Сөж тақырыбы: Геодезияның ғылыми-техникалық салалары “картография”



бет4/4
Дата10.11.2022
өлшемі1,46 Mb.
#157554
1   2   3   4
Байланысты:
Нивилерлеу
10ҚБ-1, Оранжевый Яркий Современный Здравоохранение Еженедельные Новости Команды Презентация, Nurmaganbetov.BioOkAd, мпко3 2, d6c9dd6db4cae12569d4f52289ea8a21, Мадияр.docx
АГ=НА+З=НВ+П
Егер рейканы аралықтағы бір нүктеге (D) қойып, одан есептеуін алатын болсақ, онда оның биіктігі
НD=АГ-d
Яғни кез келген нүктенің биіктік белгісінің мәні аспаптың горизонтымен осы ннүктеге қойылған рейкадан алынған есептеудің айырымына тең.

Алға қарай нивелирлеуде

  • Алға қарай нивелирлеуде бастапқы А нүктесіне нивелир орнатылады да, ал алдыңғы В нүктесіне рейка қойылады. Содан кейін рейкадан есептеуді П алады да, А нүктесінен нивелир дүрбісінің окулярының центріне дейіні вертикаль ара қашықтықты өлшейді. А және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (һ) мынаған тең болады.
  • Һ=і – П
  • яғни «алға» нивелирлеу нəтижесінде, өсімше аспап биіктігі алынған рейкадан алынған есепке тең болады.

Нүктелердің биіктігін аспап деңгейі (ГИ) арқылы анықтау жиі кездеседі жəне де жеңілірек. Аспап горизонты (ГИ) дегеніміз – көздеу осінің деңгейлік беттен биіктігі, ол келесі формуламен анықталады,

  • Нүктелердің биіктігін аспап деңгейі (ГИ) арқылы анықтау жиі кездеседі жəне де жеңілірек. Аспап горизонты (ГИ) дегеніміз – көздеу осінің деңгейлік беттен биіктігі, ол келесі формуламен анықталады,
  • ГИ = НА +З;
  • НА = ГИ – З.
  • Яғни, аспап горизонты (ГИ) соңғы нүктенің биіктігіне, осы нүктенің үстіне қойылған рейкадан алынған есепті қосқанға тең.
  • Аспап деңгейі арқылы биіктікті анықтау сызықтық инженерлік құрылыстардағы ізденіс жəне құрылыс алаңдарында бір нүктеден (бір станциядан) бірнеше биіктіктерді анықтау кездерінде жиі қолданылады.

Егер ортадан нивелирлеуде өсімше анықтау бір-ақ станциядан (тұрақтан) атқарылатын болса, онда мұндай нивелирлеуді қарапайым нивелирлеу дейді. Ал егер А жəне В нүктелерінің арасында өсімше анықтау бірнеше тұрақтан атқарылатын болса, мұндай нивелирлеуді күрделі нивелирлеу дейді.

  • Егер ортадан нивелирлеуде өсімше анықтау бір-ақ станциядан (тұрақтан) атқарылатын болса, онда мұндай нивелирлеуді қарапайым нивелирлеу дейді. Ал егер А жəне В нүктелерінің арасында өсімше анықтау бірнеше тұрақтан атқарылатын болса, мұндай нивелирлеуді күрделі нивелирлеу дейді.
  • Тұрақ саны, бастапқы А жəне соңғы В нүктелері арасындағы жер бедеріне жəне олардың арақашықтығына байланысты болады. Жер бедері құлдиламалы тұстарда, нивелирден рейкаға ейінгі арақашықтықты таңдағанда, көздеу осі рейкадан асып кетпегенін немесе өз жолында жер көрініп («жерге ұрмағанын») тұрмағандығын қадағалап отырады.

Ортадан нивелирлеудің алға қарай ниввелирлеумен салыстырғанда мынадай артықшылықтары болады:
  • еңбектің өнімділігі 2 есе жоғары;
  • нивелирдеуге әсерін тигізетін кейбір қателіктер жойылады.

  • Едәуір ара қашықтықта орналасқан А және D нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтау кезінде, егер нивелирлің орналасқан жерінен осы екі нүктенің арасындағы салыстырмалы шеткі биіктікті анықтау мүмкін болмаса, онда жүйелі нивелирлеу қолданылады. Ол үшін нүктелердің ара қашықтығын ортадан нивелирлеуге мүмкіндік беретін бірнеше тең кесінділерге бөледі. Осы байланыстыру нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктіктерді жүйелі анықтап, олардың қосындысын тауып, бастапқы А және соңғы D нүктелерінің арасынгдағы салыстырмалы биіктікті анықтайды. Екі нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктік байланыстыру нүктелері арасындағы салыстармалы биіктіктің алгебралық қосындысы болып саналады. Нивелирдің екі шектес орналасуы ортақ нүктелерді байланыстыру нүктелері деп аталады. Геометриялық нивелирлеу әдісі нивелир деп аталатын аспапты пайдаланып, түсіру жұмыстары көкжиек бұрыш арқылы жүргізіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

М.Қ. Омаров-КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯ НЕГІЗДЕРІ Оқу-әдістемелік құрал



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет