Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы



бет2/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары
140616, ТАРИХ СРСП ОРЫНБЕКОВА БОТАКОЗ, кесте тарих, 55 сабақ Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру 2
формасы деген не? түрі, құбылысы, типі, құрылымы, құрастырылымы деп

түсіндіріледі. Форма бұл сыртқы түр, сыртқы белгілер, белгілі бір орнатылған тәртіп. Кез-келген заттың, үрдісітің, құбылыстың формасы өзінің мазмұнын шартты байланыста, өз кезеңінде оған кері әсер етеді. Философиялық энциклопедияда "форма - мазмұнының ішкі ұйымдасырылуы". "Форма заттың тұрақты байланыстырының жүйесін қамтиды деген" анықтама берілген (Философская энциклопедия Т.И. М., 1970, с.383). Сонымен форма құбылыстың элементтері мен үрдістерінің өзара және сыртқы жағдайларымен әрекеттесуі, ішкі байланысы және ұйымдастыру тәсілін көрсетеді. Форма салыстырмалы түрде дербестікке ие, ол дербестік күшейген сайын бұл форма өмір тарихын үлкейте түседі.




Оқуға қатысты алсақ, форма - оқыту үрдісінің арнайы құрастырушысы. Бұл құрастырушылық сипаты оқыту үрдісінің мазмұнымен, әдістерімен, тәсілдерімен, оқушылар әрекеті түрлерімен анықталады. Бұл оқытудың құрастырушысы педагогикалық болмыста мұғалімнің оқушылармен белгілі бір оқу материлымен жұмыс істеу барысында өзара әрекет, қрым-қатынас түрінде мазмұнның ішкі

Бұл мазмұн оқу үрдісінің даму негізі қызмет құралы болып табылады, өзінің қозғалысы бар және оның шексіз даму мүмкіндігі оқытудағы даму жетекші рөл атқарады.

Демек, оқытудың формасын оқушылардың оқу материалдарының белгілі бір мазмұнын және әрекет тәсілдерін меңгеруге бағытталған мұғалімнің басқару әрекетімен оқушы басқарушы оқу әрекетін үйлесімді іске асырушы оқыту үрдісінің циклдерінің, бөліктерінің құрастырылымы деп түсіну керек. Оқыту циклдерінің сыртқы түрін, сыртқы белгілерін көрсете отырып форма олардың тұрақты байланыстарының және оқытудың әрбір циклінің компоненттерінің байланыстарының жүйесін көрсетеді және дидактикалық ұғым ретінде оқушылар санына, оқыту уақыты мен орнына байланысты оқыту үрдісін ұйымдастырудың сыртқы жақтарын білдіреді. Бұл жағдайда кейбір ғалым педагогтар, жеке алғанда М.И.Махмутов педагогикада "форма" сөзі арқылы жасалған "оқыту формасы" және "оқытуды ұйымдастыру" формасы деген екі терминнің айырмашылығын көрсету қажеттігі бар деп есептейді. Алғашқы айырмашылығын "оқыту формасы" оқушылардың ұжымдық жалпы және жеке жұмыстары екендігімен көрсетеді. Бұл мағынада "оқыту формасы" термині "оқыту ұйымдастыру формасының" сабақтық белгілі бір түрін, сабақ, пәндік үйірме және т.б. көрсететінімен ажыратылады. (Махмутов М.И. Современный урок М., 1985, с.49). "Ұйымдастыру" терминін педагогикалық түсініктемесінің мәні неде?

В.Дальдің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, "организовать или организировать" деген сөздер орналастыру, тәртіпке келтіру, құрастыру, құру, қатарлатып негіздеу дегенді білдіреді. "Философиялық энциклопедияда" ұйымдастыру дегеніміз "реттеу, ретке келтіру, материалдың немесе рухани қайсыбір объектіні жүйеге келтіру, қайсыбір объектінің бөліктерінің арақатынысын үйлестіру (Философиялық энциклопедия. М., 1970, Т4, с.160). Одан әрі, ұйымдастыру түсінігінің табиғи және әлеуметтік орта объектісінде қатысы бар және ұйымдастыруды қайсыбір тұтастықтың элементтерінің орналасуы мен өзара байланысы ретіндегі екі мағынасы басым көрсетілген. (Сонда, 160-161беттер). Осындай "ұйымдастыру" терминінің түсіндірмесіне сүйене отырып И.М.Чередов оқытуды ұйымдастыру формасы мұғалімнің материалдық белгілі бір мазмұнымен жұмыс жасау барысындағы оқушымен өзара әрекеттесуін "реттеу" орнына келтіру, "бір жүйеге келтіру", деп дұрыс айтқан. Оқытуды ұйымдастыру өз алдына мұғалімнің оқушының өз әрекетін тиімді басқаруын қамтамасыз ету мақсатында қояды. Үрдіс дамушы жүйе ретінде дұрыс та оңтайлы құрылса нәтижелі болады. Оқытуды ұйымдастыру мұғалімнің басшылығымен оқушының оқу жұмысының тиімділігі қамтамасыз ететін нақты формаларды құрастыруды білдіреді. Міне, осындай ұйымдастырудың бір мысалы. Сабақ белгілі бір тапсырма тұрғысынан оқулық тармақшасын оқудан өз сұрақтарын жазып алудан, өздеріне түсініксіз сұрақтарды тізуден басталады. Өз кезінде мұғалім бұл сұрақтарды жинайды, жіктейді, сұрақтардың сапасын, тереңдігін, мазмұндылығын атап көрсетеді. Олардың алдыңғы өткен тақырыптармен, басқа оқу пәндерімен, өндірістің, экономиканың, мәдениеттің, өмірдің мәселелерімен байланыстырады. Әрбір оқушы жаңа материалмен өз темпіне танысқан соң, оқушылардың сұрақтары нақтыланады және талқыланады. Ол сұрақтарға даярлығы мол оқушылар жауап береді өзіне таныс оқыту әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, сонан — соң практикалық сабақтар -жаттығулар, есептерді шығару, зертханалық жұмыстар басталады. Бұл жағдайда ол осы жастағы балаларға керек іскерлік қатынастарды кеңейтіп шығармашылық топтар құрып, әлсіз оқушыларға күшті оқушылардың көмегін ұйымдастырады. Практикалық жұмыстардың қорытындылары бойынша бағалар қойылады. Тапсырманы орындай алмағандар оқытылып отырған тақырып материалын сабақтан тыс уақытта мұғаліммен, күшті оқушылармен бірге жасайды. Оқу сабағының бұл аптасында оқушылардың оку әрекетін ұйымдастыру, оқытуды ұйымдастыру формасы ашық көрініп түр.

Оқу жұмысын ұйымдастырудың келтірілген, оқытудың бірғана формасы (мысалы, сабақ) оқытушы ұйымдастырған оқу жұмысының міндеттері мен әдістеріне бағынышты

түрлі құрылым мен өзгерістерді иемдене алады екен. Бұған оқытуды ұйымдастыру формасының даму тарихы дәлел бола алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет