Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. — Алматы: Триумф «Т», 2007. — 152 б



Дата07.02.2022
өлшемі15,49 Kb.
#93902
Байланысты:
лингвистика


Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. — Алматы: Триумф «Т», 2007. — 152 б.

1.Тарихилық ұстанымы


2.Әлеуметтік танымдық ұстаным
3.Автордың дара стилін айқындау ұстанымы
4.Функционалдық ұстанымы
5.Концептуалдық, семантикалық ұстаным
6.Автор-кейіпкер категорияларының қатынасын басшылыққа алу ұстанымы
7. Мазмұн мен форманың бірлігі ұстанымы

1. Тарихилық ұстанымы. Авторлар кейбір авторлардың шағармаларын талдауда мағынасы түсініксіз сөздердің тарихына тоқталып, мағынасына талдау жасайды. Ол әсіресе М. Өтемісұлы, Абай Құнанбаевтың өлеңдерін талдауда ерекше көрінеді. Себебі ақындардың өмір сүрген дәуірі олардың шығармаларындағы осындай мағыналары күңгірт, көпшілікке беймәлім сөздерді түсіндіруді қажет етеді. Мысалы, М. Өтемісұлының «қалықпандай», «тарпаңдай», «керіскен», «бұлан», «қырқарлану» т. б. көптеген сөздердің семантикасына талдау жасалынады. Сондай-ақ, ақынның өзіне тән салтанатты, ұранды, мағынасы көтеріңкі, салтанатты мазмұнды сөз қолданыстары ерекше тартымды шыққан.


2. Осы ұстаныммен орайлас авторлар әлеуметтік-танымдық ұстанымды да басшылыққа алады. Ол дегеніміз, ақын-жазушылардың өмір сүрген ортасын суреттеп қана қоймай, сол ортаның құндылықтарын бейнелейтін сөздерге ұғым-түсінік беріліп отырады. Олардың әлеуметтік мәніне тоқталады. Мысалы, «закүншік», «старшын», «арызшы», «пысық» т. б.
3. Автордың дара стилін айқындау ұстанымы. Кез келген шығарма оның авторының шығармашылық болмысын танытады, сол себепті шығарма арқылы автордың тілдік шеберлігін жіті көзбен байқап көре білу ерекше байқампаздықты қажет етеді. Бұл орайда оқу құралындағы жүргізілген талдаулардың мақсаты айқын, мысалдары жарқын шыққан. Авторлық жаңа қолданыстарды тауып, автордың әдеби тілге қосқан үлесін, тілдегі жеткен табысын анықтауға ерекше мән береді. Мысалы, Абай шығармаларындағы «ғылым бағу», «ғылым табу», «ғылым іздеу», «ғылым оқу», «ми кептіру» сияқты сөз қолданыстары авторлық даралықты айқын танытатын мысалдар.
4. Функционалдық ұстанымы. Шығарманы талдауда авторлар тіл бірліктерінің мағынасын нақты контекстегі қызметі тұрғысынан, сол контексте алып қарастырады. Функционалдық ұстаным бойынша, мәтіннің тілдік ұйымдасуына тірек болған тілдік деңгейлердегі әрбір тілдік бірлік талданады. Лексикалық бірліктердің, грамматикалық тұлғалардың, дыбыстардың қолданысы функционалдық аспектіде қарастырылады.
5. Концептуалдық, семантикалық ұстаным. Тіл бірліктерін тек деректік мақсатта талдамайды, әрбір талдау автордың концептуалдық көркем көзқарасымен байланыстырылып отырады. Мәтін астары арқылы, мәтіннен тыс берілетін мәнге аса көңіл бөледі. Көзге көрініп тұрған ақпарат пен көзге көрінбейтін, мәтіннен туындайтын астарлы ақпаратқа және оны жеткізуші тілдік бірліктерге назар аударылады.
6. Автор-кейіпкер категорияларының қатынасын басшылыққа алу ұстанымы. Бұл ұстаным бойынша прозалық шығармалардағы баяндаудың түрлері, автор бейнесі мен бөгде сөзді беруші тілдік бірліктердің стилистикасы талданады. Б. Майлиннің «Қанды кек» шығармасы кейіпкердің сөзі, баяндау мәнері нақты тілдік деректер арқылы сипатталса, бүгінде қазақ прозасының классикалық үлгісіне айналған «Шұғаның белгісі» романы автор образының берілуі тұрғысынан ерекше талдау нысаны бола алған.
7. Мазмұн мен форманың бірлігі ұстанымы. Жалпы алғанда барлық ұстанымдарға осы қағида негіз болған деуге де болады. Себебі тілдік талдау тілдік деректерге сүйенеді, ал тілдік дерек ол тек мазмұнның сыртқы қабаты. Авторлар тілдік деректерді түсіндіруде оның тек сыртқы тілдік пішініне ғана емес, оның тұтас шығарма мазмұнымен қатынасын, контекспен, шығарманың ішкі мәнімен байланысына баса назар аударады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет