Сөж тақырыбы : Керамикалық материалдар,қасиеттері және шикізаттары мен өндіру әдістері



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата09.08.2023
өлшемі99,97 Kb.
#179766
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-50045

Бентониттер
деп – жоғары пластикалық негізде монтмориллониттен
құралған, балшықтарды айтады. Олардың 85-90 пайызы өте уақ 0,001 мм-ден
кем бөлшектерден тұрады. Қорыта айтқанда, балшық материалдарда өлшемі
0,001 мм бөлшектер көбейген сайын, олардың пластикалығы
өседі.Пластикалығы ең жоғары балшықтарда көп кездесетін қоспа –
далашпаты, олардың балқу темпера-турасын төмендетеді. Темір тотығы
оларға қызыл, ал басқа, әсіресе көміртегіне бай органикалық қоспалар қоңыр,
т.б. түстер (өңдер) береді. Кальцийлі карбонат “көпірме” атты ақау (кемістік)
келтіреді.
Шамот 
– түйірленген (0,14-2 мм) керамикалық материалдар. Ол сазды
күйдіру (бұйым күйдіру температурасына дейін), уату арқылы алынады
немесе кірпіштің қалдықтарынан (сынықтарынан) дайындалады. Шамотты
немесе осы топта жататын жоғарыда көрсетілген басқа да заттарды қосқанда
балшықты кептіру, күйдіру процестері жеңілдеп, сапасы жоғары беттік
кірпіш пен отқа төзімді бұйымдар алынады.
Саз сумен араластырғанда иленгіш қамырға айналады. 
Иленгіштік 
деп
– саздың қамыр күйінде сыртқы күштің әсерінен керек форманы ажырамай
(үзіліссіз), шытынамай (қуыссыз) қабылдап, оны кептірген және
күйдіргеннен кейін сақтау қасиетін атайды. Иленгіштіктің техникалық
көрсеткіші пластикалық санмен (Пл) сипатталынады.
Пл = Wa – Wш;


мұндағы – қатырмен аққыштық және ширатылған (иірленгіш) шектеріне сай
ылғалдықтың мөлшері, %
Керамикалық бұйымдар өндіру үшін иленгіштігі орташа, пластикалық
саны 7-15 аралығындағы саздар пайдаланылады. Иленгіштігі аз балшықтар
(Пл 7-ден төмен) қалыптанбайды, ал өте иленгіш саздар (Пл 7-ден жоғары)
кептіргенде шытынайды.
Шөгуі
(тығыздануы немесе бұйымның отырғыштығы) деп – қамырды
(бұйымды) ауада кептіріп, отта күйдіргенде оның сызық өлшемдері мен
көлемінің кішіреюін айтады. Отырғыштық – бұйымның алғашқы
өлшемдерінен, процент арқылы анықталынады. Əдетте бұйым 3-тен 18%-ке
дейін шөгеді, осыған сай өлшемі стандарта көрсетілгендей, бұйым алу үшін
форманың (қалыптың) көлемі ұлғайтылады. Бұйымның шөгуі – қамырды
кептіргенде ылғал (су) бөлініп, ал күйдіргенде – оның балқығыш құрамы
басқа балқымайтын бөлшектерді өзіне тартуы әсерінен пайда болады.
Пісуі
деп – күйдіргенде саздың тығыздығы өсіп тас тәрізді денеге
айналуын айтады.
Керамикалық
бұйымдарды
өндіру
мынадай
негізгі
процестердентұрады: балшықты карьерден қазып алу, массаны дайындау,
оны бұйым формасына келтіріп қалыптау, кептіру және күйдіру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М. Садуақасов, Ғ. Батырбаев., “Құрылыс материалдары”, Алматы,. 2007. –
52 – 56 беттер.
2. Горчаков Г.И., “Понятие строительной керамики”, - 11 -13 беттер.

Document Outline

  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
  • Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
  • СӨЖ
  • Тақырыбы: Керамикалық материалдар,қасиеттері
  • және шикізаттары мен өндіру әдістері
  • Орындаған: Төлеуқадыров Е.Т
  • СТ-409 группасының студенті
  • Тексерген: аға оқытушы
  • Уркинбаева Ж.И
  • Семей
  • 2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет