  дайын

-

далды.  Суытқаннан  кейін  экстрагенттер  қатты 



гомогенді жүйеде болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет