Сөж металқұрамды пломбылық материалдар



бет2/3
Дата09.06.2023
өлшемі1,46 Mb.
#178543
1   2   3
Байланысты:
71818.odp
8 сынып Физика пәнінен мектепшілік олимпиада Школьный тур олимпиады по физике 2021-2022 — копия

Күміс амальгамасы көбінесе шайнау қысымы көп түсетін (пломбының беріктігін қажет ететін), эстетикалық сұранысты аса жоғары талап етпейтін тістердегі І, ІІ және азу тістердегі V кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін қолданылады.

Күміс амальгамасын қолдануға болмайтын кездер:

1. Амальгамаға жоғары сезімталдық немесе аллергия болған жағдайда;

2. Сынаппен созылмалы улануы (меркуриализм) бар болған жағдайда (кәсибі мамандығына байланысты);

3. Ауыз ішінде алтыннан және басқа металдардан жасалған ортопедиялық конструкциялар болған жағдайда;

4. Тісжегі қуысының қабырғалары өте жұқа болған кезде (жоғары температурадан көлемін үлкейткен кезде іштен әсер еткен қысымнан жұқа қабырғалар сынып кетеді);

5. Емдеу мекемесінде амальгамамен жұмыс істеуге жағдай болмаса (арнайы жабдықталған бөлмелер болмаған кезде).

Тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау бірнеше кезеңдерден тұрады:

  • a. тісжегі қуысын егеп-тазалау. Тісжегі қуысын егеп- тазалау қалыптасқан ереже бойынша орындалады және оған жәшікке ұқсас пішін береді. Пломбының жақсы бекуін қамтамасыз ету үшін қуыс қабырғаларында ретенциялық құрылымдар (жүлгелер, ойықтар) жасайды. Кіреуке жиегін 45° бұрышпен қиып тегістейді.
  • б .Аралық төсем салу. Амальгаманың жылу өткізгіштік теріс қасиеті бар. Мұның өзі ұлпаның ұзақ тітіркенуі әсерінен созылмалы қабыну тудыруы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде минералды цементтерден амальгама астына аралық төсем салынады, оның қалыңдығы 1-1,5 мм аспауы және кіреуке-дентин шекарасына дейін төселуі керек. Қазіргі кезде аралық төсем орнына бондинг жүйесін пайдалануға да болады. Тісжегі қуысының қабырғаларын адгезивті жүйемен жапқан кезде, пломбының жиектік жабысуы жоғарылайтыны жақсы дәлелденген.
  • в. Амальгама дайындау. Ертеректе амльгаманы арнаулы фарфор немесе шыны тостағанда қолмен араластырып келген. Қазіргі кезде электр тоғымен жұмыс істейтін амальгамаараластырғышта 15-60 секөнд уақыт шамасында араластырып алады (керекті мөлшерлері пластмасса капсулаға алдын-ала салынып қойылған).
  • Дайын болған амальгама жұмсақ, саусақпен қысқан кезде шықырлаған дыбыс береді және бөлшектенбейді. Амальгаманы сығып артық сынапты алу үшін қолға рәзіңке қолғап кію керек.
  • г. Амальгаманы тісжегі қуысына апару және нығыздау.
  • Дайын болған амальгаманы кешіктірмей тісжегі қуысына бөлшектеп апара бастайды. Алғашқы апарылған бөлшегін арнаулы нығыздағышпен (штопфермен) қуыс қабырғаларына үйкей отырып нығыздайды және біртіндеп қуысты аздаған артығымен толтырады. Мұқият нығыздалған пломбы өте берік болады және жиектік жабысуы жақсарады, сонымен қатар нығыздаған сайын сынаптың артық бөлігі шығып отырады.
  • д. Пломбыға белгілі пішін беру арқылы тістің анатомиялық құрылымын қалпына келтіреді. Бұл кезең спиртпен ылғалданған мақта анжылардың және тегістегіштердің көмегімен орындалады.
  • е. Пломбыны әрлеу (тегістеу және жылтырату).
  • Бұл кезең 24 сағаттан кейін карборунд тастардың, финирлер мен полирлердің көмегімен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет