Сонда Садық



бет4/5
Дата18.06.2020
өлшемі48,28 Kb.
#73797
1   2   3   4   5
Байланысты:
2з3л мысал

Білемін баяғыдан Ұзақбайды,

Ұзекең қызды әзілмен тұзақтайды...

Сондайын айтсаң болды бетін басып,

Ұзақбай қызараңдап тызақтайды.

«деген екен...»

35-36 бет
ӨЛЕҢМЕН СӨЙЛЕУДІҢ ДЕ ЖӨНІ БАР

Ақын Сырбай Мәуленов шығармашылық сапармен бірде Жамбыл облысын аралайды. Ол жақтағы жергілікті бір жас ақын Сырағаңды қолтығынан жетелеп, үйіне қонаққа апарады. Жас ақынның аздап кеудесінің желі бар ма, айтар сөзін ұйқаспен, өлеңмен айтуға тырысады екен. Сырағаңды төріне жайғастырған бойы, өзі де тізе түйістіріп отыра қалып:



Сыр-аға, отырайық өлеңдетіп,

Әр жолын өлең сөздің көлемді етіп, -

деп сөз бастайды.

Сонда Сырағаң:

Өлеңді жеңіл-желпі айта салып,

Бағасын не қыламыз төмендетіп, -

деп іле жауап береді. Әлгі жас ақын Сырағаңның осы сөзінен соң өлеңмен сөйлегенді сап қойыпты.

«деген екен...»

36 бет


МҰЗАҒАҢНЫҢ ЗАПИСКАСЫ

Жазушылар одағында кезекті бір жиналыс өтіп жатады. Одақ басқармасының хатшылығына әр түрлі адамдар ұсынылып, жұртшылық кезек-кезек мінбеге шығып сөз сөйлейді. Сөйлеушілердің көпшілігі біреуді мақтап, біреудідаттап, бұра тарта берген соң, жиналыстың соңы айтыс-тартыс, дау-дамайға айнала бастайды. Даудың сондай бір қызған тұсында мінбеге айқайлап сөйлейтін ұраншылдау бір қаламгер шығады. Ол кісі қолын оңды-солды сілтеп, жылтыр сөздің майын тамызып, саясатты соққан кезде, ауылдан келген бір жас ақын:



  • Мұзаға, мына кісі кім еді... Менімше, ақылды сөз айтып тұр, - деп қасында отырған Мұзафар Әлімбаевқа бұрылады.

Сонда Мұзағаң «үндеме» дегендей ишара жасапты да, қойын дәптерінің бір парағын жыртып, жас әріптесіне мына бір өлең жолдарын жазып беріпті:

Ақылды ма?

Атама! Шала есі бар...

Шұбатылған жыландай пәлесі бар,

Көсеулікке татымас бұл шіріктің

Көсемдіктен, о тоба, дәмесі бар!

«деген екен...»

36-37 бет

ЖЕР ШАРЫ ҚАЛАЙША КӨТЕРІП ТҰР?

Сексен бестің сәуірінен соңғы жаңалыққа да, жаңаруларға толы алғашқы үш-төрт жылда баспасөз беттері ұрандаған мақалаларға, қайта құрғанақыл-кеңестерге толып кеткені белгілі ғой. Бірде ақын Сырбай Мәуленов сондай газеттің бірін оқып отырып, күрсіне басын шайқапты.


  • Сыраға, терең күрсіндіңіз ғой, не болды сізге? – дейді қасындағы інілерінің бірі.

Сонда Сырағаң:

Алдында бөгетжоғын көрді дағы,

Бұл күнде білгіш болды елдің бәрі.

Осынша шешендер мен көсемдерді,

Қалайша көтеріп тұр жердің шары,-

деп табанда өлеңмен жауап беріпті де,тағы да күрсініпті.


«деген екен...»

37 бет


ХАЛЫҚ ҚУЫП ШЫҒАДЫ

Жазушылар одағында жиналыс, басқадай да басқосулар бола қалса, үнемі белсеніп мінбеге шығып, тисе терекке, тимесе бұтаққа дегендей, әйтеуір сөйлей беретін, сөйтіп бір көрініп қалуға тырысатын қаламгерлер де кездесіп қалады. Ділмәрсіп ұзақ тұрып алған ондайларды жазушылар кейде амалсыз қол шапалақтап, сөзін естіртпей, «қошеметтеп» мінбеден қуып түсіреді екен. Жиналған жұрттың уақытын алып, зықысын кетіріп жүрген сондай «белсенділер» туралы ақын Мұзафар Әлімбаев бірде былай деп жазыпты.



«Жиын бар ма бүгін» - деп,

Жыны буып шығады.

Мінбе тапса дүрілдеп,

Сұсты-суық шығады...

«Былшылдаған бұ кім деп?» - деп,

Халық қуып шығады.

«деген екен...»

38 бет

ШАЛКИІЗДЕН ШЫҚҚАН ШАТАҚ



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы Мұхтар Мағауин оқырмандарға о баста аса талантты ғалым ретінде танылғаны белгілі. Мұхаңда қаламдас аға-достары кейде «Қазақтың жазба әдебиеті тарихын бес ғасырға жылжытқан ғұлама» деп те атайды екен. Қазақ әдебиетінің бастау-бұлағын Мұхаң қалайша сонау XV ғасырға апарып жүр? Бұл жөнінде ел арасында да әртүрлі алыпқашпа әңгімелер бар. Әрине, ондай әңгімелердің қоспасы да көбірек, бояуы да қалыңқырақ болуы мүмкін. Ал біздің айтып отырғанымыз – Мұхаңның өз аузынан орайы келгенде суыртпақтап жазып алған дүниелері еді.

1966 жылы «Мектеп» баспасында «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты хрестоматияның қолжазбасы талқыланды. Кітапты құрастырғандар Мырзатай Жолдасбеков, Ханғали Сүйіншәлиев, Мұхтар Мағауин екен. Ол – Мұхтар Мағауиннің кандидаттық диссертациясын дайындап, түрлі кедергілерге кезігіп, жұмысын өткізе алмай жүрген кезі болса керек. Соны білетін қолжазбаның редакторы Бақытжан Хасанов редакциялық кеңес басталмай тұрып Мұхтарға:



  • Қажекең ренжіңкіреп, ашуланып отыр. Ол кісі сөйлейтін болса – сен үндемей-ақ қой. Ертең қорғап жатсаң – кедергі боп жүрер, - дейді сыбырлап. «Қажекең – дегені – Қажым Жұмалиев, - академияның корреспондент мүшесі, профессор, атағы жар жарған ғалым, әйгілі әдебиет зерттеушісі».

  • Жарайды, арыстанмен айқасып не көрінді маған, - дейді де, Мұхаң бір бұрышқа барып үнсіз отырады.

Қолжазбаны талқылау басталып кетеді. Біреу мақтайды. Біреу даттайды дегендей әртүрлі пікір, ойлар, ұсыныстар айтылып, кеңес мүшелері ортақ бір шешімге келе алмайды. Осы кезде Қажекең дауыс көтеріп:

  • Оның несіне дауласасыңдар... Шалкиіз деген жоқ, Доспамбет деген жоқ, Қазтуған деген жоқ... Бәрі де ойдан шығарылған аттар, - дейді.

Жиналған жұрт сілтідей тына қалады.

  • Мына кітапқа Шалкиіздікі деп тықпалаған дүниенің бәрі де – Махамбеттің өлеңдері, - дейді Қажекең сөзін жалғап.

«Арыстанмын айқаспаймын, тыныш отырам» деп уәде берген Мұхтар Мағауин дәл осы тұста орнынан атып тұрады:

  • Ойдан шығарылған жоқ, Қажеке, - дейді лықсыған сезімін барынша тежеп.

Қажекең жас жігітке бұрылып, бір қарайды да:

  • Қарағым, бұл өлеңдер Махамбеттің 1925 жылы шыққан жинағында басылған, сіз оны білесіз бе? – дейді.

  • Білемін, - дейді Мұхаң да табандап, - бірақ бұл өлеңдер сіз айтып отырған кезден тура 50 жыл бұрын, 1875 жылы Шалкиіздің өлеңдері деп Орынборда басылып шыққан.

  • Сен бала қой! – деп Қажекең айқай салды, - сен айтқаннан 50 жыл бұрын Махамбет бұл өлеңдерді өз аузынан шығарған!

Ұрыста тұрыс болсын ба, енді жас Мұхтар да дауысын көтеріп, айқайға басады:

  • Қажеке, сіз айтып отырған уақтан тура 500 жыл бұрын қазақ бұл леңдерді Шалкиіздікі деп айтып жүрген болатын!

Қажекең не дерін білмей мүдіріп қалады.

  • Ендеше, мен бұл мәселені басқаша қоя! – деді күбірлеп.

Сонда Мұхтар:

  • Мен жақында қорғаушы едім, әңгімені сол жерде жалғастырайық! – депті екпінін баса алмай.

***

Мұхтар Мағауин диссертациясын қорғайды. Шақырылған Қажым Жұмалиев ғылыми кеңеске келмейді. Арада тағы дабіраз уақыт өтеді.

Бірде екеуі Жазушылар одағының кезекті бір Пленумының мәжілісінде кездесіп қалады.


  • Өжет жігіт екнсің, диссертацияны сәтті қорғады деп естідім, құтты болсын! – дейді Қажекең Мұқаңның қолын қысып.

  • Рахмет! Сіздің де алпысқа толған мүшел тойыңызбен құттықтаймын! – дейді аға сыйлай білетін Мұхаң да ізетпен.

  • Әрине, сен кандидаттық атаққа әбден лайық жігітсің. Бірақ ұстанған концепцияң қате... Шалкиіз бәрібір әдебиет тарихына енбейді! – дейді Қажекең.

Сонда Мұхтар:

  • Қажеке, - депті саусақтарын бірінен соң бірін санай бүгіп, - менің жасым қазір жиырма жетіде. Сіз жасыңыз келген ақсақалсыз. Сондықтан таяудағы жылдың ішінде Шалкиіз әдебиет тарихына енеді деп алдыңызда уәде бере аламын, - деген екен.

«деген екен...»

38-41 бет

АҚШАСЫ ЕМЕС, АТАҒЫ ҮШІН

1958 жылдың көктемінде Ғабит Мүсірепов КСРО Жоғарғы Советіне депутаттық кандидат болып тіркеледі де, қасына ақын Мұзафар Әлімбаевты ертіп, шағын самолетпен Мәскеуге ұшады. Бірақ самолеттері апатқа ұшырап, абырой болғанда Қызылқұмның шағылына құлап, жолаушылар аман қалады. Аман қалған жолаушыларторғайдай тозып, құмды кешіп бір ауылға жетеді. Бой жазып дем алған соң Ғабең мен Мұзағаң ауылдың дүкеніне кіреді. «Іш киімім тозып жүр еді» - деп Ғабең ағараңдаған бірдеңені құлаштап өлшеп жатқан кезде, Мұзағаң оның бағасын біліп алып, сатуышыға ақшасын төлейді. Мұны байқап қалған Ғабең:


  • Әй, кедей (ол кісі Мұзафарды ылғи да осылай атайды екен), сен не істеп жатырсың? Немене, байып кеттің бе? – депті.

Сонда Мұзағаң:

  • Әлі байи қойғам жоқ, Ғабе. Бірақ қазақтың Ғабитіне дамбал сатып алып берген деген атақтың өзі неге тұрады. Сол атақ үшін төлеп жатырмын, - деген екен.

«деген екен...»

41-42 бет


КҮРІШ-ДУГ

Жазуға ден қойғанда күй талғамайтын жазушының бірі Бейімбет болған.

Бірде түн ортасы болса керек, үй іші тегіс шырт ұйқыда екен. Бір уақытта Бейімбеттің:


  • Гүлжамал, а Гүлжамал! – деген дауысы естіледі.

  • Е, не боп қалды?! – деп Гүлжамалда басын көтеріп алады ғой. Сонда Бейімбет:

  • Осы күрішті татарша қалайша айтушы еді? – депті.

  • Ой, тәйірі-ай, бірдеңе болып қалған екен десем, «дуг» дейді татарлар...

  • Болды, болды, енді ұйықтай бер! –деп Бейімбет жазуға кірісіп кеткен екен.

«деген екен...»

42 бет


ӘБІЛАХАТТЫҢ ҚАЛАМҚАСЫ

Бірде атақты композитор Әбілахат Еспаевтың «Мәдениет және тұрмыс» жураналына (қазіргі «Парасат») нотасымен бір өлеңі шығады. Сол өлеңнің қалам ақысын барып алса – әдейі аз қойған ба, ақшасы мардымсыздау екен. Әбілахат ақшаны алады да, журналдығ жауапты хатшысына кіріп:



  • Мәдениеттерің жақсы, тұрмыстарың нашар екен, - депті де, шығып жүре беріпті.

«деген екен...»

42 бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет