Сөж сипаты: Жас ерекшелік физиологиясының даму тарихы



Дата02.03.2022
өлшемі50,5 Kb.
#133944
Байланысты:
Жас ерекшелік физиологиясының даму тарихы (1)
34 тәрбие сағат(11)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


Пән атауы : Жас ерекшеліктер физиологиясы
Мамандығы : Қазақ тілі және әдебиеті
СӨЖ
Сипаты: Жас ерекшелік физиологиясының даму тарихы
Орындаған : Бұлбұл Сара
Тексерген : Aбдукадирова Жансая Aбдимуратовна

Алматы – 2021

Жоғарғы дәрежелі нерв қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктерін Н. И. Красногорский, В. М. Бехтеров, А. Г. Иванов – Смоленский, Н. И. Касаткин, Н. М. Шелованов, П. К. Анохин, А. Н. Кабанов, А. А. Волохов, И. А. Аршавский, А. А. Маркосян және басқаларды да зерттеді. Балалар мен жсаөспірімдердің екінші сигнал беру жүйесінде алғашқы зерттеулер жүргізген А. Г. Иванов – Смоленский жәнек М. М. Кольцова екендігін атап өткен жөн. Орталық нерв жүйесіндегі басылымдық процестері туралы А. А, Ухтомскийдің зерттеулері ойлау әрекеттерінің бірқатар құбылыстарын түсіндіруге негіз салды, онсыз балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу процесі мүмкін емес. Жоғарғы дәрежелі нерв қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктерін Н. И. Красногорский, В. М. Бехтеров, А. Г. Иванов – Смоленский, Н. И. Касаткин, Н. М. Шелованов, П. К. Анохин, А. Н. Кабанов, А. А. Волохов, И. А. Аршавский, А. А. Маркосян және басқаларды да зерттеді. Балалар мен жсаөспірімдердің екінші сигнал беру жүйесінде алғашқы зерттеулер жүргізген А. Г. Иванов – Смоленский жәнек М. М. Кольцова екендігін атап өткен жөн. Орталық нерв жүйесіндегі басылымдық процестері туралы А. А, Ухтомскийдің зерттеулері ойлау әрекеттерінің бірқатар құбылыстарын түсіндіруге негіз салды, онсыз балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу процесі мүмкін емес.


Басқа ғылымдарға қарағанда, балалар және жасөспірімдердің жас ерекшелігі физиологиясы мен гигиенасында, өсу және даму ұғымдары тым нақтылы, айқын айтылған. Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық өзгерістерді сиппатайды. Даму – тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организмнің физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын, саналық өзгерістердің көрсеткіші. Өсу және даму. Басқа ғылымдарға қарағанда, балалар және жасөспірімдердің жас ерекшелігі физиологиясы мен гигиенасында, өсу және даму ұғымдары тым нақтылы, айқын айтылған. Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық өзгерістерді сиппатайды.
Даму – тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организмнің физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын, саналық өзгерістердің көрсеткіші. Балалардың өсіп-жетілуін қадағалау. Оқушылардың өсіп-жетілуін сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша жылына бір не екі рет қадағалайды. Өсіп жетілу көрсеткіштердің алу процесі антропометрия (гр. антропос. – адам, метрео - өлшеймін), көрсеткіштердің өзі - антропометриялық немесе негізгі деп аталады. Антропометриялық көрсеткіштері бойынша оқушылар денесінің жетілуін бағалау – бойын, салмағын, кеуде қуыстарының шеңберлеріне қосылған үстемдерді есептеу, осы көрсеткіштердің аудан, облыс, республика бойынша орта мәліметтерін салыстыру жолымен жүргізіледі. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады. Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена – жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды. Бұл пән мүғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін қамтиды. Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы.Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының (клеткаларының) қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір сүру, экология (яғни қоршаған орта), сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын организмдегі құбылыстарды бақылайды. Физиология ғылымы организмнің жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің зандарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады. Жасқа байланысты физиология мен гигиена балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап, білу мүмкін емес. Сондықтан да жасқа сай физиология мен мектеп гигиена адам анатомиясының, гистология мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады. Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Адам организмінің жас ерекшеліктерін зерттеу осы екі ғылымның дамуының негізінде пайда болды. Алғашқы зерттеулер нәтижелері ауру адамдарды емдеуге байланысты алынған. Ал ауру балаларды дұрыс емдеу үшін оның организмінің қалыпты құрылысы мен қызметін білу керек, яғни жасына сай анатомиялық және физиологиялық байқауларды қажет етеді. Сондықтан коне Греция мен Рим империясындағы дәрігерлер адам организмінің құрылысына қоса оның қызметінде зерттей бастаған. Дегенмен тек қана 1628 жылы ағылшын ғалымы Уильям Гарвей организмнің негізгі қызметінің бірі – қан айналысын бақылап, сол арқылы жан-жануарлардың функциясы туралы адам білімінің алғашқы жаңа негізін қалады.
«17 ғасырда француз философы Рене Декарт (1596-1650) организмнің рефлекторлы қызметін негіздеу арқылы физиологияның дамуына ат салысты 19-20 ғасырларда орыс ғалымдары И. М.Сеченов, И. П. Павлов және олардың әріптестері мен шәкірттері өз үлестерін қосты. Біздің республикамызда тірі организмдердің анатомиялық құрылысын зерттеуде Ф. М. Мұхаметқалиев, А. Р. Рақышев т. б. ғалымдар мен олардың шәкірттерінің зерттеулерінің үлесі бар. Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А. П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес одағының Қ. И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын (болімшесі), 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады: Негізін А. П. Полосухин қалаған қан және лимфа айналысының реттелуі мен оларға байланысты вегетативтік қызметтер. Бұл бағытта А. М. Бекетаев, I. А. Бірімжанова, Л. Е. Болекбаева, Қ. Қ. Сәтбаева, т. б. ғалымдар мен олардың шәкірттері зерттеулер жүргізіп, кезеген нервтің қан тамырларына әсері, жүрек-қан тамырлар жүйееіне бірінші және екінші сигнал жүйелері арқылы шартты ескерулер, ауру организмдегі гемодинамикалық өзгерістер анықталды. Ғалымдар Ж. Жұмажанов, Ф. Ж. Жұмағалиева Қазақстанның жерінде өсетін түрлі шипалы өсімдіктердің құрамындағы белсенді биологиялық заттарды бөліп алып, олардың жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсерін, олардың емге пайдалану мөлшерін анықтауда көп еңбек етті. Академик Н.О.Базанованың шәкірттері профессорлар Қ. Д. Дүйсембин, Т.О. Измайлов, 3. Қ. Қожебеков, Б. Н. Никитин, К. Т. Ташенов организмнің ас қорыту ерекшеліктерін, оның реттелу механизмдерін, жас ерекшеліктерін, сүттің пайда болуы мен реттелуін, босанған әйелдердің сүтсіздігін (агалактия) және оның бала организміне тигізген әсерін зерттеп үлкен табыстарға жетуде. Қазақстандағы физиология ғылымының жаңа салалары – нейрофизиологияның және сыртқы ортаға бейімделу мәселесінің дамуына профессорлар Қ.С.Рымжанов, С.Ж.Тілеулин, С.Т.Төлеуханов және олардың шәкірттері үлесін қосуда.​​​​​
Я.А.Коменскийдің жас ерекшелік кезеңдеріне сипаттамасы Я.А.Коменский адамның табиғатын ескере отырып, балалардың жас кезеңдерін әрқайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды. Балалық шақ – туғаннан бастап 6 жасқа дейін; Жеткіншек шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін; Жастық шақ – 12 жастан 18 жасқа дейін; Ересектік шақ – 18 жастан 24 жасқа дейін. Ол әр жас кезеңдеріне сипаттама берді. Балалық шақ – баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады; жеткіншектік шақ – есі мен қиялының, оның орындаушы органдары – тілі мен қолы дамида; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлау дәрежесі дамиды және ересектік шақта – ерік-қайраты мен қабілеттілігі жан-жақты дами түседі.
Ж.Ж.Руссоның жас ерекшелік кезеңдеріне сипаттамасы Тәрбиеленушінің жас ерекшеліктерін ескере отырып, Жан-Жак Руссо балалардың жас ерекшеліктерін төмендегідей кезеңдерге бөлді: Бірінші кезең – туғаннан бастап, екі жасқа дейінгі кезең; екінші кезең – екі жастан он екі жасқа дейін; үшінші кезең – он екі жастан он бес жасқа дейін; төртінші кезең – он бес жастан ересектік жасқа дейін. Бірінші кезеңде, Руссо баланың дене тәрбиесіне ерекше мән берді. Бұл кезеңде, оның пікірі бойынша, баланы қоршаған заттармен таныстыру қажеттігіне тоқталды. Мейлі бала заттарды ұстап қарасын, ойыншықтарды мейлі қаратсын, сындырсын деген болатын-ды Руссо. Осылай ол көруді, сипай сезумен байланыстырудың алғашқы дағдыларын меңгереді және кеңістікті елестете алады.Екінші кезеңде, Руссоның айтуынша, бала әлі де ойлауға және дерексіз ұғымдарды меңгеруге қабілетсіз, сондықтан да балаларға әртүрлі үгіт насихат айту және мәтіндерді жаттауға зорлаудың қажеттілігі жоқ. Ол балаларға кітап беруді ұсынбайды, оның түсіндіруінше, олар үшін ең жақсы кітап қоршаған табиғат болып табылады. Бұл кезеңде дене тәрбиесін жалғастыру, денсаулығын нығайту, әсіресе баланың сыртқы сезімдерін дамыту қажет. Әсіресе, көру, сипай сезу органдарын дамыту, демек балаға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бақылауға, өлшеуге, салыстыруға, санауға жан-жақты мүмкіншіліктер беру. Сезім органдарын дамыту ақыл-ой дамуының негізгі алғышарттары. Сондықтан да балаға еркіндік беру керек. Екінші кезеңде, Руссоның айтуынша, бала әлі де ойлауға және дерексіз ұғымдарды меңгеруге қабілетсіз, сондықтан да балаларға әртүрлі үгіт насихат айту және мәтіндерді жаттауға зорлаудың қажеттілігі жоқ. Ол балаларға кітап беруді ұсынбайды, оның түсіндіруінше, олар үшін ең жақсы кітап қоршаған табиғат болып табылады. Бұл кезеңде дене тәрбиесін жалғастыру, денсаулығын нығайту, әсіресе баланың сыртқы сезімдерін дамыту қажет. Әсіресе, көру, сипай сезу органдарын дамыту, демек балаға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бақылауға, өлшеуге, салыстыруға, санауға жан-жақты мүмкіншіліктер беру. Сезім органдарын дамыту ақыл-ой дамуының негізгі алғышарттары. Сондықтан да балаға еркіндік беру керек. Руссо былай деп жазды: “Мейлі ол жүгірсін, секірсін, мейлі ол ойнасын, әрекет етсін, әруақытта да үздіксіз қозғалыста болады.Үшінші кезең, Руссоның сипаттауынша, ақыл-ой және еңбек тәрбиесінің кезеңі болып табылады. 12 жасқа келгенде бала дене жағынан жеткілікті жетілген және еңбекке қабілетті, өзінің сыртқы сезім органдарының көмегімен қоршаған дүниедегі негізгі заттар мен құбылыстарды тез бағдарлай және қабылдай алады. Ал жағырафиядан, астрономиядан және табиғаттанудан білімдерді түсіну және меңгеру қабілеттілігін толық іске асырады. Руссоның айтуынша, бала дамуының бұл кезеңінде ақыл-ой тәрбиесі осы үш пән бойынша білімдерді меңгерумен шектелуі тиіс. Үшінші кезең, Руссоның сипаттауынша, ақыл-ой және еңбек тәрбиесінің кезеңі болып табылады. 12 жасқа келгенде бала дене жағынан жеткілікті жетілген және еңбекке қабілетті, өзінің сыртқы сезім органдарының көмегімен қоршаған дүниедегі негізгі заттар мен құбылыстарды тез бағдарлай және қабылдай алады. Ал жағырафиядан, астрономиядан және табиғаттанудан білімдерді түсіну және меңгеру қабілеттілігін толық іске асырады. Руссоның айтуынша, бала дамуының бұл кезеңінде ақыл-ой тәрбиесі осы үш пән бойынша білімдерді меңгерумен шектелуі тиіс. Үшінші кезеңді Руссо еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Еңбек тәрбиесінің негізгі құралы, Руссоның айтуынша, тәрбиеленушінің еңбек үрдісіне тікелей қатынасы болып табылады.Төртінші кезеңді Руссо адамгершілік тәрбиесінің кезеңі деп атады. Бұл дегеніміз; бұл кезеңде тәрбиеленуші адамгершілік ұғымдарды қабылдауға қабілетті болып табылады. Руссо тәрбиенің алдына үш міндеттерді қояды: Төртінші кезеңді Руссо адамгершілік тәрбиесінің кезеңі деп атады. Бұл дегеніміз; бұл кезеңде тәрбиеленуші адамгершілік ұғымдарды қабылдауға қабілетті болып табылады. Руссо тәрбиенің алдына үш міндеттерді қояды: жақсы сезімдерді тәрбиелеу, немесе, басқаша айтқанда, “жүрек тәрбиесі”; 2) жағымды пікірлерді тәрбиелеу; 3) жағымды ерікті тәрбиелеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973..
5.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет