Смагулова асемкул дуйсеевна



бет1/23
Дата30.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#166854
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
01-География
1 зертханалық жұмыс Өтпелі процесстер




СМАГУЛОВА АСЕМКУЛ ДУЙСЕЕВНА


ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ
(Әдістемелік көмекші құрал)

КІРІСПЕ
Егеменді еліміздің қоғам өміріндегі табандылықпен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр. Мұндай ғылым мен техниканың даму талаптарына қарай білім берудің қарқыны да мазмұны мен жүйесі және оған қойылып отырған талаптар да үлкен өзгеріске ұшырауда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындата түсу» - деп аталатын бөлімінде сапалы білім беруге жан-жақты қол жеткізудің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» - деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, білім жүйесінде болатын қайта құру мәселесі заңды түрде орта сыныптардан басталатыны анық.
Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады. Тиянақты білім дегеніміз – жаттанды емес, белгілі жүйесі бар (қарапайымнан күрделіліге қарай дамытылған), тұрмыспен, күнделікті өмірмен тығыз байланысты, оқушының ой-өрісінің дамуына көмектесетін ұғымның жиынтығы.
Қазіргі таңдағы орта сыныптарда білім берудің басты талаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік, ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары негіздерінен берілетін ғылыми ұғымдарын қалыптастыру келешекте олардың білімді саналы меңгеруіне және дамуында үлкен рөл атқарады.
Жалпы адамның тұлға ретінде қалыптасуына табиғаттың тигізетін әсерін және алғашқы алатын ұғымдардың рөлін философтар мен психологтар атап көрсетеді. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фараби өз еңбегінде ғылымның бастауы ұғымдар, қағидалар, алғышарттардан тұратындығын атап кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет