СөЖ Қр денсаулық сақтау министрлігі


Білек сүйектерінің эпифизеолиздері (остеоэпифизеолиздері)



бет16/20
Дата13.12.2021
өлшемі1,53 Mb.
#100148
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Білек сүйектерінің эпифизеолиздері (остеоэпифизеолиздері)


Балаларда білек сүйектерінің эпифизиолиздері (остеоэпифизеолиздері) қолаяқтың басқа сүйектерінің эпифизеолиздерінің арасында алғашқы орынды алады. Бұл жағдайды үнемі есте сақтау қажет, өйткені эпифизарлы шеміршектің зақымдалуы сүйек ұзындығына өсу барысында көрініс беруі мүмкін және жыл сайын ұлғаятын (кәріжілік сүйегінің қысқаруынан қиғаш қол пайда болады) Медалунг түріндегі деформация туындауы мүмкін.

Клиникалық көрінісі және диагностикасы: эпифизеолиздер және білектің дисталды бөлігінің сынуы ығысуымен болғанда клиникалық көрінісі штык тәрізді қисаюмен, сусіңділенуімен және пальпациялағанда ауырсынумен сипатталады.

Емі: кәріжілік сүйегінің эпифизеолиздері және остеоэпифизеолиздері емдеп орнына келтіру жалпы ереже бойынша жүргізіледі. Репозиция уақытында сүйектік сынықтарды мұқият салуға орнына тырысады, ол мүмкін болмаған жағдайда сүйектің өсуі артта қалуы мүмкін. Иммобилизация мерзімі – 3 апта, одан кейін ЕДШ және физиотерапевтік шараларды бастайды. Оталық араласу балаларда білек сүйектері сынған кезде тек ғана консервативті емдеу әдістері тиімсіз болғанда (қалдыруға болмайтын ығысу болғанда), жұмсақ тіндердің интерпозициясы кезінде, ашық сынықтар кезінде жұмсақ тіндер зақымдалуы көлемді болғанда және дұрыс бітіспеген сынықтар кезінде көрсеткіш болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет