Лекция 3 Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі



бет1/6
Дата03.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#8739
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Лекция 3
Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі
Мақта қозасын әр түрлі әрі көптеген организмдер – шыбын-шіркейлер, кене, басқа да омыртқасыз жәндіктер, сондай-ақ ұсақ микроорганиздер – уақ саңырауқұлақтар мен бактериялар қорек етеді.

Қозаның басты зиянкестері - өрмекші кене, бақша, акация (қараған), мақта биттері, темекі құрты, мақта көбелегі, қара күйе, күздік көбелек т.б. болып табылады.

Бүгінгі таңда олармен жүйелі түрде күресу мақта саласындағы ең негізгі проблемалардың бірі болуда.
Өрмекші кененің биологиялық ерекшеліктері және онымен күресу
Мақта қозасының көптеген зиянкестерінің ішінде өрмекші кене ең қауіптісі болып саналады (Tetranychus telarius L). Қауіпті зиянкес бола отырып кене өсімдіктердің 250 астам түріне зиян келтіреді. Ол Қазақстанның мақта өсіретін Оңтүстігінде көптеп кездеседі. Көктемде кене мақталық алқаптарға арамшөптерден өтеді. Әсіресе кененің көбейуі шаң жолдардың жағасындағы мақталықтарда көп байқалады. Ауа-райына қарай өрмекші кене өсімдіктің өсіп жетілу кезеңінде 10-12 ұрпақ өрбітеді.

Өрмекші кене мақта қозасының бүкіл өніп өсу кезеңінде ұрпақ өрбітіп, көбейеді.

Өрмекші кене қоза жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Аузының қылшықтарын жапыраққа қадап, оның сөлін сорып алады. Жапырақтың зақымданған жерлері бірнеше күннен кейін астынан қоңырланып, үстінен қызарып шыға келеді. Сөлі сорылған өсімдіктің өсуі кешігеді, жапырақтары, түншелері мен көсектері түседі, ал қауашақтары қаудырап, жеңілдеп қалады. Өрмекші кененің келтіретін зияндылығы, оның мақталық алқаптарды залалдау уақытының үзақтығына және олардың санына байланысты болады.

Кене өсімдікті мамыр-маусым айларында зақымдаса, қозаның өнімі 50-60 пайызға, шілдеде зақымдаса - 25-40 пайызға, тамызда зақымдаса-5-10 пайызға кемиді. Қатты зақым шеккен бұталар мүлде өнім бермейді.

Өрмекші кене өте тез өніп-өсіп көбейеді. Ұрғашысы өз өмірінде, жағдай қолайлы болса, 100-140 жұмыртқа салады, кейде мұнанда көбейтеді, ал 2-3 күннен кейін жұмыртқадан алтыаяқты қуыршақ кене шығады. Ұзындығы 0,1 мм келетін бұл қуыршақтар 1-2 күннен кейін ақ жетіліп қалады. Осыдан соң қуатына еніп, ересек кенелер секілді 4 жұп аяқты жәндікке айналады, олардан айырмасы - тұрқының қысқалығы ғана. Енді 3-5 күннің ішінде олар толық ересек кенегі айналады, ал ұрғашылары жұмыртқа салуға кіріседі.

Жазда өрмекші кененің бір ұрпағының өсіп-жетілуінің жалпы ұзақтығы 8-12 күнге, ал көктем мен қүзде 15-20 күнге созылады.

Ауа –райының салқындауы мен жаңбырдың жаууы кененің зақымдау дәрежесін бәсеңдеткенмен оны тоқтатпайды.

Өрмекші кенемен күрес әдістерінің ең негізгілеріне мына шараларды атауымызға болады:

Бос игерілмей қалған жерлерді игеру, мақталық – жоңышқалық ауыспалы егіс жүйесін ендіру және жерді тегістеу, жалпы мақта егудің технологиясын қатаң сақтау.

Қозапаяны және оның қалдықтарын егістік жерлерден түгел жинап алып, қыс маусымында оны шаруашылық мақсатта пайдалану, ал жарамсыздарын жинап өртеу қажет.

Зябьті жер қыртысын түгел 35-40 сантиметрге терең жырту жердің жоғарғы қабатында қыстаған кенелерді жоюға ықпал етеді.

Қыстың күндері кененің алдыңғы мезгілдердегі ошақтары байқалған жерлерді алдымен суару керек. Егістік жерлерді, оның аралықтарын, арық, жол жағалауларын таза сақтау, ондағы арам шөптер мен басқа да өсімдіктерді бүкіл өсу дәуірінде құртып отыру және жиналып қалған арамшөптерді өртеп жіберу өрмекші кенені жоюдың зор мүмкіндіктерінің бірі.

Мақтаны жаздық вегетациялық суару кезеңінде, су ішпей қалған жерлерді болдырмауға тырысу керек. Жаздық су ішпей қалған жерлерде кененің көбейу қаупі жоғары болады.

Сонымен қатар алқаптың кенемен зақымдану дәрежесіне, мақтаның орналасу жиілігінің әсері айтарлықтай. Орналасу жиілігі бірқалыпты (12-14 дана/м) мақталық алқаптарда, күннің жақсы түсуі салдарынан температураның жоғары болуынан және энтомофактардың белсенділігінен кененің саны біршама төмен болады. Ал жиі орналасқан (22-25 дана/м) мақталықтарда, жапырақтың тығыздығынан төменгі жапырақтардың күн сәулесін айтарлықтай дәрежеде қабылдай алмауы зиянкестің көбейуіне қолайлы жағдай жасайды.

Кенені жоюға бір қатар пайдалы жәндіктер (энтомофагтар), құрт-құмырсқалар (насекомдар) қатысады. Олар стеторус қоңызы, кенемен қоректенетін трипс (құрт), жыртқыш бүрге, жарқырауық зер-қоңыз. Бұл жыртқыш насекомдардың қомағайлығы сансыз кенені қырып жоюға себеп болады. Мысалы кенемен қоректенетін трипс тәулігіне кененің 50-ге, ал жарқырауық қоңыздың ересек личинкалары 800-ге жуық жұмыртқасы мен личинкасын жеп тауысады. Жыртқыш насекомдар да мақталықта кене мекендері алғаш пайда болысымен келеді де, соларды қорек етудің арқасында көбейеді.

Ал өрмекші кенеге қарсы химиялық шаралар өнім көп шығын болатындай жағдайда пайдаланған дүрыс. Өрмекші кене мақта егістігінің 10 пайызын басқанда немесе 100 жапыраққа 150 кенеден келгенде, Каратэ, 5 пайыз к.э. (0,5 л/га), Неорон, 50 пайыз к.э.(1,5-2,0 л/га), Нурелл Д, к.э.(1,5 л/га), Вертимек, 18 пайыз к.э.(0,3 л/га), Ниссоран, 10 пайыз с.п. (0,1 кг/га) препараттарын көрсетілген мөлшерде қолдануға болады.



Осы шараларды іске асыру үшін егістік жерлерді күнбе күн байқап, зерттеп отыру керек. Өрмекші кененің ошағы аздап көзге шалынысымен оған қарсы шаралар қолданып, оның одан әрі дамуына жол берілмеуге тиіс.



Мақта көбелегі


Мақта көбелегі (көсек құрт) — алдыңғы қанаттарында дөңгелек теңбілі бар қоңырқай сары түсті көбелек; ақшыл-сары түсті артқы қанаттарынын орта түсында қара қоңыр жолы және аяққы шегінде қарақоңыр жолағы болады. Тұрқының ұзындыгы 12-18 миллиметр. Қоңыр көбелек 14-27 күн тіршілік етеді, осы мерзімнің орта тұсында күніне 25-30 жұмыртқа салады. Бүкіл өмірінің барысында ұрғашысы нашар жетілген жылдарында 300-400, ал, жаппай көбейген жылдарында 1000 және одан да астам жұмыртқа салады. Жұмыртқасы ақ, шар түрінде, диаметрі 0,5 миллиметр болып келеді. Онысы қоза жапырақтарында жеке-жеке шашылып жатады.

5-7 күннен кейін жұмыртқадан түсі сұп-сұр, арқасының бойында қара қоңыр жолағы бар жұлдыз құрт шығады. Бұның өсіп-жетілуі 25-30 күнге созылады. Осы уақытта 5 мәрте түлеп, ұзындығы 45-52 миллиметрге жетеді.

Жұмыртқадан шыққан алғашқы күндерінде жұлдыз құрт гүл түйнектерін, содан кейін көсектерді кеміріп қоректенеді, дөңгелекгеп қуыс жасап алады. Өзінің дамьп-жетілу кезеңінде әрбір жұлдыз құрт 6-дан 20-ға деін жемістік органды зақымдайды.

Мақта көбелегінің

қуыршағы


Мақта көбелегі қуыршақ кезінде, соңғы таралымның жұлдыз құрттары қоректенген алқапта қыстайды. Көктемде көбелектердің ұшып шығуы ұзаққа созылады, дегенмен, көпшілігі 10-15 күн аралығында пырдай болып көтеріледі (бірінші ұрпақ). Бұл қозаның алғашқы түйін салуы кезіне тура келеді. Көбелектер мақтаның, қызанақтың (помидор), тағы басқа өсімдіктердің гүлінің шырынымен қоректенеді. Үшқаннан соң 1-2 күннен кейін олар жұмыртқа сала бастайды. Екінші ұрпақ көбелектерінің жаппай жұмыртқалауы әдетте шілденің екінші жартысына тұстас келеді. Бұл жолы олар алдыңғыға қарағанда шамамен он есе көп жұмыртқалайды. Үшінші ұрпағының жұмыртқа салуы тамыздың аяғында басталады.

Мақта көбелегінің көбейуін алдын ала анықтау әдістері. Қәзіргі уақытта мақталық алқаптарға мақта көбелгінің түскенін шамалап білу әдістері жасалынған. Әдістеме бойынша, қыстап шыққан ұрпақ көбелектері ауаның орташа он күндік температурасы 110–тан асқанда және торырақтың 10 сантиметр тереңдіктегі температурасы 160–тан көтерілгенде ұша бастайды. Айдың осы онкүндігінен бастап пайдалы температура жиындысын есептеуге кірісіледі. Пайдалы температура 5500 болғанда буын беру аяқталады және келесі ұрпақ басталады , осылайша жалғаса береді.

Осы әдістемеге қарағанда, орташа он күндік температура 250–тан төмендегенде және мақта ашылғанда, бірінші жастағы көсек құрты азықтанғанда қыстайтын зиянкеске айлана бастайды. Зиянекстің қыстауға қаншалықты дайындалғандығы, сонымен қатар оның келесі жылда көбейе алуы, қолайсыз экологиялық жағдай басталғанынша, осы популяцияның өткізген пайдалы температура жиындысына қарап анықталады.

Егер бұл көрсеткіш кемінде 3050–қа тең болғанда (құрттық стадиясының толық дамуы үшін керекті температура жиынтығы пайда болғанда) зиянкес жақсы қыстап шығады.

Сонымен, мақта көбелегінің пайда болуын (қысқа мерзімге) шамалап анықтауға, мақта зиянкесіне қарсы күресті тиімді жүргізуге жәрдем береді.



Карадрина - ұзындығы 11-13 миллиметр келетін кішкене көбелек. Алдыңғы қанаттары сұрғылт-қоңыр түсті, дөңгелек қызылкүрең таңбасы және ашық қоңыр түспен жиектелген бүйрек тәрізді таңбасы бар. Артқы қанаттары ақ түсті, сыртқы жиегіңце қарақоңыр жолағы бар. Жұмыртқаларын топ-тобымен, бірнеше данадан 250 және одан да көп етіп салады да, тұтасқан жұқа ақ жабынмен жауып қояды. 3-5 күннен кейін жұмырткадан ашық жасыл, басы қара жұлдыз қүрт шығады оның арқасын бойлай жатқан екі қатар жіңіінке қарақоңыр жолағы болады, бұл жолақты да жиегінен ашьгқ түсті жалпақ жолақтар жанап өтеді.


Карадрина


Жұлдыз құрттың жетілуі 16-35 күнге дейін созылады, бұдан кейін олар топырақтың үстіңгі қабатына шығып алады да, қуыршаққа айналады. Жазда 7-10 күннен кейін, қыркүйекте 26 күннен кейін бұл қуыршақтардан көбелек ұшып шығады.

Карадринаның бір ұрпағының өсіп-жетілуіне орта есеппен 25-30 күн кетеді. Бір маусымда ол 5-6 ұрпақ береді. Карадрина көбелектері де басқа көбелектер секілді өсімдікке зиянсыз, олар гүлдердің тозаңымен қоректенеді. Зиянды жұлдыз құрттар тигізеді, олар көптеген өсімдіктердің жапырағын қорек етеді.

Жұлдыз құрттар қозаның жапырақтарымен қоса түйнекшелерін де жейді, көсектері мен жас қауашақтарынъң қабыршақтарын кеміреді, ал көктемде жаңа шыққан өскіндерге ауыз салатын кездері де аз болмайды. Жасырақ кезінде олар жапырақтың жұмсағын үңгіп алады да, сыртқы қабыршағына тимейді. Осының салдарынан жапырақта кіші тор көздер пайда болады. Ересек жұлдыз құрттар жапырақтың жіп талшықтары арасын толық тесіп жейді де, шеттерін жырымдап тастайды. Ересектеу және ересек жұлдыз құрттардың көшпілігі күннің ыстық мезгілінде жерге түсіп, өсімдіктің астында немесе топырақтың үстіңгі қабатында жатады.

Жаппай көбейген жылдары жұлдыз құрттар азық іздеп, қаптаған топ-тобымен алқаптан-алқапқа көшіп жүреді, жол-жөнекей мәдени дақыддарды да, арамшөптерді де зақымдап кетеді.

Қозаға әсіресе жұлдыз құрттың екінші және үшінші ұрпақтары (маусым және шідде айларындагы) көбірек зиянын тигізеді.

Күрес әдістері. Күресудің химиялық шаралары бойынша мынадай инсектицидтер қолданылады (л/га):

Альфагард, 10% Э.К. (0,3), Арриво, 25% Э.К. (0,32),

Атаброн, 12% Э.К. (0,8), Данитол, 10% Э.К. (2,0),

Децис, 2,5% Э.К. (0,7), Золон, 35% Э.К (2,5- 3,0),

Каратэ, 5% Э.К (0,5), Кинмикс, 5% Э.К. (0,6),

Маликс, 35% Э.К. (2,0-2,5), Митак, 20% Э.К. (2,0),

Нурел Д Э.К. (1,5), Ровикурт, 25% Э.К. (0,8),



Суми-Альфа, 5% Э.К (0,5), Талстар, 10% Э.К. (0,3),

Устад, 10% Э.К. (0,5), Фьюри, 10% Э.К. (0,3),

Циракс, 25% Э.К. (0,2), Шерпа, 25% Э.К. (0,32).

мен карадринаға қарсы кұресудің агротехникалық шараларына жататындар: жерді толық тереңдікте жырту, қыста суару. Сүдігердің (зябь) өзінде қуыршақтардың 80 пайыздан астамы қырылады, ал, оған қыста суаруды ұштастырған жағдайда 90 пайызға дейін қырылады.

1.Зиянкестің санын келесі жылы азайтуға бағытталған ұйымдастыру шараларына, мақта көбелегінің қыстауға кететін соңғы ұрпағына қарсы химиялық дәрілеу шараларын ұйымдастыру.

2. Егіс алқаптарын тегістеу үлкен маңызға ие, ол егістердің тегіс суарылуын қамтамасыз етеді, нәтижесінде кейбір алқаптарда су жиналып қалмайды, яғни мақта көбелегінің дамуы үшін қолайлы жағдай жасалмайды.

3. Мақта көбелегіне қарсы күрес алып баруда зиянкестердің ошағы болған алқаптарда егістерді тәртіпсіз орналастыруға жол бермеу керек. Жүгері, помидор сияқты зиянкес ең жақтыратын азықтары болып саналатын дақылдарды мақталық алқаптардан шеттеу егіп, оларда агротехникалық және қыру амалдары орындалуы тиіс.

4. Зиянкестің жаппай жұмыртқалауы мен бірінші жастағы кіші жұлдызқұрт кезеңінде қозаның ұшын қолда чиканкалап , өсу ұштарын қапшықтарға жинап, даладан алып шығып көміп тастау керек. Жүргізілген анықтауларға қарағанда бұл шара мақта көбелегінің тұқымдары мен жас құрттарын 40-55 пайызға жоюға жәрдем береді.

Күресудің химиялық шаралары бойынша мынадай инсектицидтер қолданылады (л/га):

Альфагард, 10% Э.К. (0,3), Арриво, 25% Э.К. (0,32),

Атаброн, 12% Э.К. (0,8), Данитол, 10% Э.К. (2,0),

Децис, 2,5% Э.К. (0,7), Золон, 35% Э.К (2,5- 3,0),

Каратэ, 5% Э.К (0,5), Кинмикс, 5% Э.К. (0,6),

Маликс, 35% Э.К. (2,0-2,5), Митак, 20% Э.К. (2,0),

Нурел Д Э.К. (1,5), Ровикурт, 25% Э.К. (0,8),



Суми-Альфа, 5% Э.К (0,5), Талстар, 10% Э.К. (0,3),

Устад, 10% Э.К. (0,5), Фьюри, 10% Э.К. (0,3),

Циракс, 25% Э.К. (0,2), Шерпа, 25% Э.К. (0,32).
Мақтаның аурулары.

Мақта шаруашылығында мақтаның неғұрлым көп тараған әрі қауіпті аурулары солма (вилт), гоммоз және тамыр шірігі болып табылады.

Тамыр шірігі. Бүл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырлауқүлақ түтікшелері қадалған өнімдер ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей-ақ солып құлайды да, қурап қалады. Ауру осімдіктердің қолайлы жағдай туғанда бойын көтеріп, түзеліп кететін кезі де аз болмайды, алайда олар жетілуі жағынан сау өсімдіктерден қалып қояды. Кей жылдары тамыр шірігі мақта өскіндерін тым қатты зақымданғандықтан, алқаптың едәуір бөлігіне қосымша шит себуге, ал жекелеген танаптарға тұқымды қайта себуге тура келеді.

Тамыршірігінің өріс алуы көктемгі ауа райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыршірігі мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мүндай жылдарда мақта да әлжуаз болып, саңырауқүлақтар мен бактериялар жегісіне оңай үрынады. Топырақты егіске дұрыс дайындамау, топырақтың қабыршақтануы, оң ауаның аздығы, шитті тым терең сіңіріп қою да бүл аурудың белең алуына себеп болады.

Каталог: uploads -> extensions -> rastenievodstvo -> khlopchatnik
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
khlopchatnik -> Тезисы (Пути воспроизводства почвенного плодородия и повышение продуктивности хлопчатника)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет