Сот ісін жүргізу 509-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша iс жүргiзу үшін негiздер


-бап. Алдын ала тергеудiң аяқталуы



бет8/14
Дата19.02.2022
өлшемі49,52 Kb.
#132453
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
ҚПК
тест Пробный, 20.01.Акушерия, 1-вар, 1-вар, Сауат ашу Жауап парағы, 3 сурактар, 3-4н. Практикалық сабақ 4-5, сүт хассп (копия), хассп сүт басқару, снежок басқару
518-бап. Алдын ала тергеудiң аяқталуы
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн:
1) осы Кодекстің 35-бабында және 288-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ психикасының дертті бұзылуы өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндірумен не өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты болмағанда – iс жүргiзудегі істі тоқтату туралы;
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулы шығарады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам істi тоқтату туралы немесе iстi сотқа жiберу туралы, егер өзiне қатысты алдын ала тергеу жүргiзiлген адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша тергеу әрекеттеріне қатысуға қабiлеттi болса, осы адамға, оның заңды өкiлiне және қорғаушысына, сондай-ақ жәбiрленушiге хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процестiң аталған қатысушыларына олардың iс материалдарымен танысу құқығын түсiндiредi және бұл құқығын олардың қайда және қашан пайдалана алатынын хабарлайды. Iспен танысудың, тергеп-тексерудi толықтыру туралы арыздар мен оларды шешудің тәртiбi осы Кодекстiң 295 – 297-баптарында айқындалады.
3. Iстi тоқтату туралы қаулы осы Кодекстiң 288-бабының қағидалары бойынша шығарылады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн істі сотқа жiберу туралы қаулыда осы Кодекстiң 510-бабындакөрсетiлген және iс бойынша белгіленген мән-жайлар; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн негiздер; егер медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негiздерге дау айтылған болса, оларды айтатын қорғаушы мен басқа адамдардың дәлелдері жазылуға тиiс.
4. Істі сотқа жіберу туралы қаулыға қосымша осы Кодекстің 299-бабы жетінші бөлігінің қағидалары бойынша жасалады.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам істi сотқа жiберу туралы қаулымен бірге прокурорға береді, ол істі зерделеп, мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін iстi сотқа жiбередi;
2) iстi қосымша тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қайтарады;
3) осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген жағдайларда істі тоқтатады.
6. Істі тоқтату туралы не істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулының көшiрмесi процеске қатысушыларға жіберіледі және өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізу жүзеге асырылып жатқан адамға және оның заңды өкіліне табыс етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет