Редпен санау Бір орында тұрып оңға,солға толық айналу



Дата27.05.2022
өлшемі51,65 Kb.
#145269
Байланысты:
тепе тендик
THOZKOLVLRAG23112022223225, LIWFJMZWGECD23112022162410

Гимнастика
Редпен санау
Бір орында тұрып оңға,солға толық айналу.
Қатарда оңға солға түзелу.
Бір орында алтыдан-үштеннемесе бір орында тоғыздан –алтыдан санау арқылы сапты созу.
Сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру.
Қатарға тұру.
Жалпы дамыту жаттығулары.
Ерекшеліктері:бұлшық еттердің жекеленген топтарына,кеуденің,құрсақ шандарының,аяқтың және басқа жерлерінің бұлшық еттеріне әсер етуі.Жалпы дамыту жаттығулары маңызды білімділік қызметін атқарады.Мұғалімнің нұсқауы бойынша,жаттығу орындау барысында,оқушылар әр түрліқимылдармен танысады,бірте-бірте күш-қуат,жылдамдық,ырғақ,екпін және қимыл амплитудасы туралы түсініктермен танысады.
Талаптары:жаттығуларды орындау барысында өте тиімді қарапайым жаттығулардан бірте-бірте күрделіге ауысуы;
Денеге түсетін салмақтың бірте-бірте өсуі;
Әртүрлі бұлшық еттер топтарына қарай жаттығуларды іріктеу,бірте-бірте орындатуы;
Дұрыс тұлңа қалыптастыруға негізделген және тыныс алу жаттығуларын міндетті түрде жоспарлау.
Қ
Негізгі бастапқы қалыптар:негізгі тұрыс-тік тұру-аяқ алшақ-иық деңгейінен алшақ-тік тұру-аяқ алшақ,оң немесе сол аяқ алда-тік тұру аяқты айқастыру-тік тұру аяқ бірге-тік тұру оң аяқ алда,сол аяқ артта.
Қолға арналған бастапқы қалыптар:қол белде-қол иықта-қол кеудеде-қол арқада-ұол желкеде-қол баста-қол алда-қол жанда-қол артта.
Сонымен қатар жартылай отыру,толық отырубарысындаәр түрлі бастапқы қалыптарды қолдануға болады.Мысалы:тізені бірге ұстау немесе алшақ ұстау қалпы,аяқтың ұшымен тұру немесе толық отыру,қолды тіреп отыру,бір тізеиен немес екі тізеиентқру.
Дененің тұлғасын құрыс қалыптастыру факторлары.
Тұқымқуалаушылық.
Еңбек пен демалысты дұрыс пайдалану.
Әлеуметтік жағдай.
Тамақтану.
Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары.
Қарлығаш жасау.
Қолды жайып,аяқтың ұшымен жүру.
Жартылай отырып,өкшені көтеріп бұрылу
Тізені жоғары көтере жүру,жаттығуларын дамыта үйрету.
Жүру.
Еліктеп жүру әдісі.
Аяқтың ұшымен,еңкейіп,тығылып жүру.
Аяқтың сыртқы қырымен жүру.
Қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру.
Қолды әр түрлі қалыпта ұстап аяқтың ұшымен жүру.
Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып жүру.
Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып,қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру.
Кең,еркін адым жасап, тұлғаны дұрыс ұстап жүру.
Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен жүру.
Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен қолдышапалақтап жүру.
Ұжымның санауы бойынша ырғақпен жүру.
Екпінді өзгертіп жүру.
Ені 20 см белгілі сызық арқылы жүру.
Бөксені көтеріп жүру.
Белгіленген сызықтың ортасымен бөксені көтеріп жүру.
Аяқтың ұшымен бөксені көтеріп жүру.
Аяқтың ұшымен белгіленген сызықтың ортасымен бөксені көтеріп жүру.
Үлкен адымдар жасап жүру.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет