Сөж тақырыбы;Стол теннисі оқыту әдістемесімен ойындарының пайда болуы және даму тарихы Орындаған



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі52,1 Kb.
#82086
1   2   3   4
Байланысты:
fis

Халықаралық федерация
Жазғы олимпиадаға үстел теннисі 1988 жылы Сеул олимпиадасынан бастап енді. Ал Паралимпиадалық ойындарға 1960 жылы-ақ енгізілді. (1960 жыл, Рим)
Ірі жарыстар
Ең маңызды жарыстар: Әлем чемпионаты, Әлем кубогі, Олимпиадалар. Танымал құрлықтық сайыстарға келетін болсақ: Еyропа чемпионаты, Europe Top-12, Азия чемпионаты және Азиада.


Үстел тенисi (пинг - понг) – арнайы ережелерге сәйкес ойын үстелiнiң үстiнде жұмыртқа тәрiздес шарды қалақшаның көмегiмен ұрғылап ойнауға негiзделген спорт түрi. Оның пайда болуы туралы пiкiрлер кереғар. Бiрi Азияда – Қытай немесе Жапонияда туындаған десе, ғалымдардың көпшiлiгi оны XIX ғасырдың II жартысында Англияда король теннисiнiң бiр түрi ретiнде дүниеге келдi деп есептейдi. Оған дәлел – XVI ғасырдың өзiнде - ақ Англия мен Францияда өте қызықты, ережесiз ойынның болғандығы туралы деректер. Үлкен тенистегiдей тор қалақшамен: әйелдер ұзын сәндi көйлек, ерлер смокинг киiп ойнаған ескi суреттер әлi сақталған. Бiр қызығы, алғашында еденде, бертiн келе бөлекше орналасқан үстелдерде ойналып, кейiннен екi үстел бiрiгiп, ортасына тор керме орнатылған екен. Бұл ерекше ойын Еуропада пайда болды дегенмен, әлi күнге дейiн әлем бойынша қытайлықтар бiрiншiлiктi бермей келедi.
1926 жылы Германияның Берлин қаласында үстел теннисiнiң федерациясы құрылып, осы жылы Лондонда тұңғыш әлем чемпионаты өткiзiледi. Алғаш чемпионат өткiзiлген күннен бастап тамашалауға келген жұрттың саны 10 мыңнан асты. 1936 жылы аталмыш спорт түрi «үстел теннисi» деген атауға ие болды.

Үстел теннисі – спорт ойынының бір түрі. Үстел теннисі салмағы 2, 40 – 2, 53 г, шеңбері 11, 4 – 12 см целлулоид доппен арнайы үстел үстінде қалақпен ойналады. Үстелдің дәл ортасына биіктігі 15, 25 см тор тартылады, үстелдің ұзындығы 2, 74 м, ені 1, 525 м, биіктігі 0, 76 м. Үстел қоңыр, көк бояулармен боялады. Допты тордан асыра соғып, үстел бетіне бір рет тигізіп қарсылас жағына түсіру керек. Үстел теннисін екі не төрт адам ойнайды. Бір ойын 21 ұпайға дейін ойналады. Бірақ есеп айырмасы екеу болуға тиіс. Мысалы, 22: 20, 25: 23, т. б. Ресми жарыстарда әрбіреуі 20 миниралтан 3 не 5 рет ойналады. КСРО - да үстел теннисі 1925 жылдан басталды. 1950 жылы Үстел теннисінің федерациясы құрылды. Алғашында жекелей, ал 1952 жылдан командалық біріншілік өткізілді. 1954 жылы КСРО үстел теннисі федерациясы халықаралық теннис федерациясына мүше болды. Қазақстанның алғашқы біріншілігі 1953 жылы өткізілді, КСРО чемпионаттарында республика теннисшілері 7 - орын, жасөспірімдер 6 - орын алды. Республикамыздың үстел теннисінің спортшылары Ә. Серікбаева, В. И. Переверзов, А. Тоқпанов, А. Оспановалар спорттың бұл түрін дамытуға зор үлес қосты.
Қазақстанда үстел теннисiнiң қалыптасуы XX ғасырдың 50жылдары Украинадан келген үстел теннисiнiң маманы Анатолий Ицкевичтiң есiмiмен тығыз байланысты. Елiмiздiң тәжiрибелi жаттықтырушысына айналған Анатолий Хаританович Ицкевич әлемге қазақтан шыққан тұңғыш үстел теннисiнiң қарлығашы Әлия Серiкбаеваны сыйлады. Қаракөз қазақ қызы небәрi 9 жасында алғаш қолына қалақшасын алып, «Медик» спорт залында үстел теннисiнiң дәнiн бойына сiңiредi. Болашақ әлем чемпионы мен жаттықтырушының тағдыр жазған кездесуi Әлияның Болат есiмдi ағасының сол шақта жеткен жетiстiктерiнiң арқасы болатын. Араға көп уақыт салмай, Алматыдағы №39 мектептiң 4сынып оқушысы Әлия Серiкбаеваның бейнесi «Физкультура және спорт» журналының бiрiншi бетiнен жарқырап шыға келдi. Балауса қазақ қызының келбетiн бүкiл одақ сүйсiне тамашалады. 1964 жылдан бастап Әлия қыз елiмiздiң атынан КСРО жартылай финалында «ең жас ойыншы» есебiнде қатысты. ХХ ғасырдың 60 - 70 - жылдарында үстел теннисi олимпиадалық ойындар қатарында болғанда, Қазақстанның Әлия Серiкбаевадай өз чемпионы болар едi. Сол кездегi «Казахстанская правда» газетi: «Кiм бiлер, бәлкiм, бiрнеше жылдан соң жас спортшының есiмi Қазақстаннан алыс шартараптарға жайылар…», – деп жазды.
Расында да, бiртуар шебер қыз ұстаз ұғындыруын лезде қағып алып, ойын қажет ететiн мiнездi, қайтпас қайсарлықты, жылдамдықты, нәзiк саясатты терең меңгерiп, ультрашабуылшы маманға айналды. Орта бойлы алғыр қыздың үстел теннисiне деген айрықша сүйiспеншiлiгi Алланың берген дарыны болса керек. 15 жасында КСРО құрамасының сапында, 17 жасында Киевтегi мектеп спартакиадасында спорт шеберi атанады. Ол: «Менiң екi туылған күнiм бар, бiрi – төлқұжаттағы, екiншiсi – Қазақстанның энциклопедиясында» – деген сөздердi керемет мақтанышпен айтады. Есiмi Қазақстаның үлкен энциклопедиясына жазылған, халықаралық деңгейдегi алғашқы қазақ спорт шеберiнiң жетiстiгi жыл санап өсе түстi. Әлия Серiкбаева өзi сүйген спорт саласына үлкен қызы, алғашқы әйелдерге арналған «Сезон» журналының шығарушысы – Жәмиләны машықтады, өзгелер оны «кiшi Серiкбаева» деп атап кеттi.
Үстел теннисiнiң жаңа буыны қалыптасып, спорт мектепинтернаттарында оқып - жаттықса да, әлi күнге дейiн ешкiм де Әлия апамыздан асып түсе алмады. Тiптен, 1997 жылы өткен ересектер арасындағы Мельбурндегi ойында ол Қазақстанның жалғыз спорт шеберi болып қала бердi. Қаншама жыл Қазақстанның үстел федерациясы вице - президентi қызметiн үлкен жауапкершiлiкпен атқарды.
Кез - келген қоғам ұдайы iлгерi басып отыруы тиiс. «Шәкiрттен ұстаздан озар» демекшi, Әлия Қаһарман қызының iзiн жалғастырушы қазақ спорт шеберлерi жоқтың қасы. Әлия апамыз өз сөзiнде: «Менiң жеңiстерiм ұдайы менiң бағыма орай қиындықсыз берiлетiн, егер бар ынтамды салсам, одан да биiкке шығар ма едiм…», – дейдi. Оның бұл сөзiне қарап, қалайша Әлия апамыздың орнын басар спортшы жоқ деген ойға қаласың… Мәселен, 1993 жылы Қазақстан үстел теннисiнен 43 - орында болса, өткен жылы ол 79 - орынға төмендеген. Бұл сұрақ төңiрегiнде үстел теннисiнiң маманы Қуаныш Идиарұлының айтуынша: «Бiздiң мемлекет тек бокс пен күреске ғана жеткiлiктi мөлшерде қаржылай демеу көрсетiп, үстел теннисi сияқты спорт түрлерi шеткерi қалып қояды, оның үстiне мамандар да азайды», – дейдi. Қазақстанның спорт федерациясы үстел теннисi сынды спорт саласына дұрыс көзқарас танытып, мемлекет тарпынан қолдау көрсетiп жатса құба - құп. Тәуелсiз ел болып, тереземiз теңелген соңғы жиырма жылда үстел теннисiнiң ойыншылары бiрде - бiр рет әлемдiк деңгейдегi чемпионаттарға қатыстырылмаған. Бұл спорт ойыны елiмiзде одан әрi дамып, Әлия сынды әлем чемпиондары дүниеге келерiне сенгiмiз келедi. Қазақстан Республикасының құрамасы әлемдік жарыстарға қатысса, жүлделі орындарды иеленсе екен деген үлкен үміт бар.
1. Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады. Бұл дегеніміз күні бойы компьютер алдында отыратын кеңсе қызметкерлері үшін таптырмас спорт деген сөз. Мәселен, компьютер алдында көп отыратын адамдар көзге арналған гимнастика жасауды әдетке айналдырғаны абзал. Ал үстел теннисін ойнағанда шапшаң қозғалған допты көру үшін көз қарашықтары еріксіз қозғалатыны айтпаса да түсінікті. Ал мұнымыз, өз кезегінде, көздеріміз үшін керемет гимнастика.

2. Ойлау шапшаңдығын арттырады. Үстел теннисін «high-speed chess» – «аса шапшаң шахмат» деп бекерден бекер атамаса керек. Бұл спортта допты неғұрлым қатты жылдамдықпен соғу, айналдыра шиіру, үстелге дәл түсіру және қарсыластың соққысына шапшаң бейімделіп, шебер қайтара білу төтенше маңызды. Бұның бәрі тез ойлау мен тез шешім қабылдауды қажет етеді. 

3. Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады. Себебі ойынның сипаты шапшаң ырғақты, қысқа қашықтықты болғандықтан ірі әрі ұсақ бұлшық еттердің қозғалысы жақсарады.

4. Буындарға аса пайдалы. Тізеңіз ауырады ма, арқаңыз тырыса ма, жауырыныңыз сыздай ма? Онда үстел теннисін ойнаңыз. Ол Сіздің денеңізді лезде сергітіп, буындырыңызға аса ауыртпалық түсірместен-ақ, оларды шыңдай түседі.

5. Калорияларды жағып, сымдай тартылып жүрудің керемет жолы. Салмағы 69 килограмды құрайтын адам 1 сағат теннис ойнаса, 272 калорияны оңай жағып жібереді екен.

6. Мидың саулығын сақтайды. Альцгеймер Уикли (Alzheimer’s Weekly) ақпараты бойынша үстел теннисін ойнағаннан мотор дағдылары мен сана сергектігінің шыңдалуы анық байқалған. Жапонияда өткізілген клиникалық зерттеулер нәтижесіне сәйкес үстел теннисін ойнау миға қан ағымын айтарлықтай арттырады екен, тіпті алжудан да сақтауы ықтимал екен.

7. Мидың түрлі бөліктерінің жұмысын ынталандырады. Қарсыластың соққысын қайтарғанда, ойыншы ми қабығының префронтальды (маңдайға үсті) бөлігін қолданады екен, өз кезегінде, мидың бұл бөлігі стратегиялық жоспарлауға жауапты. Ойынның физикалық белсенділікті қажет ететін ширақ қозғалыстары мидың гиппотоламус деп аталатын бөлігін ынталандырады екен, мидың бұл бөлігі ұзақ мерзімді фактілер мен оқиғаларды қалыптастыруға және сақтауға жауапты.

8. Ұжым бірлігін арттырады. Әсіресе бұл қызметкерлері бірін-бірі тани бермейтін үлкен мекеме ұжымдарына оңтайлы болмақ. Жұмыс барысында ортақ істес болмағандықтан, әншейінде кездескенде тек амандасумен шектелетін қызметкерлер үзілісте үстел теннисін ойнау барысында ортақ қызығушылықтары пайда болып, шүйіркелесіп жатады. Оның үстіне үстел теннисі жас және жыныс ерекшеліктеріне келгенде аса демократиялық спорт. Яғни оны жас та, кәрі де, ер де, әйел де бір-бірімен ойнай береді.


Бұл керемет спорт түрінің жоғарыда тізбектелген пайдалы жақтарымен қоса бұл спорт сондай-ақ әр адам өзінің ғұмырыңның аяғына дейін шұғылдана алады, қыста да, жазда да, ғимарат ішінде кез келген ауа райы жағдайларында ойнаға болады, жарақат ықтималдылығы жоққа тақау спорт екендігін айтсақ, үстел теннисінің маңызы одан сайын арта түсетіні сөзсіз.Біздің ойымызша, осындай пайдасы мол спорт түрін неге бұқаралық спортқа айналдырмасқа? Солай жасаудың жолдарын неге қарастырмасқа?

«Астана» ұлттық сурет галереясы директорының міндетін атқарушы Асылхан Садуов жоғарыда аталған үстел теннисінен өткен турнирін қорытындылағандағы сөйлеген сөзінде: «Бұл турнирді ұйымдастырғандағы басты мақсатымыз жеңімпазды анықтау емес, осы керемет спорт түрін неғұрлым кеңінен насихаттау, тарату», – деп атап өткен болатын.Шын мәнінде де, үстел теннисі кеңінен насихаттауға лайықты спорт түрі. Ол үшін үстел теннисін ойнауға қызығатындар санын арттырып, теннис үстелдерін көптеп орналастыру керек. Ол аса қиынға соқпас. Себебі, үстел теннисінің ережелері аса күрделі емес, үйренуге оңай, интернетте үйренем деушілерге арналған бейне материалдар көптеп саналады. Бұл ойын үлкен аумақ пен қымбат жабдықтарды қажет етпейді, пин-понг үстелі аса қымбат тұрмайды. Нарықтағы бағасы 41 000 теңгеден басталады. Теннис үстелдерін мектептерде, институттарда, үзіліс кезінде қызметкерлердің шаршауын басу мүмкіндігін беру үшін түрлі ұйымдар мен мекемелердің холлдарында орналастыруға болады.


Әрбір мекеме немесе ұйым басшылығы қызметкерлерінің денсаулығы мен ақыл-ой сергектігіне көңіл бөлгені абзал. Себебі, жаны мен тәні, ақыл-ойы сергек қызметкерлер өз қызметін жемістірек атқаратыны сөзсіз. Осы тұста қызметкерлердің үстел теннисін ойнауы еңбек өнімділігі мен еңбек тәртібіне кері тигізеді деген ой туындауы мүмкін. Алайда, технология саласында өздерінің инновацияларымен әлемге танылып жатқан стартап компаниялар өздерінің кеңселерінде теннис үстелін орнатуы біраз жайтты аңғартса керек. Мәслен, Гугл компаниясының кейбір кеңселерінде пинг-понг үстелі бар екен. Бұл ойынды жұмыс уақытынан тыс кездерде, мәселен түскі үзілісте, кешке жұмыстан кейін ойнауға болады.Теннис үстелдері көптеп орнатылып, аталған спорттың пайдасы кеңінен насихатталып, ойыншылар саны артса, үстел теннисі бұқаралық спорт болар еді деген үміт бар.
Бұл спорт түрі бұқаралық сипат алса, ұтарымыз көп. Себебі үстел теннисі – олимпиадалық спорт түрі. Ал кез келген елдің белгілі бір спорт түрінде табысқа жетуі үшін, ол спортты өз елінде бұқаралық сипат алуына назар аударғаны жөн. Оған дәлел – Қытай елі. Бұл елде еңбектеген баладан еңкиген қартқа дейін үстел теннисін ойнайды десек артық айтқандық болмас. Үстел кеңінен тарағандықтан осы спорт түріндегі Қытай атлеттері әлемде жеке дара үстемдік етуде. Соңғы үстел теннисінен ерлер арасында өткен 8 әлем чемпионатында 40 алтын медаль додаға салынып, олардың үшеуін ғана қытайлықтар ұтпаған, қалған алтын медальдардың бәрін аспан асты елінің атлеттері қанжығалаған. 1988-2012 жж. аралығында өткізілген олимпиада ойындарында 28 алтын медалі ойнатылып, оның 24 қытайлықтар еншілеген.Қазақстанның бұл спорт түріндегі жағдайы көңіл көншітерлік емес. Үстел теннисінен Қазақстанның нөмір бірінші спортшысы Рио олимпиадасына қатысып, аталмыш доданың І раундында жарыстан шығып қалған Кирилл Герасименко әлемдік рейтингте 137 орында. Ал елдер арасындағы әлемдік рейтингте Қазақстан 49 орында тұр. Бұл жағдайды үстел теннисін Қазақстанда үлкен де, кіші де, жас та, кәрі де ойнайтын бұқаралық спорт түрі деңгейіне көтеру арқылы түзеуге болады. Салауатты өмір салтын басымдықтарының бірі етіп белгілеген еліміз үшін бұл мақсат орындалады деп сенім білдіреміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет