Сөж тақырыбы: «Эстетикалық идеал – кемел әлемнің моделі» Дайындаған: курс, топ студенті Қазханова А. Н. Қабылдаған: о. Мамырбаев Д. Алматы, 2022ж. Эстетикалық идеал – кемел әлемнің моделі



бет1/3
Дата07.02.2023
өлшемі31,76 Kb.
#167821
  1   2   3
Байланысты:
Фил. СӨЖ-11-12
Лекция â„–5, Жануарлардың бөліп шығару жүйелері, Tekhnologia stroitelnogo proizvodstva, Сатен Амина семинар

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
6В01513-Биология мұғалімдерін даярлау
11-12. СӨЖ


Тақырыбы: «Эстетикалық идеал – кемел әлемнің моделі»
Дайындаған: 2 курс, 4 топ студенті Қазханова А.Н.
Қабылдаған: о. Мамырбаев Д.

Алматы, 2022ж.


ЭСТЕТИКАЛЫҚ ИДЕАЛ – КЕМЕЛ ӘЛЕМНІҢ МОДЕЛІ


Эстетика – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Ғылымның бұл саласы әсемдікті, көркем шығармашылықтың жалпы заңдылықтарын, адамның болмысқа сезімдік қатынасын зерттейді.
Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады.
Қайта өркендеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, суретшілерінің (Ф.Петрарка, Л.Б.Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, Бруно, Монтель, т.б.) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теорияшылары (У.Хогарт, Дидро, Руссо, Винкельман, Лессинг, Гердер), сондай-ақ олардың дәстүрлерін жалғастырушылар (Шиллер мен Гете) өнердің шындық өмірмен байланысын орнықтырды.
Кант эстетикалық пікірдің мүлдем “мүддесіздігі” туралы қағида ұсынды. Ол сұлулықты пайдаға, көркемдік форманың толымдылығын идеялық мазмұнға қарсы қойып, формалистік Эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өз еңбектерінде Эстетикалық қызметті түсіндіруге негіз ретінде тарихнама принциптері мен қарама-қайшылықтарды алды, мұның өзі оған эстетикалық қызметті капиталды өндірістің қарама-қайшы сипатымен салыстыруға, Эстетикалық ұғымның жай-жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын анықтауға мүмкіндік берді. Алайда объективті идеалист бола отырып, Гегель өнерді абс. рухтың бірінші және жетілмеген формасы ретінде айқындады.
Фейербах сұлулықты тікелей заттар мен құбылыстардың физикалық қасиеттерінен, ал эстетикалық сезімдер мен талғамдарды – биологиялық заңдылықтардан, адам “табиғатынан” алып көрсетуге тырысты. Эстетика орыс демократтары Белинскийдің, Чернышевскидің, Добролюбовтың еңбектерінде реалистік өнер, заңдылық, өнердің идеялылығы мен халықтығы принциптерін жасау, т.б. мәселелерде көтерілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет