Сөж тақырыбы: «Эстетикалық идеал – кемел әлемнің моделі» Дайындаған: курс, топ студенті Қазханова А. Н. Қабылдаған: о. Мамырбаев Д. Алматы, 2022ж. Эстетикалық идеал – кемел әлемнің моделі



бет2/3
Дата07.02.2023
өлшемі31,76 Kb.
#167821
1   2   3
Байланысты:
Фил. СӨЖ-11-12
Лекция â„–5, Жануарлардың бөліп шығару жүйелері, Tekhnologia stroitelnogo proizvodstva, Сатен Амина семинар
Эстетика нені зерттейді? Эстетика тарихында оның пәні мен міндеттері өзгеріп отырды. Эстетика бастапқы кезде философия мен космогонияның бір бөлігі болып, ал кейін әлемнің тұтас бейнесін жасауға (грек натурфилософтары, пифагоршылар) қызмет етті. Эстетиканың философиядан бөлінуінің үдерісі (оның жеке ғылым болып бөлінуі) Сократтан бастау алған. Өйткені оған дейінгі ойшылдар эстетиканы космогонияның бір қыры ретінде ғана зерделеді. Ал Сократ болса, эстетикалық проблемалардың мәнін этикалықпен байланыстыра қарастырған алғашқылардың бірі еді. Аристотель пайымында эстетика – поэтика проблемалары мен табиғат, сұлулықтың жалпыфилософиялық проблемалары болса, ал Платон түсінігінде – өнерге мемлекеттік бақылау жасау мен оның (соңғысының) адам тәрбиесіндегі рөлінің проблемалары. Тертуллиан мен Акуинолық Томас үшін эстетика – дін ілімінің бір қыры (өнердің көмегімен адамның Құдайға құлшылық ету міндетін шешу). Леонардо да Винчидің көзқарасы бойынша, эстетика тек табиғат пен көркемдік қызметтің арақатынасын анықтайды. Буало эстетикасы шығармашылық ұстындарын бекітеді. Неміс философы А.Баумгартен «Эстетика» (1750–1758) еңбегінде бұл ғылымға күні бүгінге дейін атау болып келе жатқан терминді (гректің (сезіммен қабылдау) етістігінен пайда болған) қолданысқа енгізді. Баумгартен: «Эстетиканың пәні – әлемді өнердің өзіне ғана тән жолымен және сезіммен тануы», – дейді. Логика рационалды (ақылмен) тану заңдылықтарын зерттеп, ақиқатқа қалай жетуді үйретеді; адам ақиқатты ақыл-ойдың ғана емес, сезімнің көмегімен де түсінеді. Сондықтан логикамен қатар сезімдік танымды зерттейтін, сұлулықты ұғынатын ғылым – эстетика болуға тиіс. Баумгартен эстетика пәнінен өнерді, оның заңдылықтары мен өнерде әсемдіктің бейнеленуін шығарып тастайды. Баумгартендік адасудан теориялық ойдың кейінгі дамуына жаңа мазмұн берген ғылыми термин туындады.
Кант үшін эстетика пәні – өнердегі әсемдік, эстетикалық ой-пікір білдіру қабілетін сынау болса, Гегель үшін эстетика пәні – «әсемдіктің кең байтақ патшалығына», «өнерге және оның кез келген түріне емес, әсем өнерге» бағытталды. Ал эстетика өзінің мақсатын өнердің әлемдік рухтың жалпы жүйесіндегі орнын анықтау деп біледі. Эстетика көркемдік бағыттарды негіздейді. Мысалы, Л.И.Тик пен Новалис романтизмнің; В.Г.Белинский; Н.А.Добролюбов сыншыл реализмнің; А.Камю мен Ж.П.Сартр экзистенциализмнің теориялық негіздемесін зерделеген. Н.Г.Чернышевский адамның болмысқа эстетикалық қарымқатынасын қарастырды. Ленин, Троцкий, Сталин, Жданов, Мао өздерінің эстетикалық пікірлерінде өнерді партия алға қойған саяси міндеттерді орындатуға ұмтылды.
Заманауи эстетика әлемдік көркем тәжірибені қорытады. Әрбір ғылымның пәні – сол ғылым шешетін міндеттер аясында белгілі бір қырынан зерттелетін әлем. Айталық, медицинаның пәндік аясы – адамның денсаулығы емес, денсаулық – медицинаның мақсаты, ал оның пәні – адам денсаулығы тұрғысынан қарастырылатын географиялық орта, химиялық байланыстар мен физикалық үдерістер. Эстетиканың пәндік аясы – оның құбылыстарының жалпыадамзаттық маңызы (эстетикалық құндылығы) тұрғысынан қарастырылатын, эстетикалық байлықтағы бүкіл әлем.
Эстетика – жалпыадамзаттық құндылықтардың, олардың дүниеге келуінің, болмысының қабылдауы мен баға беруінің, кез келген адамның, ең алдымен, өнердегі қызметі үдерісінде әлемді эстетикалық игерудің мейлінше жалпы қағидаларының мәні туралы, эстетикалықтың табиғаты мен оның болмыстағы әрі өнердегі алуантүрлілігі, шығармашылықтың мәні мен заңдылықтары, өнердің қабылдануы, қызмет етуі мен дамуы туралы философиялық ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет