Сөйлеудің дамуындағы фонематикалық қабылдау рөліне педагогтардың көзқарасы



бет1/3
Дата16.03.2023
өлшемі22,57 Kb.
#172738
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Сөйлеудің дамуындағы фонематикалық қабылдау рөліне педагогтардың көзқарасы
Сөйлеудің дамуындағы фонематикалық қабылдау рөліне педагогтардың көзқарасы


Сөйлеудің дамуындағы фонематикалық қабылдау рөліне педагогтардың көзқарасы
Баланың мектепке түсуі – баланың әлеуметтік жағдайын өзгертетін өміріндегі маңызды кезеңі болып табылады. 7 жастағы бала жалпы типтегі мектепке дейінгі мекеменің дайындық тобының бағдарламасындағы білім, білік және дағдылардың көлемін меңгеру керек. Р.Е.Левина, Н.А.Никашина, Г.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.Е.Чиркина, И.К.Колпаковская, А.В.Ястребова секілді басты ғалымдар баланың сөйлеу тілінің даму деңгейі мен оның сауат ашу мүмкіндіктерін меңгеру арасында тура байланыс бар екенін дәлелдеді
Сауат ашуға оқытудың әдістемесінде ортақ қабылданған жайт сөздің дыбыстық жағымен тәжірибелік танысуы оқуды, кейіннен жазуды меңгеру үшін қажетті алғышарт болып табылады.
Балада оқу дағдысы сөйлеу дыбыстарының буынға, сөздерге қосылуынан кейін қалыптасады. Белгілі психолог, Д.Б.Элькониннің пікірі бойынша «оқу – сөздің графикалық үлгісі бойынша дыбыстық формасының құрылуы». К.Д.Ушинский «саналы оқып, жазуға тек қана сөздің дыбыстық-буындық құрылымын түсінген қабілетті», - деген. Баланың жазба тілді тез және оңай меңгеруі үшін оған дыбыстық анализ бен синтезді үйрету керек.
Фонематикалық қабылдаумен қатар сөздіктің қарқынды дамуы және дыбыстауды меңгеру жүреді. Дыбыс туралы нақты фонематикалық түсініктер дыбысты дұрыс дыбыстау кезінде болатынын ескеру керек. С.Бернштейннің пікірі бойынша «біз дұрыс айтатын дыбыстарды ғана дұрыс естиміз»
Фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар балаларды коррекциялық оқытудың мазмұны
Коррекциялық оқытудың негізгі міндеттері:
Дыбысты айтуды қалыптастыру.
Фонематикалық естуді дамыту.
Сауат ашуға дайындау.
Логопедиялық жұмыс баладағы бар (сақталған) дыбыстардың артикуляциясын нақтылаудан басталады.
Сабақтар фронтальді (барлық топпен) және жеке түрде ұйымдастырылады.
Фронтальді сабақтар балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып бір жоспармен белгілі бір жүйеде жыл бойы жүргізіледі. Бұл сабақтарда ең алдымен дауысты дабастарды айту жаттықтырылады: а, у, и, ә, э, о, ү, ұ, і, е содан кейін дауыссыз: п, к, л, х, с, з және қайта қойылған дыбыстар: ц, т, б, д, г, ш, л, ж, р, ч , щ.
Балалардағы дыбысты айтуды дамыту үрдісінде тілдің дыбыстық жағына назар аударылады. Дыбыстарды айтуды түзете отырып, логопед сөзді тыңдауға, сөйлеудің жеке элементтерін айтып, ажыратуға, есту арқылы қабылданған мәліметті есте ұстауға, өзінің сөзінің айтылуын естіп, өз қателіктерін түзетуге үйретеді. Қойылған дыбыстарды бекітуге арналған жаттығулармен қатар біртіндеп келесі белгілер бойынша дыбыстарды дифференциациялауға жаттығулар енгізіледі: ызың және ысқырық (с-ш, з-ж); фрикативті және аффрикаттар (с-ц); жатықтар және вибранттар (р-л); жұмсақ және қатты (с-с,, з-з,) .
Тілдің дыбыстық жағы мен есту есіне назарды тәрбиелеу мақсатымен оқу жүйесінде екі топқа бөлуге болатын арнайы жаттығулар қарастырылады. Жаттығулардың бір тобы тек қана сөйлеуді қабылдауға бағытталған – балалар суреттерді көрсету, әрекеттер көмегімен сұрақтарға жауап береді. Мұнда арнайы таңдалған нұсқаулар мен басқа да сөздік мәліметтерді, есту арқылы қабылданған сөздер қатарын еске сақтау жатады. Бұл жаттығулар әсіресе оқудың басында қажет, яғни балалардың дұрыс айтатын белсенді сөздігі шектеулі болғанда. Жаттығулардың екінші тобы сол мақсатпен тек қана лексикалық мәліметтердің дұрыс қолдануын емес, сонымен қатар оның айтылуын қарастырады. Мұнда есту арқылы қабылданған буындар қатарын, сөздер қатарын, сөйлемдерді қайталау; дұрыс дыбыстауды бекітумен байланысты түрлі сөз материалдарын жатқа жаттау жатады.
Жаңа дыбыстарды меңгеру бойынша балаларды біртіндеп сөздердің септіктер, әрекет уақыты, саны бойынша өзгеретінімен таныстырады. Мысалы, с, с,, з, з, дыбыстарын дұрыс айтуды бекіту кезінде балалар зат есімге сын есімді таңдайды (сары май, қызыл орындық).
Р-л дыбыстарының дифференциациясы кезінде логопед балалар қолданатын зат есімнің әр септігіндегі сөз тіркестерін таңдайды.
Бұл уақытта сұрақтар бойынша, тірек сөздер бойынша сөйлемдер, демонстрация бойынша әрекеттерді құрастыруға арналған түрлі жаттығуларды енгізеді. Содан кейін логопед сабақтарына мазмұндама, мәтінді жаттау, әңгіме құрастыру, сурет, суреттер сериясы бойынша әңгіме құрастыру жаттығуларын енгізеді.
Әр фронтальді сабақта балаларды тілдің дыбыстық құрамын анализдеуге дайындау бойынша жаттығуларды өткізеді. Алдымен мектепке дейінгі балалардың назарын жеке дыбыстар мен сөз құрамындағы дыбыстарға аударады («егер у дыбысын естісең, егер т дыбысы бар сөзді естісең, егер п дыбысы бар буынды естісең шапалақта», «атында и дыбысы бар суреттерді таңда»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет