Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Оқушылардың сабақ оқыту барысындағы оқу әрекеттің ұйымдастырылуы



бет21/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары
140616, ТАРИХ СРСП ОРЫНБЕКОВА БОТАКОЗ, кесте тарих, 55 сабақ Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру 2
8.3. Оқушылардың сабақ оқыту барысындағы оқу әрекеттің ұйымдастырылуы

Түрлі типтегі сабақтың құрылымдарын ең тиімді қолдану жолдарын іздестіруде оқушылардың сабақ барысындағы оқу әрекетінің ұйымдастырылуы формасы ерекше маңызды болып табылады. Педагогикалық әдебиет пен мектеп тәжірибесіне негізінен үш формасы бар - жаппай, жеке және топтық. Алғашқысы - мұғалімнің басқаруымен сыныптың барлық оқушыларының бірігіп әрекет істеуін көрсетеді, екіншісі - әр оқушының жеке өзінідік жұмысы; топтық - оқушылар 3-6 адамнан тұратын топпен немесе екеуі бірге жұмыс істейді. Топқа берілетін тапсырма бірдей немесе әртүрлі болуы

мүмкін. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың бұл формалары И.М.Чередов, Ю.Б. Зотов, Х.И.Лийметс, М.Д.Виноградова, И.Б. Первин, В.К.Дьяченко, В.В. Котова, И.Э.Унт, М.Н.Скаткина және т.б.еңбектерінде берілген. Бұл еңбектердің әрқайсысының авторлары ұйымдастыру формаларын басты дидактикалық қарым-қатынас -оқыту мен білім алу байланысы бейнелейді деген пікірде. Оқушының оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының әрқайсысы нені білдіреді? Оның әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері неде? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін бәрін жеке қарастырайық.

Оқу әрекетін ұйымдастырудың жаппай формасы.

Оқушылардың оқу әрекеті ұйымдастырудың жаппай формасы деп - мұғалім мен оқушылардың сыныптағы қызмет түрін, яғни оқушылардың бірдей тапсырманы барлығы бірге талдап, бірдей орындауы және қорытындыларын салыстыруын айтамыз. Мұғалім жұмысын бір уақытта барлық сыныппен жүргізеді, ол яғни оқушылармен тікелей байланыста болып, түсіндіру, көрсету айту кезінде, оқушыларды осы тақырыпты қызықты етіп талқылауға баулиды. Осындай әдіс нәтижесінде мұғалім мен оқушылар арасында, оқушылар мен окушылар арасында сенімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді, балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелейді, оқушылар талдау мен сөз таластыру барысында жолдастарының және өз қателерін түзеп үйренеді, бұл олардың әрекеттерінің белсенді болуына көмек береді.

Осы істерді жүргізіп отырған мұғалім болғандықтан, ол барлық оқушыларға алдын ала жоспар жасап, әртүрлі оқу жағдайларын жасау оқушылардың сұрағына жауап беру үшін. Өз ойьш айтқысы келгендерді тыңдай білу, талқылау барысында оларға оң бағыттағы ой қосу - осы мұғалімнен талап етілетін нәрселер. Осындай араласу үстінде оқушылардың қаншалықты терең ойлары қалыптасады. Әр оқушының ойлау деңгейі әртүрлі болғандықтан мұғалім олардың деңгейіне қарай сауалдар қоюы керек. Сабақ кезіндегі мұғалімнің жаппай әдісті қолдануы - балаларға белсенді тыңдауға, өз ойларымен, білімдерімен басқалармен бөлісуге, өзгелердің ойларын тыңдауға, қателерін түзетуге мүмкіндік береді. Осы кезде сабақта ұжымдық ойлау байқалады. Оқушылар үнемі бірге емес, жалғыздан отырып тапсырмаларын орындаса да, соңында топпен талқылау жүргізеді. Мұғалім, оқушылардың сабақтағы әрекеті ұйымдастырудың жаппай формасын қолдана отырып, бүкіл сыныпқа еркін әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Олардың дара ерекшеліктеріне мән бере отырып оқушылардың әрекетінің тәртібін жасайды.

Бұның барлығы сөзсіз оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай формасының артықшылықтары болып есептелінеді. Сондықтан да топтық оқыту жағдайларындағы оқушылардың оқу әрекетіне оқытуды ұйымдастырудың бұл формасы ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын және қазіргі заманғы мектеп жұмыстарында кең тараған әдіс.

Оқытуды ұйымдастырудың жаппай формасы әртүрлі сұрақтарды көтеру, ақпараттық және түсіндірмелі шығарма және репродикті, шығармашылық тапсырмалар арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының жұмысқа деген белсенділігін көтеруге болады. Мұғалім тапсырмаларды әр оқушының дара мүмкіншіліктеріне қарай бөліп, оқушы мен мұғалім арасында достық қатынас орнатып, сыныпты біріге отырып табысқа жетуге баулу керек.

М.И. Чередов мен Ю.Б. Зотов секілді ғалым-ағартушылар оқу жұмысының жаппай формасының бірнеше кемшіліктері бар екенін айтады. Бұл әдіс табиғаты бойынша абстрактілі оқушыға бағытталған. Бұндай жұмыстар барысында оқушылардың бірдей тегіс болуына, жұмысқа деген жылдамдықтарының бірдей болуына, өзіне ғана тән дара мүмкіншіліктерін көрсете алмауына алып келеді. Нашар оқитын оқушылар тапсырмаларды жай орындайды, материалды нашар қабылдайды, оларға мұғалімнің көп көңіл бөлуін талап етіледі. Ал жақсы оқитын оқушылардың жағдайы керісінше болады. Жақсы оқитын оқушылар тапсырманың санының көп болуын емес, шығармашылық жұмыстардың көп болуын қажет етеді. Сондықтан да оқушылардың оқу әрекетінсіз мүмкін болғанша қызметінің максималды тиімді болуы үшін осы формамен қатар оқу

жұмысының басқа да формаларын қолдану қажет. Ю.Б.Зотовтың айтуы бойынша материалды жаңадан меңгеру кезінде жаппай жұмыс тиімді, ал оларды меңгеру, әртүрлі жағдайларда қолдану үшін дара жұмыстар жасаған жөн дейді. Мысалы зертханалық жұмыстарды да жаппай жұмыс ұйымдастырады. Алайда оларды да әр оқушының барлық даму мүмкіншілігіне қарай жүргізу керек. Мысалы, жұмысты күрделілігі әртүрлі дәрежедегі сұрақ- тапсырмаларға жауаппен аяқтауға да болады. Сондықтан да сабақ кезінде әртүрлі оқу формасы жүргізілуі керек деген қорытынды жасауға болады. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысы ұйымдастырудың даралық формасы.

Бұл форма дегеніміз - әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған, тапсырманы өз бетімен орындайды дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде - кітаппен жұмыс, басқа да ғылыми әдебиетпен жұмыс, әртүрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, шығарма жазу, мазмұндама, реферат, баяндама даярлау болуы мүмкін. Дара жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолданылады.

Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық формасының екі түрі ерекшелінеді: дара және дараланған. Алғашқысы - жалпы сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай отырыпбір темпке орындауы, екіншісі - оқушылардың оқу- танымдық әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып табылады. ОЛ әрбір оқушының оқу қарқыны реттеуге оның даярлығына, оқу мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндік береді.

Сонымен, оқушылардың сабақтағы оқу әрекетін ұйымдастырудың дара формасын жүзеге асырудың ең тиімді жолы болып -сараланған дара тапсырмалар, әсіресе балаларды механикалық жұмыстан босататын жазба тапсырмалар, және осыған байланысты уақытты үнемдей отырып өз бетімен жұмыстың уақытын көбейтеді. Алайда бұл жеткіліксіз. Осы тапсырмалардың өтуі барысында мұғалімнің қадағалауы өте қажет, оқушылардың тапсырманы орындау кезіндегі тап болған қиыншылықтарын жеңуге көмектесу керек. Бұл дегеніміз мұғалімнің нашар оқитындарға берілетін көмегі емес, ол олардың жұмыстарын қадағалайды, олардың дұрыс жолдармен шешуін көрсетеді, кеңес береді, ал егер даралық жұмыс барысында оқушының қатты қиналып отырғанын көрсе, даралық жұмысты бөліп, бүкіл сыныпқа толықтыру мақсатында түсіндіруге болады.

Дара жұмысты мақсатты түрде сабақтың әр сатысында жүргізілуіне болады: дидактикалық міндеттерді шешу кезінде, жаңа материалды меңгеру және қорыту кезінде, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру кезінде, өткенді қайталауда, бақылауда, зерттеу әдістерін меңгеруде қолданылады. Әрине, ең алдымен бұл әдісті оқушылардың өткен материалды бекіту кезінде және қайталау кезінде қолданған өте тиімді. Сонымен қатар баланың өзбетімен алдын-ала материалды меңгеруінде де тиімді. Мысалы, әдеби шығарманы оқығанда әр оқушыға немесе топтағы оқушыларға дара тапсырма, яғни шығармаларды алдын-ала оқып келуге беруге болады. Ол, яғни, жалпыға бірдей әдеби шығармалар оқу. Оқу барысында оқушылар «өз» сұрақтарына жауап дайындайды немесе «өз» сұрақтарын дайындайды. Бұл жерде мына екі жағдай өте маңызды:


  1. әр оқушы өзінің мүмкіншілігінше жұмыс жасайды;


  2. әр оқушы шығарманың қажетті қорытындыларын жасайды.


Ал сабақта оқушы жаңа материалдың өзіне берілген бөлігін түсіндіреді. Оқушының дара жұмыстарының дербестігінін; дәрежесі бұл ретте әртүрлі "Алғашында оқушылар алдын-ала жаппай талданған тапсырманы үлгі бойынша немесе толық нұсқауға сүйеніп орындайды. Оқу іскерліктерін меңгеру барысында дербестік дәрежесі өсе береді: мұғалімнің араласуынсыз-ақ жалпы тапсырмаларды орындай алады. Мысалы, жоғарғы сыныптарды мұндай тапсырманы алған соң әрбір оқушы жұмыс жоспарын жасайды, материалды, құралдарды, приборларды, жиыстырады, белгіленген ретпен қажетті қимыл әрекетін орындайды, жұмыс нәтижелерін белгілійді. Біртіндеп зерттеушілік сипаттағы жұмыстың үлес салмағы арта түседі." (Дидактика средней школы. 2-е изд. М, 1982 с, 238).

Нашар оқитын оқушыларға мынадай жүйелі тапсырмалар беру керек: тапсырмалар мен есептер шешу үлгісі, әртүрлі алдын-ала жазылған алгоритмдер, -теорияны анықтайтын әртүрлі теориялық мәліметтер, құбылыс, үрдіс, үрдіс тетіктері және т.б. осындай етіп оқу жұмысын ұйымдастыру жүргізудің нәтижесінде әр оқушының өз мүмкіншілігіне қарай тапсырмаларды орындатып, олардың білімдерін тереңдетіп, бекіттіріп, дағдылар қалыптастырады. Даралық форманың артықшылықтары да осында жатыр. Сонымен қатар бұл форманың үлкен кемшілігі де бар. Оқушылардың дербестігін тәрбиелеу, ұйымдастыруға, көздеген мақсатына ұмтылу кезінде баланың басқалармен қарым-қатынасы шектеледі, өзінің ойын басқалармен бөлісе алмайды, ұжымдық жұмыстарға қатыса алмайды. Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы

Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері:


  • сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлінеді;


  • әр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе мұғалімнің басқаруымен шеінеді;


  • топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін дара бағалайтындай орындалады;


  • топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың үлкендігі әртүрлі. Ол 3-6 адамнан құрылады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топтың жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек.


  • топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәндерінде түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері бірін-бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуіне, оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта бірін - бірі ұнатпайтындар болмау керек.


  • біркелкі топтың жұмысты барлық оқушыға бірдей тапсырманы оқушылардың шағын топтары орындайды. Жұмыс барысында топ мүшелері жұмыстың барысымен нәтижесін талқылады, бір-бірінен кеңес алды. Тек осындай жағдайдарда" топ құрымында жұмыс жасай отырып оқушылар өз тәжірибесінде бірлесіп жоспарлаудың, міндеттерді бөлісудің, өзара араласудың пайдасына көзі жетті, - дейді М.А.Данилов. Оқушылар бір-бірімен жақындаса түсті, келісімді және үйлесімді әрекет жасауға, бірлескен жұмыстың нәтижесі үшін ұжымдық жауапкершілікті алуға үйрететін болды. Жұмысты ұйымдастырудың топтық формасы тағы да, әрбір оқушының қабілеттерін шығармашылық жарыстарды табиғи түрде дамытуға әсер етті" (Урок в восьмилетней школе).\ Под. Ред. М. А.Данилова. М.,1968). Оқушылардың топтардағы бірлескен жұмысы жеке оқушының тапсырманы дара орындауынан нәтижелі болды. Өйткені топ мүшелері бір- біріне көмектеседі. Ұжымдық жауапкершілікті өздеріне алады қайсы бір сұрақтарды оқып үйренгенде олардың алға жылжу қарқыны ретегенде әр оқушының жұмысы қөзге анық түседі.


Топтық форма бойынша жұмыс істеген кезінде сабақта топтық құрамындағы көмек қажет болған әр оқушыға басқа оқушылар немесе мұғалімдер жағына даралық көмек көрсетілді. Бұл жаппай және даралық жұмыс формасында барлық оқушыларға көмек көрсету мұғалімге қиын түсетінін көрсетеді. Мұғалім бір немесе екі оқушымен жұмыс істеп жатқан кезінде, басқа оқушылар өз кезегін тосып отырады. Ал жағдай топтық оқыту формасында басқаша болады. Топтағы оқушылар мұғалім мен мықты консультант-оқушылардың көмегін алады. Сонымен қатар көмектесуші оқушы да көп көмек алады, оның білімі анықталады, тереңдейді, өзінің сыныптасуына түсіндіру барысында оның білімі бекітіледі. Кеңесші топтың жұмыстың арнайы пән бойынша ғана басқарады. Басқа жағынан - ол топтың қатардағы мүшесі, ол одан жақсы дайындалған, көп ақпарат алған


сыныптас - кеңесшісінің басқаруымен жұмыс істеді. Кеңесшілердің ауысып отыруы жеке оқушылардың менмендігінің алдын алады.

Оқушылардың сабақтағы топтық формада жұмыс жүргізуі негізінен мақсатты түрде тәжірибелік жұмыс, зертханалық жұмыс, нақты - ғылыми пәндерде тәжірибе жүргізуде жүзеге асырылады, шетел тілі сабағында ауызекі тілді меңгеруде, мәтіндерді оқу кезінде, тарихи деректерді дамыту кезінде қолданылады. Осындай жұмыстардың барысында қорытындыларды талқылау, күрделі өзгерістер болып кеткен жағдайдағы кеңесшімен бірге жұмыс істеу барынша жүзеге асады. Осының бәрі үзіліссіз өзбетінше жұмыс жүргізу негізінде жүреді. Бұндай топтың ұйымдастыру кезінде топтың барлық мүшесі жұмысқа белсене араласады, әлсіздер күштілердің артында тығылып отырмайды, ал күштілер шешім шығарудың бәрін өз қолдарына алмайды. Топтық оқыту формасы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда - ұжымдық әрекет түрін көрсетеді, ол үшін жұмыстың барлық топ мүшесіне тиесілі бөлініп берілуі қажет, оқушылар бір-бірінің қорытындыларын тексеруі болады. Егер мұғалімнің бағыт беру әрекет жұмыс болмаса, тиімді жұмыс жасау мүмкін емес. Топтық жүмыс барысында әр оқушының оқу мүмкіншілігіне мән беріп, мұғалім мен оқушы арасында жақсы қатынастар орнаса үлкен табысқа жетуге мүмкіндігі бар.

Топтық жұмыс істеудегі оқушылардың табысқа жетуі мүғалімге тікелей байланысты. Мұғалім әр оқушы, әр топ мүшесі мұғалімнің көңіл бөліп отырғанын сезінуі керек дейді,- Т.А.Ильина. Олардың табысқа жетуіне қызығушылық таныту керек.

Сонымен, сабақтағы оқушылардың топтық әрекеті, В.В. Котовтың жұмысында көрсетілгендей(" Организация на уроках коллективной деятельности учащихся". Рязань, 1977), келесі элементтерден тұрады:

  1. Оқушыларды топтық тапсырманы орындауға алдын-ала даярлау, оқу міндеттерін қою, мұғалімге қысқы нұсқау беру:


  2. Топта оқу тапсырмасын орындауды талқылау және жоспарын жасау, оларды шешу тәсілдерін анықтау ( бағдарламалық әрекет), міндеттемелерді бөлу.


3. Оқу тапсырмасын орындау жұмысы.


  1. Мұғалімнің байқауы және топтың және жеке оқушылардың жұмысын түзету.


  2. Топтағы тапсырманың орындалуын өзара тексеру және бақылау.


  3. мұғалімнің талап етуімен оқушыныңалынған нәтижелер хабарламасы, мұғалімнің басшылығымен жалпы пікірталас, қорытынды тұжырымдарды жасау толықтыру және бағыт беру және мұғалімінің қосымша ақпараты.


7. Топтардың және тұтас сыныптың жұмысын жеке бағалау. Оқушылардың топтық


жүмысының жетістігі мүғалімнің шеберлігіне, оның өз зейініне бәле білуіне байланысты,
сонымен, әрбір топ, оның әрбір жеке мүшесі мұғалімнің қамқорлығымен, оқушылардың
жетістікке жетуіне дұрыс тиімді тұлға аралық қарым-қатынас орнатуға мүдделілігін
сезінуі керек. Мұғалім бүкіл өзінің мінез құлқымен жақсы оқитындардың да, сондай-ақ
нашар оқитындардың да жетістікке жетіуіне мүдделі екенін көрсетіп, оларға сенім
ұялатуы нашар оқитындарға сыйластық қарым- қатынасын көрсетуі керек. И.М:
Чередовтың зерттеулері оқушылардың топтық жұмысы олардың оқу танымдық әрекетін
басқаратын мұғалімдерге жоғарғы талаптар қояды. Ол пәнді жақсы меңгеруі келек,
оқушылардың топтық жұмысы үшін тапсырмаларды анықтау әдістемелік жетік игеруі
қажет. Оқылатын материалдағы басты қағидаларды бөліп қарап, әртүрлі топтардағы
оқушылардың ынтымақтастығын байқап жүруі керек. Оқушылардың өзара әрекетін
реттей отырып, мұғалім олардың түрлі оқу жағдаяттарындағы мінез-құлық ерекшеліктерін
біледі. Мұғалім кейбір оқушылардың тек басқаруды ұнататынын, басқалары бірлескен
жұмыстан бас тартатынын, үшіншілері қақтығыстарды рұқсат етілмейтін тәсілдермен
шешеді, немесе басқа істермен айналысады. Мұғалім осыларға баға беруші болады. Ол
оқу әрекетін керек арнаға салады. Оқу міндеттерін шешуде топтардың әрқайсысы қалай
алға жылжитынын көреді, жұмыс қарқынын реттейді, нашар оқитындарға назар аударады,
олардың белсенді әрекетке араласуына көмектеседі топтық оқу жұмысының формасының

сабақтағы артықшылықтары анық болады. Оқушылардың бірігіп жұмысы нәтижелері оларды жылдамдық жұмыс жүргізу әдісіне үйретеді, адамның жеке сапасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ топтық оқыту формасы керемет деп қарауға да болмайды. Оны жеке әмбебаптандыруға және басқа формаларға қарама-қарсы қоюға болмайды. Бұл формалар бір-бірін толықтырып қана тұрады.

Топтық формаға тиесілі бірнеше кемшіліктер де бар. Олардың ішіндегі ең негізгілері: топтар құрудағы және олардағы жұмыстарды ұйымдастырудағы қиындық, топтардағы оқушылар қиын материалды өз бетімен талдауға қиындықтарға ұшырап, кей-кезде уақыттарын да үнемдей алмаулары мүмкін. Нәтижесінде нашар оқитындар материалды күшпен игереді, ал жақсы оқитындар күрделі, жеке тапсырмалар орындауды талап етеді. Сондықтан да топтық формаға даралық форманы мен жаппай форма толықтырғанда ғана жақсы нәтижелер алуға болады. Оқытудың осы екі формасының үйлесімділігі, осы екеуінен оңтайлысын таңдап алу мұғалімнің оқу тәрбие міндеттеріне, оқу пәніне, мазмұнының ерекшелігіне, оның көлемі мен күрделілігіне, сынып мен жеке оқушылардың ерекшеліктеріне, олардың оқу мүмкіндіктері деңгейлеріне, мұғалім мен оқушының қарым-қатынастары стиліне, сенімділік орнаған сыныптан, бір-біріне көмек беруге үнемі дайын болуына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет