Сөж тақырыбы: Материалдық нүкте



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,76 Mb.
#86607
1   2   3   4
Байланысты:
срс ФИЗИКА

3. Ньютонның үшінші заңы
Ньютонның үшінші заңы былайша тұжырымдалады: Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:

Әрекет және қарсы әрекет күштері әртүрлі денелерге түсіріледі. Сондықтан олар ешқашан теңеспейді және оларды теңәрекетті күшпен алмастыруға немесе қосуға болмайды. Бұл екі күштің тағы бір ерекшелігі — олардың табиғаты қашан да бір. Егер  {\displaystyle {\overrightarrow {F}}_{1}} серпімділік күші болса, онда  {\displaystyle {\overrightarrow {F}}_{2}} де серпімділік күші болады.
Күштер бір денеге түсірілген жағдайда ғана олар теңеседі деп айтуға болады, мысалы, тіректе жатқан денеге {\displaystyle {\overrightarrow {F}}_{a}} ауырлық күші және үстел тарапынан ол күшке қарама-қарсы бағытталған {\displaystyle {\overrightarrow {N}}} серпімділік күші (тіректің реакция күші) әрекет етеді.
Бұл күштер тең және қарастырылып отырған денеге түсірілген. Бұл күштердің тендігі Ньютонның екінші заңының салдары болып табылады және олар үшін {\displaystyle {\overrightarrow {N}}+{\overrightarrow {F}}_{a}=m\cdot {\overrightarrow {a}}} теңдігін жазуға болады. Бұл жағдайдағы дененің үдеуі нөлге тең, ал бұдан {\displaystyle {\overrightarrow {F}}_{a}=-{\overrightarrow {N}}} болады да, дене тыныштық қалпын сақтайды.
Бұл күштердің табиғаты әртүрлі болғандықтан, "әрекет" және "қарсы әрекет" күштері бола алмайды. Ал әрекет және қарсы әрекет бір ғана өзара әрекеттесуді, мысалы, дененің тірекпен әрекеттесуін сипаттайды: тіректің {\displaystyle {\overrightarrow {N}}} реакция күші модулі бойынша дененің тіректі кысып басатын күшіне, яғни {\displaystyle {\overrightarrow {P}}}  салмағына тең. Әрине, бұл күштер әртүрлі денелерге түсірілген және қарама- қарсы бағытталған .
Сонымен, біз Исаак Ньютон тұжырымдаған қозғалыстың негізгі үш заңымен таныстық. Олар айналамызда болып жатқан алуан түрлі механикалық қозғалыстар үшін бірдей. Алайда Ньютонның екінші және үшінші заңдары тек инерциялық санақ жүйелерінде және материялық нүктелер ретінде алынуы мүмкін баяу қозғалыстағы денелер үшін ғана орындалады. Ал жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын денелер үшін релятивтік механика заңдары орындалады.
“Әрбір әсерге оған тең, бірақ кері бағытталған қарсы әсер болады, басқаша айтқанда, екі дене бір-біріне шама жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы күштермен әсер етеді”.
Ньютонның механика заңдары Г.Галилей, Х.Гюйгенс, И.Ньютон және басқа ғалымдардың бақылаулары мен зерттеулерінің нәтижелерін қорытындалу арқылы тұжырымдалды. Қазіргі көзқарас және терминология бойынша бірінші және екінші заңдардағы денені материалдық нүкте деп, қозғалысты инерциалдық санақ жүйесіне қатысты қозғалыс деп түсіну керек. Классик. механикада екінші заңның математикалық түрі: немесе mα=F, мұндағы m – нүктенің массасы, ν – оның жылдамдығы, α – үдеу, t – уақыт, F – әсер етуші күш. Ньютонның механика заңдары микроәлем нысандары (атом, молекула, элементар бөлшектер) үшін және жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалған денелерге қолдануға келмейді.
Инерция заңы орындалмайтын санақ жүйелері болады екен. Мұндай санақ жүйелерінде дененің қозғалыс жылдамдығы өзара әрекеттесуден ғана емес, сол жүйенің үдемелі қозғалысынан да туындай алады. Ондай санақ жүйелері инерциялық емес санақ жүйелері деп аталады. Ньютонның үшінші заңы Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір – біріне әрекет етушә күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама қарсы: F=-F







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет