Сөж Екіншілік нейроинфекциялар Орындаған: Қамытаев ә


Этиологиясы және патогенезі



бет2/7
Дата18.09.2022
өлшемі1,42 Mb.
#149840
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СӨЖ Екіншілік Нейроинфекциялар Қамытаев Ә ЖМ505Б 1
8-наурыз
Этиологиясы және патогенезі.
Нерв жүйесінің зақымдануы бозғылт спирохетаның қанға, ми-жұлын сұйықтығына және ми ұлпасына енуіне байланысты. Неврологиялық көріністердің дамуына арнаулы емнің жеткілікті жүргізілмеуі, қатты шаршау, жарақаттану, алкоголизм, авитаминоз, т.б. факторлар ықпалын тигізеді.
Нерв жүйесінің сифилистік зақымдануының түрлері
І. Сифилистің мезодермалық түрлері.
    • Жасырын (симптомсыз) сифилистік мененгит тор қабық асты кеңістігіне бозғылт спирохетаның енуімен ми қабықтарында,нерв түбіршектерінде, нервтерде қабыну реакциясының дамуымен сипатталады. Клиникалық көріністері аздап бас ауыруы, бас айналу, кейде лоқсу, жалпы гиперестезия, нерв түбіршектерінің ауырсынуы байқалады. Диагнозды ликворда тұрақты лимфоцитарлық плеоцитоз, белоктың көбейуі дәлелдейді. Бұл өзгерістер дұрыс ем қабылдаған жағдайда білінбей кетуі мүмкін.
    • Шұғыл сифилистік менингит. Науқастарда кенет бас аурыруы, бас айналу, лоқсу, кейде құсу, көз қарығу пайда болады. Дене қызуы субфебрильді немесе 38-39º-қа дейін көтеріледі, менингеалдық симптомдар, кейде бас сүйек-ми нервтері зақымдануы пайда болады. Ми-жұлын сұйығы түссіз, жоғары қысыммен ағады және белок мөлшері көбейеді (0,6-1,2). Ауру әдетте жеңіл түрде өтеді. Арнайы ем әсерінен аурулардың жағдайы тез жақсарады.
    • Созылмалы сифилистік менингит. Ауру созылыңқы басталады, жалпы милық пен менингеалдық симптомдар айқын білінбегендіктен, аурудың басталғаны, бірнеше апта бойы байқалмайды. Патологиялық үрдіс ми табанындағы бас сүйек-ми нервтерін қамтиды – көз қозғалтқыш (қылилану, птоз, анизокория), бет (лагофтальм, мұрын-ерін әжімінің тегістелуі), есту (неврит), көру (нерв үрпісінің іркілуі, скотома, атрофия), үшкіл нервтерде өзгерістер (невралгиялық ауырсыну, бетте сезімділіктің бұзылуы) байқалады. Кейде көз қарашығы сфинктерінің сыртқы және ішкі еттерінің оқшауланған салдануы немесе парезі білінеді.

4. Сифилистік менингомиелит. Ауру түбіршек ауырсынуы мен арқа, құрсақ және парестезия пайда болуынан басталады. Оларға біртіндеп жұлынның зақымдану симптомдары қосылады. Кейбір ауруларда жұлын зақымдануы, басқаларында менингеалдық және түбірлік синдромдар басым білінеді. Ми-жұлын сұйығындағы өзгерістердің сифилистік менингиттен айырмашылығы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет