Сөз экологиясы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,54 Kb.
#87253
  1   2   3   4
Байланысты:
СӨЗ ЭКОЛОГИЯСЫ
1 qazaq-adebieti -8-synyp -3-tarau -27-sabaq -m maqataev-aqqular-uyyqtaganda -qmzh -1-nusqa, 8 с Ауез КТЖ әдеб Арман осы соңғысы

СӨЗ ЭКОЛОГИЯСЫ
Экология терминін алғаш рет 1866 жылы ғалым Эрист Геккель ұсынған болатын. Эрист Геккель экологияны организмнің қоршаған ортамен байланысын оқып-үйрететін ғылым ретінде тану керектігін анықтаған, бертін келе бұл атаудың концептуалдық мəні кеңейді, бүгінгі уақытта бұл сөз экологиясының мəселелерін анықтап түсіндіруге тікелей ықпал етті. Кез келген организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасында əр түрлі факторлардың органикалық, органикалық емес организмдерге тигізетін игі немесе кері əсер ететінін қарастыратын, адамзат қоғамының өзі тіршілік етіп отырған ортамен өзара байланысын зерттейтін əрі түсіндіретін ғылыми бағыттардың жиынтығы экология деп аталынады. Экология терминіне мəдени-ұлттық құндылықтарды бағамдау, саралау тұрғысынан келгенде мағынасы мен мəні тереңдей түсті. «Мəдениет экологиясы» терминінің мəнін бейнелі ашқан ғалымдырдың бірі В.Л.Янин болатын. Оның сөзі бойынша мəдени ескерткіштерді құрту географиялық картадан топонимикалық атауларды өшіріп тастаумен бірдей екендігін айта келіп əрі тарихи ескерткіштердің генетикалық қолын құрту деп түсіндіреді. Сондықтан сөз мəдениеті де – мəдениет экологиясының ажырамас бір бөлігі..
Сөз экологиясы – жалпы тұрғыдан алғанда көптеген гуманитарлық пəндердің зерттеу əдіс-тəсілін, міндеті мен мақсатын, анықтамасын, көкейкесті мəселелерін оқытуға тиісті лингвистикалық ғылым. Сөз экологиясының маңыздылығы адамзаттың экология мəселесіне көзқарасы тұрғысынан қарастырылуы тиіс.
Сөз экологиясының қарастыратын мəселелерінің қатарына мыналар жатқызылады: 1. тілдік саясат; 2. тілдік орта; 3. лингвоэкологиялық тəрбие; 4. тілдік импульс; 5. тілдік ситуация; 6. тілдік қажеттілік. Сөз экологиясының көптеген қоғамдық – əлеуметтік жəне саяси жағдайлармен байланыстылығы басты назарға алынып отырады. Сөз экологиясының тууына немесе оған қолайлы жағдай туғызуына себепкер – тілдік саясат мəселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет