Сөйлем ішінде қызметі, сұрағы, тұлғасы бірдей және бір ғана мүшемен байланысатын бірнеше сөз жиынын сөйлемнің



Дата01.03.2023
өлшемі15,37 Kb.
#170637
Байланысты:
Бірыңғай мүше


Сөйлем ішінде қызметі, сұрағы, тұлғасы бірдей және бір ғана мүшемен байланысатын бірнеше сөз жиынын сөйлемнің бірыңғай мүшесі деп атаймыз.

Сөйлемнің біріңғай мүшесі барлық сөйлемнің мүшелері бола алады.



Р/с

Мысалдар

Сұрағы

Сөйлемдегі қызметі

1

Қайрат, Ербол, Ләззат халқының жүрегінде мәңгілік сақталады.

Кімдер?

Бірыңғай бастауыштар

2

Олардың батылдықтарын, елжандылықтарын, адалдықтарын ел аңыз етіп ұрпағына жеткізеді.

Нені?

Бірыңғай толықтауыштар

3

Өр мінезді, асқақ сезімді, жоғары талғамды ақынның жыр жолдары ешкімді бей-жай қалдырмаса керек.

Қандай?

Бірыңғай анықтауыштар

4

Күңірентіп, жауындатып, дауылдатып, ағындатып салынған Әсет әні тыңдарманын баурап алды.

Қалай?

Бірыңғай пысықтауыштар

5

Шоқан араб өлеңдерін ерекше ұнататын, тамсанып отыратын.

Не істейтін?

Бірыңғай баяндауышта

Сөйлемнің біріңғай мүшелері жалғаулықты, жалғаулықсыз шылаулар арқылы байланысады.


тыныс белгісі үтір. (қойылуы, қойылмауы)

мысалы:

Ащы мен тұщыны татқан білер,алыс пен жақынды жортқан білер (мақал).-мен,-бен,-пен жалғаулығы арқылы байланысқан

Жалпылауыш сөздер – сөйлемнің біріңғай мүшелеріне мәнін білдіретін мүше.


Жалпылауыш мүшелер бірыңғай мүшелердің алдынан не соңынан келеді.


Жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің алдында келгендіктен одан кейін қос нүкте қойылып тұр.


Оның боигадасында түрлі ұлт өкілдері: орыс, татар, ұйғырлар істейді.


Бірыңғай бастауыштар жалпылауыш сөздің (барлығы) алдында келгендіктен жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады да,бірыңғай мүшелер өзара үтір арқылы бөлінеді.




Сайрам, Тараз, Отырар – бәрі көне қала.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет