СөЖ Қр денсаулық сақтау министрлігі


Клиникасы және диагностикасы



бет19/20
Дата13.12.2021
өлшемі1,53 Mb.
#100148
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Клиникасы және диагностикасы

Жамбас сүйектерінің монофокальді және әсіресе полифокальді сынуларында науқастың қалпы мәжбүрлі болады — арқасында жатады, аяқтары созылған, сыртқа қарай бұрылған және аздап алшақтатылған. Жамбас сақинасының алдыңғы бөлігінің сынуында аяқтары аздап жамбас және тізе буындарында бүгілген , бір-бірінен алшақ болады (Волкович бойынша «бақа аяқтары» симптомы). Жамбас сүйектерінің сынуында анықталатын симптомдар — мықын сүйектерінің айдарын басқан кездегі (Верней симптомы), мықын сүйектерінің айдарларын ажырату кезінде (Ларрэ симптомы), вертикалды бағытта мықын сүйегінің айдарынан отырықшы төмпешігіне дейін басқан кездегі (Мыш симптомы) ауырсынудың күшеюі, сегізкөзді саусақтардың ұшымен ретті түрде басқанда ауырсыну сезімінің пайда болуы (Драчуктің сегізкөзді баллотирлеу симптомы).. Өте сирек жағдайда клиникалық көрінетін жамбас асимметриясын анықтайды. Диагноз жамбас сүйектерінің және жамбас буындарының рентгенографиясынан кейін қойылады және тікелей рентгенологиялық симптомдарға негізделеді (сыну сызығы,симметриялы түзілістерді біріктіргенде шеміршек аймағы енінің өзгеруі, жамбас контурының деформациясы, жамбастың сүйекті құрылымдарының тығыздалуы және олардың жылжуы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет