Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты


Мәтінді оқып, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз



бет14/26
Дата08.12.2023
өлшемі98,68 Kb.
#195481
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Задани по олимп 7 класс
liderstvo-v-obrazovatelnom-protsesse, Список учеников., 5 б класс
Мәтінді оқып, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана – болашағы үлкен қала.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Біздің ел тез дамиды және гүлденеді. Мен отаншылмын. Мен өз елімді сүйемін, себебі мен Қазақстанда тудым, өстім және оқып жүрмін.

1. Сөйлемді толықтырыңыз. Парламент үйі ... орналасқан.
А) Астана ауданында
В) Есіл өзенінің бойында
С) Елбасы Резиденциясында
D) Жастар сарайының қасында
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Астана – еліміздің бас қаласы.
В) Сарыарқа жеріндегі қаланың болашағы үлкен.
С) Елбасы Резиденциясы Сарыарқа көшесінде орналасқан.
D) Еліміздің астанасы Есіл өзенінің жағасына орналасқан.
3. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз.
А) табиғат, жұмыс, Есіл
В) Отан, табиғат, Астана
С) мақсат, жұмысшы, Отан
D) еңбек, астана, ынтымақ
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. 1991 жылы ... .
А) Парламент үйі салынды
В) Астана қаласы салынды
С) ҚР-ның тұңғыш Президенті сайланды
D) Н.Ә. Назарбаев Резиденциясы салынды
5. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Қазақстанның бас қаласы қай қала?
В) Астананың бұрынғы атауы қалай аталды?
С) Астана қаласының іргетасы қашан қаланды?
D) Астана қаласы қай жылы еліміздің бас қаласы болды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет