Сөж тақырыбы: 1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі Пәні



Дата11.05.2022
өлшемі152,91 Kb.
#142515
Байланысты:
сөж Арай.docx


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ





СӨЖ
Тақырыбы: 1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


Пәні: Ғылыми зерттеулер негіздері
Мамандық: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тобы: ПМНО 205
Орындаған: Жұмабай Арайлым Талғатқызы
Тексерген: Набуова Роза Абдрахмановна

Алматы 2022


СӨЖ – 2

  1. Зерттеу тақырыбыңыздың ғылыми аппараттының компонентері: Зерттеу тақырыбы, өзектілігі, мақсаты, міндеттері мен болжамын құрастырып, «Сыни талдау» кестесі арқылы талдау жасаңыз.

Ғылыми аппараттың компонентері

Сипаттамалық талдау

Салыстырмалы сыни талдау

Зерттеу тақырыбы





Зерттеу тақырыбы - зерттеу мәселесінің аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.

1 сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалогтық оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру үдерісі .

Зерттеудің мақсаты



Зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.



1 сынып оқушыларының ауызша сейлеу дағдысын калыптастыру әдістемесінің теориялық негiздерiн зерделеу , соның негiзiнде кіші мектеп жасындағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесін жасау .

Зерттеу міндеттері



Зерттеу міндеттері – зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру.



Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға байланысты педагогикалық әдебиеттерді оқып , талдай келе , зерттеу жұмысымыздың теориялық негізін анықтауға пайдалану ;
- Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалогтық оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру әдістемесін жасау ;
- Бастауыш сыныпта оқушылардың қазақ тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың ұтымды әдістерін айқындау ;

Зерттеу болжамы



Зерттеу болжамы – педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын-ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Егер дұрыс құрылмаған жағдайда дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.

Егер бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастырса, біріншіден, оқушылар қазақ тілінің заңдылықтарын тілдік қатынас кезінде орынды қолданады; екіншіден, анық және таза сөйлеуге үйренеді, сол арқылы мінездері тәрбиеленеді; үшіншіден, өз ойын әдеби тілмен жеткізуге дағдыланады.



Зерттеу өзектілігі: Қазіргі кезде қоғамда түрлі экономикалық-әлеуметтік реформалар жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден орта мектептерде сырт қалмады, себебі бүгінгі күнде білім беру салаларынан тәрбиелі, ұлттық мәдениетті меңгерген, шығармашыл ойлай алатын жастарды даярлау талап етілуде. Осыған орай, мемлекет тарапынан білім беру салаларына реформалауға ерекше көңіл бөлінуде.
Елбасы Н.Назарбаев: Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. «Бастауыш мектептiң негiзгi мiндетi – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабiлеттерiн анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәждi қалыптастыруға, оқу қызметiн бiлуі, оқу, жазу, санаудың берiк дағдыларын үйренуге, тiлдiң қарым-қатынастық қарапайым тәжiрибесiне, өзiн-өзi шығармашылық тұрғыдан таныта бiлуге бағдарланады», - деп белгiленген. Тұжырымдамада көрсетiлгендей, тiлдiк қатынастың басты қағидалары мен ұстанымдарын менгерудi қажет етедi. Сондықтан бастауыш мектепте қазақ тілін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сұранысына орай оқытып, қатысым арқылы балалардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет