Сөз есептер жинағы


Бір  бағытта  бірінен  соң  бірі  қалып  қоятын  немесе  озып  шығатын



Pdf көрінісі
бет78/85
Дата14.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127104
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85
Бір  бағытта  бірінен  соң  бірі  қалып  қоятын  немесе  озып  шығатын 
қозғалысқа арналған есептер 
 
1.  Арақашықтығы  3  км  болатын  екі  ауылдан  бір  бағытта  бір  уақытта  екі 
жолаушы  шықты.  Біріншісі  -  5  км/сағ,  екіншісі  3  км/саг  жылдамдықпен 
жүрді.  Жолаушылардың  арасындағы  қашықтық  3  сағаттан  соң  қанша 
болады? 
 
2.  Арақашықтығы  20  км  болатын  екі  ауылдан  бір  бағытта  бір  уақытта  екі 
аңшы орманға шықты. Біріншісі 5 км/сағ, екіншісі 7 км/сағ жылдамдықпен 
жүрді. Екінші аңшы біріншісін неше сағаттан кейін куып жетеді? 


161 
 
 
3.Арақашықтыты  15  км  болатын  екі  ауылдан  бір  уақытта  бір  бағытта  екі 
балықшы  шықты.  Біріншісі  -  5  км/сағ,  екіншісі  3  км/сағ  жылдамдықпен 
жүрді.  Жолаушылардын  арасындағы  қашықтық  3  сағаттан  соң  қанша 
болады? 
 
4. Қара және теңбіл қоңыз аракашыктыты 60 метр болатын екі іннен шағын 
орманға қарай бір бағытта шықты. Қара қоңыз теңбіл қоңызға қарағанда 2 
есе жылдам жорғалайды. Теңбіл қоңыздың жылдамдығы 3 м/мин тең. Қара 
қоңыз неше минуттан сон теңбіл қоңызды куып жетеді? 
 
5. Арақашықтыты 600 км болатын екі қаладан бір мезгілде бір бағытта екі 
ұшақ ұшып шықты. Біріншісінің жылдамдығы 700 км/сағ, екіншісінікі 
-500 км/сағ. Бірінші ұшақ екінші ұшақпен неше сағаттан соң теңеседі?  
 
6. Арасы 150 км болатын екі ауылдан бір мезгілде бір бағытта екі автокөлік 
шықты.  Біріншісі  50  км/сағ,  ал  екіншісі  80  км/сағ  жылдамдықпен  жүрді. 
Олардың арасындағы қашықтық 1 сағаттан соң қанша болады? 
 
7. Арасы 150 км болатын екі ауылдан бір мезгілде бір бағытта екі автокөлік 
шықты.  Біріншісі  50  км/сағ,  ал  екіншісі  80  км/сағ  жылдамдықпен  жүрді. 
Олардың арақашықтығы 2 сағаттан соң қанша болады? 
 
8. Арасы 150 км болатын екі ауылдан бір мезгілде бір бағытта екі автокөлік 
жолға  шықты.  Біріншісі  50  км/сағ  жылдамдықпен,  ал  екіншісі  80  км/сағ 
жүрді. Екінші автокөлік біріншіні неше сағаттан соң қуып жетеді? 
 
9. Арақашықтығы 80 км болатын екі айлақтан бір мезгілде бір бағытта екі 
катер шықты. Бірінші катердің жылдамдығы 25 км/сағ, ал екіншісінікі - 30 
км/сағ. Катерлер арасындағы қашықтық 5 сағаттан соң қанша болады? 
 
10. Бір мезгілде бір бағытта арақашықтығы 44 км болатын екі айлақтан екі 
катер  шықты.  Бірінші  катердің  жылдамдығы  22  км/сағ,  екіншісінікі  -  33 
км/сағ болады. Екінші катер бірінші катерді неше сағаттан соң қуып жетеді? 
 
11.  Арақашықтығы 600 км болатын екі қаладан бір мезгілде бір бағытга екі 
пойыз шықты. Біріншісінің жылдамдығы 70 км/сағ екіншісінікі - 50 км/сағ 
болады. Бірінші пойыз екіншісімен неше сағаттан соң теңеседі? (10,20,30,40 
сағат) 
 
12. !Арақашықтығы 1200 км болатын екі қаладан бір мезгілде бір бағытта 
екі ұшақ ұшып шықты. Біріншісінің жылдамдығы 600 км/сағ, екіншісінікі - 


162 
 
800 км/сағ болады. Неше сағаттан кейін ұшақтар арасындағы қашықтық 400 
км болады? . 
 
13. !Бір мезгілде бір бағытта, бір-бірінен біршама қашықгықта болатын, екі 
қаладан  екі  ұшақ  ұшып  шықгы.  Біріншісінің  жылдамдығы  700  км/сағ, 
екіншісінікі - 900 км/сағ. Ұшақтар 5 сағаттан кейін бір уақытта жерге қонса, 
қалалар арасындағы қашықтық қандай? 
 
14. © Мысық пен тышқан жүгіріп жарысты. Олар бір бағытта, бір Мезгілде  
арақашықтығы  15  м  болатын  әртүрлі  бұрыштардан  бөлме  қабырғаларын 
бойлай жүгірді. Мысықтың жылдамдығы 5 м/с, тышқандікі - 3 м/с. Олардың 
арасындағы қашықтық 5 с кейін қанша болады? 
 
15. © Гулливер мен ергежейлі арақашықтығы  500 км тең болатын, әртүрлі 
ауылдардан  бір  бағытта,  бір  мезгілде  шықты,  Гулливер  10  км/сағ,  ал 
ергежейлі  2  км/сағ  жылдамдықпен  жүрді.  Бір  тәуліктен  кейін  екеуінің 
арасындағы қашықтық қандай болады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет