Сөж тақырып: орталық ЖҮйке жүйесінің ноцецептивтік жүйесі. Неврологиядағы ауырсыну синдромы



бет2/5
Дата11.04.2023
өлшемі1,4 Mb.
#174202
1   2   3   4   5
Байланысты:
Альбина 2
184843, CN Project Report

  • Қуыс ағзаларда (ішек-қарын, өт қабы, қуық т.б.) ноцицепторлар ет талшықты қабаттарында, ал ұлпалы ағзалардың (бауыр, бүйрек) олардың сыртқы қапшықтарында орналасады.Ауыру сезіміне шажырқай, қабырғалық өкпе қап және іш перденің артқы бөліктері өте сезімтал болады. Ал, ағзалық өкпе қап пен үлкен шарбы май ауыруды сезбейді.
  • Ағзалық ауыру қабыну мен ишемия кездерінде байқалады. Қабыну медиаторлары (брадикинин, серотонин, гистамин,простагландиндер т.б. Биологиялық белсенді заттар) жүйке аяқшаларының сезімталдығын көтереді.
  • Ішкі ағзалардың ауыруы мына жағдайларда байқалуы мүмкін:
  • Қан айналым бұзылыстарынан (жүрек ұстамасы, ми тамырлардың қатты жиырылуы немесе тым кеңуі, шажырқай мен бүйрек артерияларының тромбозы)
  • Тегіс саласы еттердің жиырылуынан (асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауыруы, холецистит, энтерит, колит т.б.)
  • Қуыс ағзалардың қабырғаларының (өт қабының, бүйрек түбекшелерінің, несеп жолдарының) керіліп кетуінен.
  • Қабынудың іргелік іш пердесіне, қабырғалық өкпе қапқа тарауынан

Өткізгіш бөлігі

  • Ауыру сезімін қабылдағыштардан серпімдерді өткізетін арнайы жүйке талшықтары болады. Екі түрлі талшықтарды ажыратады:
  • Миелин қабығымен қапталған, жуан (жуандығы 1-4мкм)- А– талшықтары, серпіндерді секундына 5-30 метр жылдамдықпен өткізеді; Бұл талшықтардың аяқшалары ауыр механикалық, температуралық ықпалдардан қозады және бірінщілік, орныққан (эпикритикалық) қатты ауыру сезімін туындатады.

2. миелин қабығынсыз, жіңішке (жуандығы 1мкм-ден аз)- С- талшықтары, серпіндерді секундына 0,4-2метр жылдамдықпен өткізеді. Бұл талшықтардың аяқшалары бүлінген тіндерде пайда болған биологиялық белсенді заттармен қоздырылады. Бұл кезде екіншілік, жақсы орнықпаған (протопатиялық), біртіндеп күшейетін, сыздап немесе күйдіріп ауыратын сезім байқалады.

  • 2. миелин қабығынсыз, жіңішке (жуандығы 1мкм-ден аз)- С- талшықтары, серпіндерді секундына 0,4-2метр жылдамдықпен өткізеді. Бұл талшықтардың аяқшалары бүлінген тіндерде пайда болған биологиялық белсенді заттармен қоздырылады. Бұл кезде екіншілік, жақсы орнықпаған (протопатиялық), біртіндеп күшейетін, сыздап немесе күйдіріп ауыратын сезім байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет