Смагулова асемкул дуйсеевна


Географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары



бет5/23
Дата30.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#166854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
01-География
1 зертханалық жұмыс Өтпелі процесстер
Географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары

Қоғам идеологиясының өзгерісінде, бағалылық жүйесінде қоғамдық мектеп жүйесінде де жұмыс бағыты да өзгереді. Қазіргі кезде мектептің, оқулықтардың, оның оқу жоспарында да көптеген өзгерістер болып жатыр. Пән оқулығының мазмұны да оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуда үлкен рөл атқарады. Дидактикада оқытудың мақсатында бағалылық жүйесінде оқушыларда қалыптастыруда анықтайды.


Мектеп – адамды өмірге, табиғи орта иен әлеуметтік ортада өзін дұрыс ұстай білуге, азаматтық және әлеуметтік қызметтерді орындауға дайындайды. Ол оқушының өзін - өзі дамыту, қалыптастыруға бағыттауы тиіс. Мектептің мақсаты – белсенді, шығармашылық, жаңашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Географияны оқытудың негізгі мақсаты –оқушының бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлiгi ретiнде әлемнің біртұтас географиялық бейнесін қалыптастыру болып табылады.
Географиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:
– оқушылардың географиялық ойлауын, географиялық мәдениетін қалыптастыруға және географиялық тілді оқып - үйренуіне, еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;
– оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлана алуына көмектесетiн бiлiм жүйесінің жиынтығын беру;
– картографиялық сауаттылығының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау;
– оқушылардың бойында адамзат тіршілік ететін ортасы Жер туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, оның табиғаты мен халқының алуан түрлілігін ашып көрсету;
– негізгі орта білім беру деңгейіндегі қажетті базалық білім минимумын және елтану сипатындағы түсініктер қалыптастыру, оқушыларды Қазақстанның табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігімен халқы және шаруашылығымен, ондағы адамзат тіршілігінің алуан түрлілігімен таныстыру;
– жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және елжандылық сезімін дамытуға жағдай жасау;
– оқушылардың бойында қоршаған ортаның біртұтастығы мен оның аумақтық алуан түрлiлiгi, әртүрлi елдердiң өзiне тән ерекшелiктерi, адамзат алдында тұрған күрделi проблемалар туралы түсiнiк қалыптастыру сияқты мiндеттердi шешудi талап етедi.
Оқытудың мақсатының барлық аспектілері орта географиялық білім мазмұны арқылы сипатталады.
Географиялық білімнің мақсатын анықтай отырып, мынаған көңіл аудару қажет. Ол үшін – география дүниені танып – білудегі мектептегі оқулықтың бірі.
Географиялық білімнің мақсаты – оқушыларға географиялық білім жүйесінде және олардың әр қилы жағдайларда шешім қабылдай алуға үйрету болып табылады.
Мектеп географиясында оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни ол былай анықталады:
1) Бұл пәнді оқу кеңістіктегі ойлаудың негізін, яғни «жер», «аудан», «территория». Ұғымның мәнін анықтауға, табиғаттың дамуы, шаруашылықтың дамуы, халықтың даму аспектісін анықтайды;
2) Географияны оқу әрбір адамның қоршаған қарым – қатынасын, геоэкологиялық танымын қалыптастыруға, экологиялық мәдениетін одан әрі дамуына ықпал етеді;
3) Географияны оқыту арқылы кейбір экономикалық білімді, еңбекке қабілетін қалыптастыруды ұйымдастырады;
4) Географияны оқу барысында – оқушылар карталармен жұмыс жасауға үйренеді.
Мектеп оқушысына географиялық білім берудің мақсаты – оқушыға географиялық білім мен біліктілікті меңгертуге, оны әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйрету.
Ұзақ жылдар бойы географиялық білімнің негізгі мақсаты – оқушының ғылыми білімді қоршаған орта туралы алуы болды. Ол кезде оқушыға айналаны өз еркімен танып - білуге көмектесу міндеті тұрды. Танып – білудегі объект мектеп емес, өлі және тірі табиғат арқылы білу қажеттігі дәлелденді. Осы уақытқа дейін мектеп географиясының мақсаты ғылымның негізі туралы білім қалыптастыру бағыты болып келді, сондықтан үнемі оның ғылыми деңгейі көтеріліп, қарастырылды. Сондықтан пән «ғылыми тәрізді» болды, оны игеру оқушыға қиын болды, оған деген қызығушылық төмендей берді. Қазіргі уақытта географиялық білім оқушыларды әр түрлі ақпараттарды пайдаланып, оларды картада бейнелеуге, жергілікті жерді бақылауға, өз аймағына өлкетанулық жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.
Географиялық білімнің мақсаты, олар өздерінің міндеттерін орындауды көздейді.
Мектеп географиясының міндеттері мен мақсаттары кең әрі алуан түрлі. Олар: теориялық ой - өрісі және қолданбалы.
1) Оқушылардың қазіргі географиялық кеңістікті әр түрлі деңгейінде игеруі, яғни әлемнің географиясының бейнесі туралы білім қалыптастыру;
2) Географиялық қабықтағы өтіп жатқан геосаяси және басқа да табиғи, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік үрдістер туралы ұғымды қалыптастыру;
3) Оқушылардың табиғат, халық және шаруашылық туралы білім жүйесін меңгеруді ұйымдастыру;
4) Табиғат пен қоғамның бір - біріне әсерінің, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ерекшеліктерінің маңызын ашу;
5) Табиғат компоненттерін, табиғи кешеннің дамуы мен құрылысының заңдылықтарын, олардың бір – бірімен байланыстарын қарау;
6) Оқушылардың өз бетінше географиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуін дамыту, табиғатқа және өндіріске бақылау жүргізу;
7) Оқушыларды географиялық ғылымның негізгі әдісімен таныстыру, олардың танымдық және практикалық біліктілігін (бақылау, қоршаған ландшафтты эстетикалық қабылдау) қалыптастыру.
Сонымен, географиялық білімнің мақсаты өте кең және оның міндеті өте алуан түрлі. Бұл – болашақ ұрпақты тәрбиелеудің сенімді негізі болып табылады.[5]
Оқушыларды ынталандыру, географиялық білімдердің құндылығын түсіндіру, оларды меңгеруі үшін қосымша материалдардың маңызы зор. Оқушылардың ынталарын қалыптастыратын қосымша материалдарға мыналарды жатқызуға болады.

  • Географиялық білімнің адам өміріндегі рөлі.

  • Табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің адам тіршілігі мен шаруашылығындағы маңызы, табиғатты қорғау және оны ұтымды пайдалану жолдары. Қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқушылар жергілікті жер материалдарын пайдалануды керек етеді.

  • Географиялық білімді күнделікті тиімді пайдалана білу, өз жеріндегі табиғатты, шаруашылық және экологиялық жағдайды бағалауға септігін тигізеді.

  • Туған өлкеге дүние жүзінің географиялық бөлігі ретінде қарау. Өз өлкесінің табыстарын мақтаныш ету және оның проблемаларын шешуге өздерінің үлестерін қосу.

  • Ақпараттардың алуан түрлі көздерін карталармен, географиялық суреттемелермен, сипаттамалармен баға бере білу іскерлігін шыңдау.

  • Географиялық білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып үйрену, географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру.

  • Қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушы білімін күнделікті өмірге, тіршілікке қолдана білуді, географиялық, саяси-экономикалық ақпарат көздерін, карталарды, еңбек пен тұрмысқа қажетті міндеттерді шешу үшін есептеуіш техниканы пайдалана білуді, тұрған жеріндегі табиғи шаруашылық жағдайды бағалай білуді меңгеру.

  • Оқушылардың байқағыштығын, есте сақтау, қиялдау, азаматтық бейнесін жасау, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шынайы көзбен қарау, өзін және білімін жетілдіріп отыру, қабілеттерін дамыту.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер мұғалімдердің жұмысына биік талаптар қояды. Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, оқушыны ізденіске, шығармашылық зерттеуге тартып, жеке тұлғаны қоғам талап етіп отырған деңгейде оқытуға, тәрбиелеуге тиіс.
Географиядан оқыту құралдарын жүйелеу – географиялық объектілер мен құбылыстардың бейнелеу әдістеріне негізделеді. Бұл жүйелеу географияны оқыту практикасында қолданылады. Қазіргі уақытта компьютерлерді қолдану арқылы жаңа ақпараттық технологиялар оқыту құралдарының негізін құрайды. Арнаулы компьютерлік бағдарламалар, оқыту құралдары, электрондық тасымалдау құралдары жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет