Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақ құрылымы туралы түсінік



бет14/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары
140616, ТАРИХ СРСП ОРЫНБЕКОВА БОТАКОЗ, кесте тарих, 55 сабақ Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру 2
^ 8.2.Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақ құрылымы туралы түсінік.

Сабақ құрылымы мен оқу жұмысының ұйымдастыру формасы ішіне қазіргі заманғы сабақтың теория мен практикасының негізгі түсініктері жатады. Себебі ол белгілі дәрежеде оқытудың тиімділі мен оның нәтижелілігін анықтайды. Сабақтың қандай элементтер мен бөліктер құрылымдық деп есептелінеді, қайсысы есептелінбейді? Бірақ та бүгінгі таңда педагогика ғылымымында бұған бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбірі сабақ элементі сияқты практикада жиі кездеседі: 1) жаңа материалды меңгеру, 2)өткенді бекіту, 3)оқушылардың білімін тексеру мен бағалау, 4)үй тапсырмасы, 5) білімнің тұжырымы мен жүйелілігі (см. Зотов Ю.Б. Организация современного урока. М., 1984). Басқалары -сабақтың мақсаты оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері мен тәсілдері; оқу әрекетін ұйымдастыру әдістері (см. Кириллова Г.Д. Теория и практика урока в условиях развивающего обучения. М., 1980). Бұл сұрақты басқаша да түсінулер бар. Мысалы, "шын оқу үрдісінде тұрақтыларын бөліп көрсету нәтижесіз бос іс. Оқу үрдісі мен мұғалімді сабақ үлгісімен ғана шектеп қою оқу үрдісінің өзіне зиян келтіреді. Бұл зиянның болуы

оқытудың меңгеру тәсілдерше, әдістерше сай мазмұнның әр түрлершің есептелуінен, оқу материалының сипатын жылдам өзгертуден деп білеміз (Дидактика средней школы Шод.ред. М.Н. Скаткина 2-е изд. М, 1982, с.230).

Ия, сабақтың құрамына - материалдың мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары, басқару мен оқу қызметіне бақылау жүргізу тәсілі, техникалық құралдар, оқу құралдары, өз бетінше жұмыс істеу үшін арналған дидактикалық материалдар, бірақ, осылардың барлығы сабақ бөліктеріне жатады ма? Әрине, жоқ! Сабақтың мақсаты да сабақ бөлігіне жатпайды. Дегенмен, сабақтың тұрақты бөліктері болмайды дегенменде келісу қиын. Бұл жерде сабақтың құрылымы аралас сабақтың өткізу тәртібімен шатастырылып тұр. Аралас сабақ мектеп практикасында мұғалімнің кез-келген шығармашылығын тоқтатып келді.

Ғалым педагогтардың көзқарасы сабақтың құрылымы мәлімсіз, өзіне тән нәрселерден айырылған, ойламаған жерден болған, кездейсоқ деген нәрселер бола алмайды деген жағдайда түйіседі. Ол "оқу үрдісінің заңдылықтарын шынайы және оқу үрдісі логикасы ретінде қарау: білімді меңгеру үрдісінің заңдылықтарын ішкі психологиялық құбылыс ретіндегі жаңа білімді меңгеру логикасын, жеке тағым тәсілдері ретіндегі оқушының өзіндік танымдық әрекетінің заңдылықтарын; педагогикалық үрдістің мәнінің сыртқы көрініс ретіндегі мұғалім мен оқушының әрекет түрлерін көрсетіп тұруы қажет (Махмутов М:И. Современный урок М,1985.с.92).

Сабақ элементтері өз қызметінде осы заңдылықтарды бейнелейді, олар:өзекті ету жаңа - мыналар: өзектілік, жаңа түсініктер мен әрекет әдістерін қалыптастыру және өткенді қолдану. Шын педагогикалық үрдісте бұлар оқу үрдісінің кезеңдері, әрбір сабақта қатысушы дидактикалық міндеттер, және сабақтың дидактикалық құрылымының бөліктері бола алады. Дәл осы бөліктерді компоненттерді мұғалім оқушыларға сабақ түсіндіру барысында жаңа білім беру үшін, жаңа дағдылар мен икемділіктер қалыптастыру үшін қолданады. Бұл байланыстар мен өзара әрекеттердің сипаты оқыту үрдісінің логикасымен оқушының білмеуден білуге жылжыуымен, кез-келген жаңа білімнің бұрынғы білімдерді өзектендіру арқылы қалыптасуымен, оқушының оқу әрекетіне білім мен тәжірибесін пайдаланумен ерекшеленеді. Сабақтың дидактикалық құрылымы ретінде қолданудың мақсаты мен нәтижесі оқушыларды біліктерімен дағдыларының қалыптасуы болып табылады.

Сабақтың құрылымдық бөліктерінің өзара әрекеті - ақиқат нәрсе. Оқыту үрдісі мұғалім әрбір бөліктің жеке алғанда және оның сабақтың басқа бөліктерімен өзара әрекеттесу қызметінің бірлігін түсінгенде ғана тиімді болады. Жаңа білімдердің қалыптасуы тек бұрынғы бар білімдерге сүйенгенде, ол дағдылар мен іскерліктерді жаттықтыру жаңаны меңгергенде ғана мұмкіндік болады. Бұл жағдайда олардың реті әр сабақта әр түрлі. Бұл жөнінде М.И. Махмутовтың еңбегінде толығымен айтылған. Сабақ бұрынғы материалды қайталаудан емес, мұғалімнің түсіндіруі немесе мәселелік жағдаят, жасау бұрынғы мәселелерді шешу болжамын ұсыну барысында жаңа түсінікті енгізуден басталуы мүмкін. Ұсынылған болжамды дәлелдеуде сабақтың басында алдыңғы сабақта оқылған білімді қолануға қажет өзектендіру жүруі мүмкін ( Махмутов М.И. Современный урок М, 1983, с.94.). Сабақтың құрылымына осылайша қарау сабақтарды жүргізуде мұғалім әрекетінде біркелкілікті жояды, мұғалімнің шығармашылық шеберлігін кеңейтейді. Аралас сабақты өткізудің кәдуілгі реті - ұйымдастырудың сәті, үй тапсырмасын тексерту, өткен материалды оқушыдан сұрау.

Сабақтың әдістемелік құрылымы, бұны мұғалім дидактикалық құрылымға негіздеп жасайды. Мұғалім бір сабақтың үстінде сабақ түсіндіріп те, сұрап та, оқушыларды бағалап та үлгереді. «Осының бәрі көрсеткендей сабақта тек бір түрлі» сабақ жүргізуге болмайды. Сабақ әдістемелік құрылымы дидактикалықтан өзгеше. Сабақ әдістемелік құрылымы оқытудың негізгі кезендерін көрсетеді және сабақты ұйымдастыру сипатын айқындайды. Сонымен, егер сабақтың дидактикалық құрылымы тұрақты болса, онда ол мұғалім әрекетіне керек жалпы жазылымдар, сабақты ұйымдастырудың жалпы

аморитмі болып табылады, ал сабақтың әдістемелік құрылымы әрекеттің жатығу орындау, есептер шығару, оқушылар жауаптары; сәйкес әдістер мен құралдарды пайдаланып материалды түсіндіру; мұғалімнің басшылығымен немесе өз бетінше практикалық және оқу міндеттерін шешу сияқты нақты әрекет түрлерін жоспарлау керек.

Сабақтың әдістемелік жобасын жасағанды мұғалім мақсатқа жету үшін жаңа білімдер алу мен бұрынғы білімдерді еске түсіру мақсатында ынталандыру; психологиялық хал - ахуал, балардың жас және ерекшеліктерін ескеру маңызды рөл атқарады. М.И. Махмутовтың пікірінше, сабақтың дидактикалық құрылымы мен сабақтың әдістемелік кіші құрылымы арасындағы ішкі логикалық - психологиялық құрылым болып табылады ( см. Махмутов.М.И. Современный урок. М. 1985. гл. 111). Бұл жерде, әрине, оқыту үрдісінде меңгеру үрдісін тұтас дидактикалық жүйе ретінде айту керек. Бірақ бұл үрдістер сабақтың қайсыбір құрылымын құрамайды және оқыту мен білім алудан тұратын сабақтың әдістемелік ішкі құрылымынан тұрады.

Қорыта келгенде осы әдістердің негізгі мақсаты мұғалім алдына қойған мақсатын жүзеге асыра білуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет