Смагулова рая абжановна



бет2/3
Дата21.09.2022
өлшемі94,6 Kb.
#150204
1   2   3
Байланысты:
SHymkent-NISH-FMN-teacherpublic-746

2. Эпитет – шығармаларда суреттелетін нәрсеге автордың тікелей эмоциялық қарым-қатынасы мен көзқарасын көрсететін көркемдегіш тәсіл. Эпитет жазушының суреттеген құбылысымен белгілі жағдай, кезеңдермен
байланысты боп отырады. Қуанышты, шаттық, жігер туғызу үшін жазылған
әңгімелерде эпитет бір түрлі, қапалы, көңілсіз өмірді суреттеу үшін екінші
түрлі эпитет қолданылады. 
10-сыныпта оқушылар әдеби мәтіндерден эпитеттің адамның, не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету үшін қолданылатынын түсінбей, кейде метафорамен шатастырды. 10Ғ сынып оқушылары Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романынан үзінді оқыған кезде адамның ішкі сезімін, көңіл-күйін, сыртқы мүшелерімен салыстыра суреттеген «қараңғы ойлар басып», «киімі де қоңырлау», «таңқы танау» секілді эпитеттерді таба алды. Сондай-ақ, эпитеттің көбіне сын есімдер мен субстантивтенген зат есімдерден, тіпті есімшелерден де жолатынын дәлелдеп берді. Ал 7Ғ сынып оқушылары Б. Соқпақбаевтың «Сарнауық жеңгей» атты әңгімесінен «уытты тілін», «бәтуасыз, ғайбат сөз», «қой тастардың» деген эпитеттерді тауып, жазушының не үшін қолданғанын да түсіндіріп өтті. Осы тақырыпқа орай жеңгейдің образын көріктеуге берген 1 минуттық тапсырманы орындағанда өздері білетін басқа да эпитеттерді пайдаланған.
3. Метафора – құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады, сондықтан оны ажырату үшін сөздің тура мағынасын жақсы білу қажет. Мысалы, өзім сабақ беретін 7Ғ сыныбында «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бөлімі бойынша өтілген Б.Соқпақбаевтың «Сарнауық жеңгей» атты әңгімесінен «көздері бақырайған, жақ сүйектері шығыңқы, екі беті солыңқы», «сарнауық», «зығырданы қайнап»; «Жеңіс күні» бөлімі бойынша өтілген Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесінен «қанішерлер», «тағылық» сияқты метафораларды жұптаса отырып таба алды. Бұдан кейін Мәншүкке хат жазу кезінде осы сабақта танысқан метафораларды орынды қолдана алған.
4. Метонимия (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану.
7Ғ сыныбының оқушылары Шәкен Күмісбайұлының «Солақай» әңгімесінен «қараторы басын шайқап» деген тіркестегі «қараторы» сөзімен тіркесетін «адам» сөзінің жасырын тұрғанын дәлелдеді. 4-тоқсанда Күләш Ахметованың «Пәк табиғат таратып» өлеңінен «таратып бар асылды» деген тіркестегі «асыл» сөзінің бұл жерде «зат» сөзімен тіркесу керектігін айтып берді. Бұл тәсілді қолдану оқушыларға өте қиынға соғатыны қоршаған ортаны қорғауға байланысты «Табиғатты қорғайық!» атты эссе жазған кезде байқалды.
Жоғарыдағы жасалған іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымда оқушыларға көркемдегіш тәсілдердің жазылым жұмысының мазмұнын ашатынын жете меңгерту арқылы әңгіме, эссе, баяндама, т.б. жазу барысында көбірек қолдануды әрі қарай жалғастыра беру керек деген қорытындыға келдім.
Мен өзімнің жаңаша тұрғыдан жүзеге асырып жатқан іс-тәжірибелерімді сараптап, өзімнің күшті жақтарым мен әлсіз тұстарымды анықтадым. Мен қолымнан келетін бар мүмкіндікті тағы да пайдаланып көру керектігін ой елегінен өткіздім. Осы арқылы атқарып жатқан әрекетіме рефлексия жасап, өз тәжірибемнің жетістігі мен кемшілігіне талдау арқылы баға беріп, алдағы уақытта нені ескеру керектігін білдім. Мұғалім үшін іс-әрекеттегі зерттеу – білім беру мен тәжірибені одан әрі жетілдіру және оқуды жалғастыру тәсілі.
Қорыта келе, шәкірттеріміздің бойында ХХІ ғасырда зерттеу, мәселені шешу, сыни ойлау, өздігінен білім алу, ынтымақтастық, ақпаратты өңдеу, креативтілік, практикалық дағдыларын қалыптастыруда көркемдегіш тәсілдерді орнымен қолдану шешендік сөздің негізін қалайтынына көзім жетті. Сол себепті сабақ барысында балалардың бойында айтатын ойымызды көркемдегіш тәсілдермен жеткізу керектігін сіңдіруіміз қажет. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ»,- деп айтқандай, алдымыздағы жас ұрпаққа сапалы да саналы білім, ұлттық тәрбие беру – әрбір ұстаздың ең басты парызы екенін ешқашан ұмытпауымыз тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет