Сөж тапсырма: «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу» тақырыбында сараптама жұмысы Орындаған



бет3/3
Дата30.04.2022
өлшемі203,74 Kb.
#141571
1   2   3
Байланысты:
СӨЖ 1 Философия Жандабаева Жұлдыз 207
14тест Тжт Бибитова Кенжегүл 207 (копия), Үңгір аллегориясы қазіргі түсінігі - Эссе, 9-сынып аза дебиеті (о ыту аза тілінде) Жиынты ба алау тап
ІІІ. Қорытынды
Үңгір аңызынан қандай философиялық тұжырымдар жасауға болады? Біріншіден, болмыстың әртүрлі деңгейлігі жөнінде – сезімдік болмыс пен құдіретті болмыстың бар екендігі; үңгірдің ішіндегі көлеңкелер – сезімдік әлем, ал жер бетіндегі адамдар мен заттар – нағыз болмысты, құдіретті әлемді көрсетеді, ал Күн – ол ізгілікті көрсететін идея.
Екіншіден, танымның деңгейлерін байқауға болады – ол сезімдік таным, ақыл-оймен тану, интуитивтік (іntuіtіo – латын сөзі, ақиқатты еш дәлелдемесіз-ақ оймен көру) жолмен соңғы себептерге жету.
Үшіншіден, бұл аңыздың моральдық, аксиологиялық жағын да байқауға болады. Өмірде тек қана сезім толқынының шеңберінде болу – ол үңгірдегі өмір. Рухани өмір сатысына көтерілу – ол нағыз болмыс әлеміне көтерілумен тең. Ал Күннің өзін көріп-тамашалау – ол құдіретті күшті көрумен тең. Ал идеялар әлемі бар болса, оның қай жерде екені туралы заңды сұрақ туады. Оның орнына Платон: «Гиперуранияда – ол аспаннан да жоғары орналасқан», – дейді. Олай болса, ол материалдық әлемнен басқа, оны тек ақыл-оймен ғана түсінуге болады. Платон идеялар әлемін белгілі бір жүйе ретінде қарайды. Олай болса, оның төменгі және жоғары дәрежеде орналасқан құрамдас бөліктері бар. Жүйенің ең шыңында ізгілік идеясы орналасқан. Ол – Бірліктің көрінісі. Оған қарсы тұрған екінші бастау – ол Диада – шексіз көптіктің бастауы, үлкен мен кішкентайды, шексіз үлкен мен шексіз азды қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет