Сұлы біржылдық азық-түліктің және малазықтық өсімдік, оның дәнінде 12-13 ақсыл (белок) 40-45% крахмал, 4-6 май болады



бет5/6
Дата21.06.2022
өлшемі34,28 Kb.
#146919
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, treatise125445 (5), тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко
Өсіру технологиясы. Алғы дақылдар. Тарыны тың және тыңайған жерлерге немесе көпжылдық шөптер қыртысына орналастырған дұрыс. Бұл жерлер жоғары құнарлығымен және арамшөптерден тазалығымен ерекшеленеді. Олардан кейін тары барынша жоғары астық өнімін қалыптастырады, сондықтан оны жер қыртысы өсімдігі деп те атайды. Тарыға отамалы және дәнді бұршақ дақылдары да жақсы алғы дақыл, сүріден кейінгі екінші дақыл болғанда да тәуір өнім береді. Вегетация кезеңінің қысқалығынан тары егістігін жинағаннан кейін күзде ерте сүдігер дайындауға мүмкіндік болады, ал мұның өзі Қазақстанның Солтүстік өңірінде тары жаздық қатты бидайға жап-жақсы алғы дақыл бола алады.
Топырақ өңдеу және қар тоқтату. Тары үшін топырақ өңдеу жүйесі танаптарды арамшөптерден тазартуды, егін көгінің жаппай пайда болуын және оның тамыр жүйесінің жақсы дамуын қамтамасыз етуге бағытталады. Оған ерте және сапалы дайындалған сүдігер бөлінеді. Ерте көктемгі себу алдындағы топырақ өңдеу ылғал жабудан басталады. Себу алдында арамшөптерден таза және тығыз топтарда себу алдында бір-ақ рет культивация жүргізіледі, ал арамшөптермен ластанғанда танапты жақсы тазарту мақсатында оны екі мәрте культивациялайды. Маңызды агрошаралардың бірі – тарыны себу алдында топырақ бұдырлы катоктармен тығыздалады. Соның нәтижесінде тары тұқымы топыраққа біркелкі тереңдікте сіңіріледі. Топырақпен жақсы қабысатындықтан тұқымның бөртуі және көктеуі, кейіннен өсімдіктердің біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі. Топырақты тығыздаудың нәтижесінде астық өнімі 2,0-3,5 ц/га артады.
Тарының құрғақшылыққа төзімділігіне қарамай қыста қар тоқтатудың маңызы зор. Еліміздің оңтүстік –шығысында орта есеппен 20 жылда қар тоқтатудан тарыдан алынған қосымша астық өнімі 3,8 тан 5,6 ц/га жетті, ал Орал облыстық тәжірибе стансасында орта есеппен 5 жылда қар тоқтатылмаған танаптан 7,4 ц/га, ал қар тоқтатылған танаптан 13,6 ц/га астық жиналды. Қар тоқтату Солтүстік Қазақстанның барлық тары өсіретін аудандары үшін міндетті агротехникалық шара болып есептеледі.
Тыңайтқыш қолдану. Тарының тамыр жүйесінің сіңіру қабілеті жоғары емес, сондықтан оған жеткілікті мөлшерде сіңімді қоректік заттар бүкіл вегетация кезеңінде болғаны абзал. Оның 25 ц/га астығы мен 50 ц/га сабаны топырақтан 35 кг фосфор, 75-80 кг азот және 87-90 кг/га калий шығындайды. Ол минералды, органикалық және бактериялық тыңайтқыштарды жақсы қажетсінеді. Оларды дұрыс қолданғанда тарының қосымша астық өнімі басқа дәнді дақылдарға қарағанда жоғары. Ғылыми зерттеу мекемелерінің деректері бойынша тарыға енгізілген тыңайтқыштан қосымша астық өнімі: көңнен – 6,0 ц/га, азотты – фосфор тыңайтқыштарынан – 0,5-5,5 ц/га, себумен қатарға енгізілген түйіршіктелген суперфосфаттан – 1,5-5,4 ц/га, ал тұқымды фосфорбактеринмен өңдеуден – 2,0-3,0 ц/га болды. Тарыға енгізілген тыңайтқыш астық өнімін арттырумен қатар оның сапасын жақсартады, өсімдіктердің даму үрдісін тездетеді, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады және ауруларға жақсы төтеп береді.
Тұқымды себуге дайындау. Тұқымдарының ұсақтығына байланысты тары сорттарын себуге дайындағанда сорттық сапасы, ірілігі, толықтығы жоғары және аурулармен залалданбаған тұқымдық материалды пайдаланған жөн. Тары тұқымынан қиын ажыратылатын қоспаларды (арамшөп тұқымынан да) ажырату күрделі астықтұқым тазалағыш машиналарды қолданады. Олардан өткен тұқым біршама іріленеді, алайда толық іріктелу пневматикалық сорттағыш құрылымдардан өткізгенде ғана қол жеткізіледі (ССП-1,5 ж.б.), ондай тұқымдардың меншікті салмағы жоғары болып келеді.
Себу алдында тары тұқымы құрғақ-ауада қыздырылады немесе 500 жылылықта 15 минөт жылы суда ұсталады. Кейіннен дәріленеді (беномил-10 л/т, дерозал – 10 л/га, 80 % ТМТД – 2-3 кг/т ж.б. улы химикаттың бірімен).
Себу мерзімі. Тарының себу мерзімі оның биологиялық ерекшелігімен (жылусүйгіштігі) анықталады. Барынша қолайлы жағдайлар топырақтың 10 см қабатында температура 12-150С жеткенде және бозқырау қаупі өткеннен кейін қалыптасады. Ерте себілгенде де (салқын топырақта тұқымның бір-бөлігі шіріп кетеді, сирек егін көгі шығады, соңынан егістік арамшөптермен қатты ластанады, әрі жаздың екінші жартысында болатын жауын-шашынды нашар пайдаланады), кеш себілгенде де (ерте күзгі бозқырауға ұрынады) тары өнімі төмендейді. Тарының оңтайлы себу мерзімінің критерийлері (талаптары):
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет