Сөйлеудің дамуындағы фонематикалық қабылдау рөліне педагогтардың көзқарасы


Ойын –балалардың фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін түзетудегі басты әрекет түрі ретінде



бет2/3
Дата16.03.2023
өлшемі22,57 Kb.
#172738
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Сөйлеудің дамуындағы фонематикалық қабылдау рөліне педагогтардың көзқарасы
Сөйлеудің дамуындағы фонематикалық қабылдау рөліне педагогтардың көзқарасы
Ойын –балалардың фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін түзетудегі басты әрекет түрі ретінде
Ойын – бұл көп жақты түсінік. Бұл сол үрдіс кезінде ересектердің балаларға талабы, балалардың өздеріне деген талабы тәрбиеленетін сабақты, көңіл көтеруді, сайысты, жаттығуды, тренингті білдіреді.
Неміс психологы карл Гросс 19 ғасырдың соңында алғаш болып ойынды жүйелі зерттеу талпынысын жасады. Гросс ойынды мінез-құлықтың бастауыш мектебі деп атайды. Гросс бойынша, ойындар түрлі физикалық және психикалық күштерді жаттықтыру үшін қызмет етеді, ойынның көзі биологоиялық механизм .Ойын барысында тек қана баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырмай, сонымен қатар байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту, грамматикалық формаларды меңгеру секілді дағдыларын да қалыптастырады.
Байланыстырып сөйлеу ойлау әлемінен бөлінбес құбылыс. Байланыстырып сөйлеу – ойлаудың байланыстылығы. Байланыстырып сөйлеуде баланың ойлау логикасы, қабылдағанын түсініп, дұрыс, анық сөйлеу арқылы білдіру бейнеленеді.
Бала тұлғасының жан-жақты дамуындағы ойынның мәні.
Ойын- балаларға түрлі заттармен әрекет жасауға, қарым-қатынас тәсілдері мен құралдарын үйретіп, тәрбиелеу мақсатында ересек адамдар қолданатын балалар әрекетінің бір түрі. Ойын барысында бала тұлға ретінде дамиды, балада барлық психикалық жақтары қалыптасады.
Ойын кезінде балада ұжымдық қасиеттері қалыптасады. Баланың тек адамгершілігі ғана емес, сонымен қатар оның интеллектуалдық ортасы ауысады, өйткені ұжымдық ойында ортақ ойын мақсатына жету және тұрмыстық мазмұны дамиды.
Ойын барысында балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу. Ойын кезінде қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу үрдістері дамиды. Бұл негізгі психикалық үрдістер, олардың жеткілікті дамуынсыз үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу туралы айтуға да болмайды. Баланың ойлау қабілетінің даму деңгейі оның әрекетінің сипатын, оның жүзеге асырылуының ақыл-ой деңгейін анықтайды. Бала өз әрекетінен көп тәжірибе, тәрбиешілер мен ата-анасынан жаңа нәрселерді үйренеді.
Ойында баланың адамгершілік нормаларды меңгеруі жүреді, әрекеттерді орындауға жауапкершілігі артады. Психолог Д.Б.Эльконин бұл үрдістің үш сатысын көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет