Сөж тақырыбы: Құндылықтарға бағдарлану психологиясы және құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Мінез-құлық және нұсқаулар. Орындаған



Дата04.04.2023
өлшемі26,29 Kb.
#173666
түріНұсқаулар
Байланысты:
Ñ?æ òà?ûðûáû ??íäûëû?òàð?à áà?äàðëàíó ïñèõîëîãèÿñû æ?íå ??íäûëû
3. Задания для суммативного оценивания за 7 класс Задания для су, 0008a828-a2e18e0a, kktwig-okpe, Дербес әдістеме, Эссе31


Қазақстан респуликасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

СӨЖ


Тақырыбы: Құндылықтарға бағдарлану психологиясы және құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Мінез-құлық және нұсқаулар.

Орындаған: Ерсін Ақжол
Тексерген: Борбасова Гульнур Нурсаиновна


Алматы 2021
Құндылық бағдардың дамуы – тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себепші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі, белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік. Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет пен мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағдардың мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады.
Құндылық бағдар жүйесінің алғышартының реттеуші функциясының толыққанды қалыптасуы жасөспірімдік кезеңде тұрақталады. Л.И. Божович пікірінше «тек қана жасөспірімдік жаста ғана моральді əлемді ұғыну адамгершілікті идеалдар мен принциптер негізінде тұрақталады». Құндылықтық жүйенің шынайы нақты мағыналы түрде адам бойында болуы оның өмірдің мағынасын түсінгендігін көрсетеді. В. Франклдың пікірі бойынша дəл осы жасөспірімдік шақта өмірдің мəн мағынасы туралы сұрақтар өте көп кездеседі. Əртүрлі өмірлік мақсаттарды қоюға деген қажеттіліктің пайда болуы, өмірде өз орнын табу осы жастың айырқша ерекшелігі болып табылады. И.С.Конның зерттеуі бойынша жасөспірімдік кезге тиісті құбылыс бұл өмірлік жоспарды құру, тұлғалық мақсаттары мен мотивтер иерархиясын құрастыру, құндылық бағдардың тұрақталуы тəн. Өмірлік жоспар бір уақытта əлеуметтік жəне этникалық құбылыс ретінде сипатқа ие болып,«кім боламын?», «қандай болу керек?» деген сұрақтармен шартталады. Жасөспірімдік кезеңде адамның өмірге деген жеке көзқарасы қалыптасып, ол ішкі автономды құндылықтардың туындауына себеп болады. Жасөспірімдік кезең құндылық бағдар жүйесінің қалыптасуындағы соңғы шешуші кезең болып табылады.
Л.И. Иванько: «адам өмірін реттейтін сатылар ретіндегі нормалар мен құндылықтар арасындағы айырмашылықтарды былайша ажыратуға болады. Құндылықтар көбінесе, адамның іс-əректінің бағыттылық жақтарына сəйкес келеді, ол нормалар сол іс-əректтердің жүзеге асуының амал-жолдарына байланыты. Нормативті жүйе құндылық жүйеге қарағанда адамның іс-əрекетін ерекше айқындайды, өйткені біріншіден, ол нормаларды ұстанды, екіншіден, нормалардың нақты бір жүйесі ішкі тұтастылыққа негізделеді: адам іс-əрекетінде оны толық жəне тұтастай бір мезгілде ұстанды»-дейді .
Сонымен, тұлғаның құндылықтар бағдарының психологиялық аспектісі оның ішкі əлемін зерттеуімен тығыз байланысты, қоғамдық мінез-құлық, өмірдің жəне мəдениеттің құндылықтарын ұғынуға жəне жаңғыртуға бағытталған. Психолог ғалымдар Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, И.С. Конның пікірінше құндылық бағдарлардың дамуы сатыларын жалпы индивидуалды дамуды жас кезеңдерімен байланыстырады. Сонымен қатар құндылық бағдардың даму сатылары қатаң түрде белгілі бір жасқа байланысты емес, яғни олар өзгеріске ұшырап, бірін-бірі ауыстырып отырады. Алайда əр саты соңғы жəне жетістікке жеткен болуы мүмкін, сондықтан даму деңгейі индивидуалды типте болады. Ж. Пиаже құндылық бағдардың қалыптасуының алғышарты ретінде белгілі интеллектуалды даму деңгейін көрсетеді. Ақыл-ой дамуы адамгершіліктік даму да прогрессивті, кезеңдік сипаттамаға ие. Ж. Пиаже басқа авторлар секілді моральдық даму сатыларының жүйесі жалпы когнитивті жасерекшеліктік өзгерістерге байланысты болады .
Осылай, нарықтық жағдайлар тұлғаның қалыптасуына, оның қажеттіліктері мен құндылықтарына тікелей əсер етеді. Тұлғаның құндылықтары оның əлеуметтік ортасымен тығыз байланысты. Құндылық түсінігі адамның қатынасы əлемге сипатталғанда қолданылады. Құндылық адам жəне оны қоршаған əлем арасында бөлінген, ол тек олардың қатынасында болады. Құндылықтарды тасушы болып кез келген зат, құбылыс бола алады, адамның санасымен өзара əрекетке тиісті.
Тұлғаның құндылықтар бағдары адамның шынайы мінез-құлқымен жиі қарастырылады. Сонымен, оның келесідей басты сəттері беріледі: «біріншіден, құндылықтар бағдары тұлғаның бағыттылығын жəне əлеуметтік белсенділігінің мазмұнын сипаттайды, екіншіден, ол оның əлеуметтік мінез-құлқының реттеушісі ретінде қарастырылады». Қоғам тұлғаға əсер етеді, ал тұлға қоғамға нақты əлеуметтік топ арқылы ықпалын білдіреді. Қоғамдағы өзгерістерді жақтаушылар дағдарыс кезеңінің өзінде-ақ экономика мен қоғамда түбегейлі өзгерістердің қажеттілігін сезінген, өз сенімдеріне күш салатындықтан қарсы алған адамдар. Ал, нарықтық қоғам ең алдымен биліктің мемлекеттік органдардың қолынан жеке өндірістік иелерінің қолына өтумен ерекшеленеді. Нарықтық экономикада еңбек жəне тауар құны сатушымен сатып алушының өзара келісімімен анықталады.
Отандық психологияда «құндылық бағдарлар» түсінігі əр түрлі қарастырылады, бірақ та, С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, Д.Н. Узнадзелердің жəне басқа да психологтардың еңбектерінде қарастырылған, оның психологиялық тұтастылығын айқындайтын əлеуметтену мен жеке дербестік процесінде қалыптасатын тұлғаның қасиеттік жүйелік қалыптастырушы ретінде қарастырылады.
Отандық психологияда, Б.Ф. Ломов «тұлға» түсінігі мағынасының əртүрлілігіне қарамастан, оның негізгі қасиетін бағыттылық деп келтіреді. С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, Д.Н. Узнадзе жəне тағы басқалардың еңбектерінде бағыттылық тұлғаның жүйелі қалыптастыру қасиеті ретінде қарастырылады жəне оның барлық психологиялық қалыптасуын анықтайды. Б.Ф. Ломов бағыттылықты тұлғаның қоғамға беретіні жəне алатыны, оның дамуына қосатын үлесі ретінде қарастырады. В.П. Тугаринов «құндылықты бағыт» түсінігін кез келген құндылықтың тұлғаға бағытталғанын анықтаған болатын. В.Н. Мясищев тұлғалық мəнін заттық əлемге деген қарым-қатынас жиынтығы деп анықтайды, «Билеуші қатынас» тұлғаның бағыттылығына сəйкес жəне жеке өмірінің мəні туралы сұрақпен тікелей байланысты. Құндылықтардың тағы бір маңызды сипаттамасы бар - ол құндылықтардың идеалдармен байланысы. Бұл сипаттама көптеген жағдайларда құндылықтардың анықтамаларында кірістіріледі. Бұл жайында Е.В. Шорохов, И.С. Кон жəне тағы басқалар өз еңбектерінде айтып өткен.
Тұлғаның құндылықтарын жəне құндылық бағдарларын зерттеуге арналған ықпалдардың негізгі ғылыми-теориялық талдауы бізге оларды əртүрлі бағыт бойынша орналастыруға шартты түрде мүмкіндік береді. Құндылық бағдарларға тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, оның бүкіл өмірін анықтайтын тұрақты бағыттар қалыптасқан.
Құндылықтардың тағы бір маңызды сипаттамасы бар – ол құндылықтардың идеалдармен байланысы. Бұл сипаттама көптеген жағдайларда құндылықтардың анықтамаларында кірістіріледі. Бұл жайында Е.В. Шорохов, И.С. Кон жəне т.б. өз еңбектерінде айтып өткен. Публицистикалық жəне көркем əдебиет бейнелері əлеуметтік зерттеулерде ең маңызды құндылықтардың тасушысы ретінде қолданылады. Дəл осылар мінез-құлықтың идеалды əдісінің, өмір сүрудің идеалды стилінің моделін ұғыну үшін үлгіні елестету құралы болып табылады. Бұл өте терең В.Е. Семенов жүргізген жəне соның қол астында жүргізілген эмпирикалық, əлеуметтік-психологиялық зерттеулерінде қарастырылған. Мұндай зерттеулердің маңыздылығын өз уақытында В. Шубкин де айтып өткен: «Адам іс-əрекетіне зейін қойып қараған адам, оның идеалды түрдегі тырысу, қалау жəне тағы сол сияқты болып көрінетінін байқамауы мүмкін емес. Осыған орай, адам іс- əрекетінде ең жақын делдалсыз себеп ретінде материалды факторларды орталайтын идеалды факторлар болып табылады. Бұл идеалды əлемді, идеалды факторларды ғылым жəне өнермен талдау – адам мінез-құлығының заңдылықтарын түсіну үшін қажетті сілтеме болып табылады. Əлеуметтік психология өздеріне назарды аудартпауға болмас еді, себебі олар алғашында осындай бір идеалды факторлардың – тырысулар, қалаулар, қызығушылықтар, қажеттіліктер - ішінде ең болмаса біреуін сипаттауға батыл қадам қойған» .

Көп жағдайда құндылық бағыттарын «қажеттілік» жəне «мотив» деген ұғымдармен анықтайды. Е.И. Головахтың айтуынша, «қажеттіліктегі заттарды адам санасынан өткізе отырып, оның өмірлік құндылықтарының алғашқыларының бірі бола алады». Алайда, Д.А. Леонтьев қарама-қарсы көзқарасын ұсынды, ол «құндылықтар өзімшіл болмайды» деді. Оның айтуынша, қажеттілікке қарағанда, құндылықтар дəл сол мезетте шектеулі болмайды жəне іштей ештеңеге апармайды, тек сырттай тартады деген [6]. Яғни, орнату мен тұлғалық құндылық бағыттарын адамның кез келген əлеуметтік жағдайында қажеттіліктерін реттеп отырады.


Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Кон И.С. Психология юношеского возраста – М.: Просвещение, 1979. – 176 с.

  2. Нестеров В.Т., Иванько Л.И. Личностный потенциал работника: проблема формирования и развития. – М.: Наука, 1987. – 227 с.

  3. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. - М.,1994. – 680 с.

  4. Ломов Б.Ф. Личность как продукт и субъект общественных отношений-М.: Наука,– 603 с.

  1. Милославова И.А. Понятие и структура социальной адаптации. – Л.: Наука, 1974.- 641 с.

  2. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы, эмоции.– М.: Изд-во МГУ, 1971. – 147 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет