Сөз есептер жинағы


отбасы  мүшесінің  сағаты  қай  уақытты  көрсетеді?



Pdf көрінісі
бет81/85
Дата14.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127104
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
 
отбасы  мүшесінің  сағаты  қай  уақытты 
көрсетеді? 
 
5. Теплоход бір қаладан екінші қалаға жүзіп, жолда 3 сағат 15 минут болды. 
Оған  жүріп  өткенінен  12  сағат  30  минут  артық  жүретін  уақыт  қалды. 
Теплоход екі қаланың арасындағы жолды қанша уақытта өтуі керек? 
 
6.  Саяхатшы  жолда  8  тәулік  10  сағат  болды.  Ұшақта  ол  18  сағат  ұшты, 
пойызда ұшқанға қарағанда 3 тәулік 8 сағат артық жүрді. Қалған уақытты 
ол теплоходпен жүзіп өтті. Саяхатшы теплоходпен қанша уақыт жүзді? 
 
7. Оқушы бір кітапты оқып шығуға 6 сағат 20 минут, басқа бір кітапты оқып 
шығуға 1 сағат 35 минут артық уақыт жүмсады. Ал үшінші кітапты оқуға 
бірінші  және  екінші  кітапты  бірге  алғандағы  оқыған  уақытты  жұмсады. 
Оқушы үшінші кітапті қанша уақыт оқыды? 
 
8. Жолаушы өзі мінген электр пойызының бірінші бекеттен екінші бекетке 
дейін 1 мин 35 с жүргенін, ал екінші бекеттен үшіншіге дейін 2 мин 5 с ұзақ 
жүргенін байқады. Үшінші бекеттен кейін жолаушы өз бекетіне дейін тағы 
3 мин 45 с жүрді. Жолаушы өз бекетіне дейін қанша уақыт жүрді? 
 
9. 20 жыл бір ғасырдың нешінші бөлігін құрайды? 
 
10.  19 сағ 28 минутты минутпен көрсет; 9 тәулік 14 сағатты сағатпен көрсет. 
 
11. Амалды орында: 7 сағ 28 мин - 2 сағ 16 мин. 
 


166 
 
12. Мақсат саңырауқұлақ теруге таңертең 6 сағ 40 мин шығып, күндізгі 14 
сағ 15 мин ғана келді. Ол қанша уақыт үйде болмады? 
 
13. Теннис сайыстары күндізгі 4 сағат 10 минутта аяқталды. Егер 5 сағат 40 
минутқа созылса, олар сағат нешеде басталды? 
 
14.  Қарағандыдан  8  сағат  30  минутта  Астанаға  баратын  саяхат  автобусы 
жолға  шықты.  Автобус  қалалар  арасындағы  қашықтықты  2  сағат  15 
минутта жүріп өтеді. Ол жол бойында 2 рет 10 минуттан аялдама жасайды. 
Егер Астана ішіндегі саяхат 5 сағатқа созылса, автобус Қарағандыға сағат 
нешеде оралады? 
 
15. * Сәкен тарихты оқуды 14 сағат 43 минутта бастап, 15 сағат 15 минутта 
аяқтады. Тарихты оқып болғаннан кейін 5 минуттан соң қазақ тілің оқуды 
бастап,  оны  1  сағат  20  минут  оқыды.  Қазак  тілін  оқығаннан  кейін  10 
минуттан соң, орыс тіпінен ереже жаттауды бастап, сабақ оқуды 17 сағат 30 
минутта  аяқтады.  Үш  пән  бойынша  сабақ  оқуға  Сәкеннің  қанша  уақыты 
кетті? 
 
16.Сәкен  тарихты  окуды  14  сағат  43  минутта  бастап,  15  сағат  15  минутта 
аяқтады. Тарихты оқып болғаннан кейін қазақ тілін оқуды 5 минуттан соң 
бастап, 1 сағат 20 минут оқыды. Қазақ тілін оқығаннан кейін 10 минуттан 
соң орыс тілінен ереже жаттауды бастап, сабақ оқуды 17 сағат 30 минутта 
аяқтады. Сәкен қай тілді ұзағырақ және қаншалықты ұзақ оқыды? 
 
17.  Сәкен  тарихты  оқуда  14  сағат  43  минутта  бастап,  15  сағат  15  минутта 
аяқтады. Қазақ тілін тарихты оқып болғаннан кейін 5 минуттан соң бастап, 
1 сағат 20 минут оқыды. Қазақ тілін оқығаннан кейін орыс тілінен ережені 
жаттауды 10 минуттан соң бастап, ережені 1 сағат 45 минут жаттады. Сәкен 
сабақтарын сағат нешеде оқып бітірді? 
 
18. Сәкен тарихты 43 минут, қазақ тілің - 2 есе көп, ал ағылшын тілін қазақ 
тіліне қарағанда, 23 минут кем орындады. Сәкеннің үпі пән бойынша сабақ 
орындауына қанша уақыты кетті? 
 
19. Анасына 32 жас және 3 ай, әкесіне 35 жас және 7 ай, ал ұлына 12 жас 
және 1 ай. Отбасыньң жалпы жасы қандай? 
 
20. Анасына 32 жас және 3 ай, әкесіне 36 жас және 3 ай, ал ұлына 12 жас 
және 1 ай. Ұлы әкесінен неше жас кіші? 
 
21. Анасы әкесінен 5 ай кіші, әкесіне 35 жас және 5 ай, ал ұлына 11 жас 11 
ай. Отбасының жалпы жасы нешеде? 


167 
 
 
22. ! Анасына 32 жас және 3 ай, әкесі ұлынан 20 жас және 7 айға үлкен, ал 
ұлына 12 жас 1 ай. Әкесі анасынан неше жас үлкен? 
 
23. Әкесіне 34 жас және 5 ай, ол анасынан 2 жас 3 айға үлкен. Ұлына 12 жас 
және 1 ай. Ұлы туғанда анасы неше жаста болды? (22 жас 1 ай, 19 жас 3 ай, 
20 жас 1 ай, 23 жас 3 ай) 
 
24.  ©  Емтиханнан  кейін  Аслан  14  сағат  12  минут  үйықтады,  Тұрып,  шай 
ішті де қайтадан 13 сағат 13 минут ұйықтады. Шай ішкенін ескермегенде 
(егер шайды ол 5 минут қана ішсе), Аслан қанша уақыт бойы ұйықтады? 
 
25.  ©  Жылауық  қоймай  44  сағат  12  минут  жэне  32  секунд  жылады,  ал 
Шимай 32 сағат 44 минут 39 секунд бойы дәптерді шимайлады. Жылауық 
пен  Шимай  деген  екі  құрбы  қанша  уақыт  бойы  бірге  жылап,  бірге 
шимайлады? 
 
26. Қалыпты жылда 365 тәулік. Кібісе жылында неше тәулік артық? 
 
27. Ұлы қазақ зерттеушісі геолог Қ. И. Сәтбаевтың өмір сүрген жылдары -
1899- 1963. Жасы нешеде өмірден өткенін анықта. 
 
28.  Астана  қала  атағына  1862  жылы,  Ақмола  бола  тұра,  ие  болды.  Бүгінгі 
күнде Астананың «қалалық» өміріне неше жыл? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет