Сонда Садық



бет5/5
Дата18.06.2020
өлшемі48,28 Kb.
#73797
1   2   3   4   5
Байланысты:
2з3л мысал

Амангелді Шахин

Езуіңді жи
ФИЛЬМНІҢ СОҢЫ

Шиц пен Шәріп көрші тұрады. Екеуі де Ұлы Отан соғысына қатысқан, жастары қарайлас адамдар. Бір-бірінің сырын жақсы біледі, реті келсе, қытықтарына тиісіп, қажасып отырғаны.

Бірде екі көрші әңгіме шертісіп,теледидар қарап отырған. Ұлы Отан соғысы тақырыбында кинофильм басталады. Экранда неміс армиясының солдаттары салтанатпен сап түзей қарыштап келеді. Шәріптің жыны құрысып, тырысып отырғанын байқаған Шиц:


  • Пах, шііркін, біздің туысқандардың аяқ алысын қарасайшы, бөлек емес пе? – деп жорта масаттанып қойды.

Өз терісіне сыймай, қаны қызынып отырған Шәріп морт кетті:

  • Аузыңа ие болсайшы, қаныңа тартпағыр, Шиц!

  • Көңіліңе ауыр ап қалдың ба, Шәке. Фильмнің соңына таман райымнан қайтамын ғой.

82 бет
ТРАКТОР ҒОЙ

Жол қиылысынан заулап өтіп бара жатқан «Жигули» автомашинасының бөксесі үлкен жолмен зырқырап келіп қалғантрактордың мұртына соғылады. Содан бүйірі жапырылып, артқы доңғалағы ұшып кеткен. Абырой болғанда, кісілері аман. Кінә өздерінен болғандықтан, амал бар ма, амандықтарына салауат қылған жеңіл автомашина иесі жүгіріп келіп, ренішін білдіріп жатқан тракторшыдан кешірім сұрайды. Кабинаның жолаушы бетінен шығып жатқан баласына дүрсе қоя берді.



  • Мен сенен «жолаушы жақтан келе жатқан машина жоқ па» деп сұрадым емес пе, зәнталақ!

Сонда баласы:

  • Келе жатқан машина емес трактор болғасын «жоқ» дедім емеспе?!, -деген екен.

81-82 бет
ҚОЙ КЕЛІП ҚАЛДЫ

Ол кезде бөлімше орталығы – Үшкемпір деген жерде тұрамыз. Әкем бөлімшенің шаруашылық меңгерушісі (завхоз). Көктем де, күзде бөлімше орталығында қой қырқу пункті жұмыс істейді. Пункттің жұмысына басшылық жасайтын мамандар көбінесе тысқары жерлерден жіберіліп, олар науқан кезінде бөлімше мамандарының үйлеріне бөліп орналастырылады. Мұндайда шаруашылық аумағындағы көрісіп, танысып, сырласып-араласып жүрген мамандардың бөлімше орталығында кімнің үйіне орналасатындықтары өз ыңғайларымен шешіліп те жатады. Бір жылы қой қырқу науқанына көрші Мортық ауылында тұратын ежелгі тату көршіміз (кезінде біз Мортықта тұрғанбыз) Сағын Есенғалиев қой қырқу пунктіне меңгеруші болып, артынша шаруашылық орталығы Қисыққамыста тұратын құрдасы орталыққа барғанда үйіне жиі түсетін құрдасы әрі сырласы Өтеген Қанатов та осы пунктке техника, электр жабдықтар жағының іркіліссіз жұмыс жасауына жауап беретін шебер болып келіп, екеуі де біздің үйге орналасады.

Өздері де отбасылы, балалы-шағалы азаматтар отбасы үлкен болғанына қарамастан үзеңгілес серіктерін құшақ жая қарсы алып жатқан әкемнің кеңпейілділігіне разы болып, әрі жағдайын түсініп, үйиесіне салмақтарын салмай жату жағын ойластырады.

Бәрінің бастары қосылған алғашқы дастархан үстінде Сағын:



  • Ал, Құбес (әкемді көпшілік жолдастары осылай атайды), сіздің үйге Өтеген құрдасыңыз екеуміз бірдей жайғасып жатырмыз. Үшеумізге ғана мәлім міндеттерімізді бөлісіп алайық. Қой қырқу науқаны біткенше ет мәселесі менің мойнымда болсын. Оған мүмкіндігім де бар. Науқан басталар алдында совхоз директоры мені осында жұмсамақ болғанда шарт қойып, уағдаласып шықтым: “Өндірістік қажеттілік үшін қай отардан, кімге қанша қой берсем де еркімде. Ертең есеп беру кезінде қажеттілікке жұмсаған қойларымда әлдекім есептен шығармай қиғылық салып жүрмесін” деп келістік. Пункт меңгерушісі болғасын, Өтақа, саған да бастықпын. Астыңдағы қоғамның көлігі. Машинаң ертеңгілік мен отырғанда ғана от алатын болсын. Алда-жолда машинаңды менен ертерек тұрып тұтатсаң Құбеске құрдастығың жақынырақ сырласың ғой, ол “үйде ет бітті, ет керек” деген белгі болсын, - дейді әзіл-шыны аралас.

  • Ендеше, менің міндетім – сені мен малды тасу, сосын күн сайын құдықтан көлікпен екі бетон су әкелу болсын, - деп қосыпты Өтақаң.

Осы әңгіменің ертесіне-ақ Өтегеннің жүк машинасы мезгілсіз от алыпты. Кнлісім бойынша тілге келмеген Сағын пунктке барысымен бір семіз тоқтыны машинасымен алып келіп, екеулеп сойғаны өзіне мәлім. Өтақаң алған тоқтыны совхоз орталығына апарып салып, Сағыннан бір қулығын асырып қойғанын құлақ-қағыс етеді.

Арада үш-төрт күн өткесін өтақаңның машинасы тағы ерте тұтынады. Үйде ет бітетіндей уақыт болмағанын шамалаған Сағын бұл жолы елеғ ет қоймаған соң әкем сарайдың алдына құман-шылапшын шығарып, тұсына отырып пышақ қайрайды. Бұлардың тұспалын түсінген Сағын:



  • Апырмай, бүгін екеуіңе таң атпай не болып кеткен, біреуің машина қыздырып, екіншің пышақ қайрап, елді көшіріп, - дейді бұлармен сыр аңдысып машинаға бірден беттей қоймай.

Өтеген құрдасымен қулығы бір әкем сыр бермей:

  • Қой келіп жатыр. Пышақтарды қайрап бола келдім, - депті.

Амал жоқ, уәдесін жұтпай пунктке барысымен Өтақаңның машинасына семіз тоқтыны тағы таңдап салғызады.

Араға екі-үш күн салып Өтақаңның машинасына ертемен тағы жан бітеді. Сыртта өз шаруасымен жайбарақат жүрген үй иесін көріп Сәкең:



  • Құбес, Өтақаң машинасын қыздырып жатыр, сен пышақ қайрамаушы ма едің, - дейді.

Сонда ол:

  • Бұл жолы пышақ қайрау Қисық-Қамыстағы Әсияның (Өтегеннің жолдасы) кезегі. Сен өз міндетіңе мұқым бол. Қой келіп жатыр, - депті.

Өзінің бастары қосылғанда айтқан сөзін мансұқ еткен құрдастардың қулығына енді түсінген Сағын науқан біткенше уәдесін жұтпай, келіскен шартты белі бойынша үш үйді де етпе қамтамасыз етуге мәжбүр болыпты.

81-82 бет


“АУЗЫ ЖАЛПЫЛДАП, ОСЫ

АЙТЫП ҚОЙДЫ”



Әбекеңнің соңғы кездері асауды бұғалақтауға ақ капроннан есілген арқанды пайдаланып жүрген. Соны аңғарып қалған Ерақаң кешкілікте үйде отырып одан сыр тартты. Дастархан басында тақылдап, ананы-мұнаны сұрағыштап жүрген бес жасар Әсел мен үшеуінен басқа ешкім жоқ еді.

  • Бұдан бірер ай бұрын, - деп сабақтады әңгімесін Әбекең , - қыстақтан бес-алты шақырым жерге үлкен қоспарашют құлап, ағыл-тегіл капронға қарық болдым да қалдым. Салт атпен бір құшақ капрон әкелуге ғана шамам келді. Көп нәрсе. Бір парашюттың ішінде рация ма бірдеңе самбырлап сөйлеп жатыр екен. Оны қайта айналып келіп алармын дегенше үй тұсынан солай қарай өткен бір машина толы солдаттар әскерилер парашюттердің орнын жым-жылас қылып кетіпті. Бұйырғанының да өзі жетіп жатыр, - деп масайрап қойды. Осы кезде әңгімені тыңдап отырған Ерақаң түсін сұрландырып:

  • Т-с-с? – деп ишарат білдірді, - Оларың қайда?

  • Екі-үш арқан естірдім. Қалғаны сандықта.

  • Парашюттің капрондарын алғаныңды өзіңнен басқа ешкім біле ме?

  • Жоқ,. Әйелім, мына қызым...

  • Ендеше, әңгіме осы жерде доғарылсын. Мұны екеумізден басқа ешкім естімесін бөтенге тіс жарушы болма. Қап, маған айтқаның қандай жақсы болды! Әйтпесе, түрменің түбінде шіритін едің.

Ертеректе, жастау кезінде, Сталин заманында сәл нәрседен нақақ шатылып қайтқан Әбекең түрменің аты аталғанда зәре-құты қашып, “не бүлдірдім” дегендей абдырады.

  • Сенің қолыңа тап болған анау Капустин-Яр құпия әскери-сынақ полигонынан атылған ракетаны жерге түсірген парашют. Оған ешкімнің қол тигізуге қақысы жоқ. Осындай парашютті аламын деп әшкере болып, бір ағайынның кезінде он жылға сотталып кеткенін білемін. Дымың ішіңде болсын. “Парашютті алдың ба?” деп іздеп келгендер болса, ағыңнан жарылып жүрме. Ана арқанды да, парашют капрондардың да көзін құрт. Жасыр. Әйтеуір, ешкім білмейді ғой. Әйелің де аузына берік болсын, - деп тиянақтады.

Осы кезде әкесіне таяу отырған қызы Әсел тақылдап парашют жайында әлденені сұрай бастап еді, түсі сұрланып бүлдіршінге тап берген аңғал Әбекең:

  • Аузы жалпылдап, бір айтса осы айтып қояды, - деп қызының аузын қос қолымен тұншықтыра бастады.

Осы кезде сыртқы есік ашылып, қорадан мал өргізіп оралған әйелі жаңа ғана әзірлеп беріп кеткен дастарханның басында өңі сазарып кеткен Әбекеңді, қапелімде тұншығып қалып, қақалып-шашалып жатқан кішкене қызын, сасқалақтап отырған қонақты көріп:

  • Қас пен көздің арасында не боп қалған?! – деп бәйек болып жатыр.

Аңғал әбекеңді мошқаған әзіл-қалжыңын енді соза берсе насырға шабарын аңғарған Ерақаң “ойнап айта қойған” әңгімесінің арты қапелімде осылай болып қалғанын түсіндіріп жатыр. Ал Әбекең болса:

  • Ойнағанда, солай ойнанай ма екен. Құрығанда парашют пен капрон құрысын. Қызымды нақақ өлтіріп ала жаздадым ғой, - деп енді есін жиып, өз қылығынан өңітүңіліп отыр.

Қазақтың қалжыңы деген кісі өлтіреді ғой.

48-50 бет


ХАТШЫ ҚЫЗДЫҢ ҚАҺАРЫ

Қалада туып-өсіп, жоғары оқу орнын бітірген соң, қалалық комсомол ұйымында істеп, номенклатуралық ретпен шалғай ауылға шаруашылықтың партия ұйымының хатшысы болып тағайындалған Сәния Құмарғалиқызы (аты-жөні өзгертіліп алынып отыр. Болған оқиға) алғашқыда ауыл өмірін білмейтін қылықтармен аңызға арқау болды.

Келген бетте мал бордақылау кешенімен танысуға барған партком хатшысы кеңсеге келген соң мәжіліс құрып, оған жаңағы мал бордақылау кешенінің жұмысшыларын шақыртады. Көрген-білгендерін әңгімелей келіп, малшы қауымды сын тоқпағының астына алады:


  • Бұл не деген бетімен кетушілік. Тазалық, гигиена дегенді ұмытыпсыңдар. Мана қора-жайларыңды аралағанымызда малдың жапасынан аяғымызды алып жүре алмадық. Масқара емес пе? Өздерің малшысыңдар. Оның артын тазаламайтын болсаңдар не істеп жүрсіңдер?! Мыналарың ұят, жолдастар, ұят?! – депті.

Малшы бейшараларда не қайран бар. Бастарын салбыратып тыңдаған да қойған. Бордақыдағы ірі қара малдың жапалау сәні емес пе? Кейін малдың жағдайын білетін мамандар бордақылау кешеніне барғанда өздерініңсыралғы малшыларына әжуәлап:

  • Партком айтса да қоймайды екенсіңдер, әлі жапалатып жатырсыңдар ма?- деп дүрсе қоя беретін көрінеді.

“Партком айтыпты” деген бұл аңызды жаңақалалықтар әлі ұмытқан жоқ.

50-51 бет

ҚОЙ ЕГУДІҢ ХИКАЯСЫ

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Жаңақала ауданындағы еділбай қойын өсіретін “Бірлік” асыл тұқымды мал зауытының әрбір бөлімшесінің өзінде он мыңнан астам қой болды.

Малдәрігерлік шаралар жылдың төрт маусымында да саябырсымайды.т жаз болса қойдан қан алу, тоғыту, жұқпалы ауруларға қарсы егу шаралары басталады. Осы жұмыстардың бәрі малмен арпалысып жүріп жүзеге асырылады. Қойды момын мал дегенмен,зады жануар емес пе, ұстағанда тыпырлап қарсылығын жасап бағады. Оның үстіне асыл тұқымды тайыншадай қойлардың тегеуріні де қуатты. Бір отар қойды осындай шаралармен қаматамасыз етудің өзі бір топ мамандар мен азаматтарды бірнеше күн титықтататын кездері бар. Бірде қой егуге қатысуыма тура келді.

Міндетім – мал дәрігерінің алдына егетін қойды ұстап әкеліп көлденең тарту. Мал дәрігері – үшеу. Тәкең, Хамақаң, Осекең. Денесіне ине сұқтыру оңай ма?! Еккен кезде қой тыпырлап, аспанға шапшиды. Әсіресе жасы алпысты алқамдап тастаған мал маманы – Осекеңнің алдына қой апару қиямет. Бүкшеңдеп, малдың шабын түрткілеп, еккен ғұрлы қойдың да, ұстаушының да берекетін алып бітеді. Орта жастағы Хамақаң – өз ісінің шебері. Алдына апарған мал тыпырлар-тыпырламаста шаруасын бітіріп тынады. Жасы осы кісі шамалас. Тәкеңнің алды, тіпті ғажап.



Әкелген қойың ол еккен кезде артқы аяғын бір сермейді де жүре береді. Кейде, тіпті мал дәрігерінің әрекетін шыбын шаққандай елемейтіндері де бар. Мұндайда малдың егілген-егілмегенін білмей аңтарылып қаламыз.

  • Болды ма? – десең,

  • Болды – дейді ыржиып. Сенерімізді де, сенбейтінімізді де білмей ұстаған қойымызды босатып жібереміз.

Бір күні үлкен кісі – Осекең сырқаттанып қалып мен қой егуге ауыстым. Қиямет іс екен. Еккен ғұрлы қой ұстаушының да, өзімнің де берекетімді қашырып, арпалысқа түсем. Оң келген қойды оң, сол келген қойды сол бетімен кідіріссіз, ешбір машақатсыз егіп жөнелтіп жатқан Тәкеңнің қимылына сүйсінем. Кейде тіпті далаға қарап тұрып та егіп жіберіп жатады. Бір дамылдаған сәтте Тәкеңнен қойды жылдам егудің әдісін сұрадым.

  • Түк қиындығы жоқ, - дейді Тәкең. – үйретейін. Тек дүкен арқылы.

Түсіндім де дереу дүкенге аттандым. Әкелген “жартылығымды” жәукемдеп алған соң “Қазір мен қой еккенде қасымда тұрып, бес-он минут қара”деді. Қарап тұрмын. Қой ұстаушы өткізетін қойының сырғасын оқып болар-болмаста жандықтың шабынан бір түртіп “ болды ” дейді. Әдетте бір шприц толы дәрі (бацила) екі әрі кеткенде үш қойға жетуі керек еді. Тәкеңнің дәрісі бес қойға жетті.

  • Көріп тұрсың ба? – деді.

  • Иә, - деп бас изедім. – Бір флакон дәріні бес бірдей қойға жеткізгеніңізге таң қалып тұрмын. Нормадан кем доза беріп тұрсыз ғой, - дедім.

  • Ендеше мынаған қара, - деп жаңағы бес қой еккен шприцін маған көрсетті. Алғашқы толтырылған күйінде тұр. Шындасам әлі он қойға жеткізе аламын. Бірақ сырт көзден сақ болу керек, - деді де шприцтегі дозаны алдына кезекті келген қойға түгел дарытып жіберіп, қайта толтырды.

  • Енді бес қой еккенімді қарайсың. Сосын менен асқан маман боласың, деді де шприцті дозаға толтырып алып егетін иненің ұш жағынан жұмырлай ұстап, әлдебір әуенді аспанға қарап ыңылдап тұрып, алдына келген қойды шаптан түртіп қалды. Қалт жібермей бақылап тұрмын. Шприцтің доза жіберетін түпкі тұтқасын қозғаған да жоқ. Келесі қой алдына келгенде артынан қарап тұрған маған мойнын әдейі бұрып, шаптан түртіп қоя берді. Үшінші қойды, тіптен түрткен де жоқ. Қойдың артына қарай қолын сермеп қалып, “болды” деді. Төртінші қойдың құйрығынан шприц ұстаған қолының сыртымен қағып қана жіберді. Бесінші қойды ғана алдындағыдай тулатып, маңыратып екті де маған қарап.

  • Үйрендің бе? – деді,

Мен жымыңдап “Ептеп...” деп ернімді жыбырлаттым.

  • Ендеше, мә шприц, бір партия бес қойға. Менің әдісімді қайтала да, жұмысыңа бар, - деді.

Мен оның қулығын айна қатесіз қайталап бердім.

  • Балақай! – деді кетерімде, - Үйренуін үйрендің, бірақ тым асыра сілтеп, масқара болып қалып жүрме. Әлгі әдісті шаршағанда, тым үлгере алмай жатқанда ғана қолданасың. Түсінікті ме?

  • Түсінікті.

Кешікпей мамандығым жоқ мал егудің шебері атанып жүре бердім.

Тоқырау жылдары талай “кереметтер” көз бен көңіл пердесінің сыртынан өтіп жатты ғой.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет