Создание благоприятного психологического климата в детском коллективе и способы урегулирования конфликтов



бет2/5
Дата11.11.2023
өлшемі123,08 Kb.
#190967
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
8.-Дәріс-ҒЗН-2МПКО
kodi, ОЧАГОВЫЙ ТУБЕРКУЛЕЗ. ИНФИЛЬТРАТИВНЫЙ ТУБЕРКУЛЕЗ. КАЗЕОЗНАЯ ПНЕВМОНИЯ. КЛИНИКА И ПАТОГЕНЕЗ., stud.kz-122706 (1), 2-лекция, 8.-Дәріс-ҒЗН-2МПКО, СИНОПСИС, СИНОПСИС, лекция 1, 3-4-лекция 2
2. Дереккөздерді зерделеу
Ақпарат көздерін зерттеу интернет көздерінің, оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, монографиялардың, журнал және газет мақалаларының, биотехнологиялық кәсіпорындардың технологиялық регламенттерінің тізімін (картотекасын) таңдаудан және құрастырудан басталады.
Кітапханалардағы жүйелі, алфавиттік және пәндік каталогтарды, диссертациялардың авторефераттарының каталогтарын, ғылыми және тәдірибелік журналдар мен конференция материалдарын мақалаларын қарап шығу қажет.
Алфавиттік каталогта кітаптардың (карточкалардың) атаулары басылымның библиографиялық сипаттамасының бірінші сөзімен (автордың аты-жөні немесе авторы көрсетілмеген басылымның атауы) айқындалатын алфавиттік ретпен орналасады.
Жүйелі каталогта карточкалар библиографиялық классификациямен анықталған тәртіппен білімнің жекелеген салаларына сәйкес орналасады. Мұндай каталогтың нұсқасы кітапханаға соңғы айларда келіп түскен кітаптардың атауларын қамтитын жаңадан келгендер каталогы болып табылады.
Пәндік каталогта кітап атаулары тақырыпшаларда көрсетілген зерттеудің нақты пәндеріне (тақырыптарына) орналастырылады. Бұл каталогтағы кітап атауының рубрикалары бірінен соң бірі алфавиттік ретпен орналасады.
Әдебиетті таңдау үшін библиографиялық және рефераттық басылымдарды пайдаланған тиімді.
Монографиялардағы, оқулықтардағы және журналдық мақалалардағы анықтамалық әдебиеттерге сілтемелерді бет-бет қарауға болады.
Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің ғылыми еңбектерінің жинақтарын, тезистер мен ғылыми-практикалық конференциялар материалдарын назардан тыс қалдыруға болмайды.
Студент, әсіресе, тақырып бойынша даулы мәселелерді зерттегенде, ғалымдар мен ұстаздардың еңбектеріне шолулардан құнды мәліметтер ала алады.
Кейбір оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу бағдарламалары, студент таңдаған зерттеу тақырыбына байланысты пән бойынша семинарлар мен практикалық сабақтардың жоспарлары негізгі және қосымша әдебиеттер тізімдерін қамтиды.
Арнайы әдебиеттерді (монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, ғылыми еңбектер жинақтары және т.б.) белгілі бір реттілікпен оқу ұсынылады.
Алдымен кітаппен жалпылама түрде танысу керек. Бұл кезеңнің қажеттілігі әрбір кітапты оқуға уақыт бөлудің қажеті жоқ екендігімен анықталады, мүмкін сізге оның жеке бөлігі немесе тіпті нақты ақпарат қажет болуы мүмкін.
Осы мақсаттар үшін мыналарды қамтитын басылымның анықтамалық аппаратын оқу жеткілікті болуы мүмкін: басып шығару ақпараты (атауы, авторы, баспа ұйымы, шыққан жылы, реферат, шығарылым деректері т.б.); мазмұндауы немесе мазмұны; библиографиялық сілтемелер мен тізімдер; алғы сөз, кіріспе мақала, кейінгі сөз немесе қорытынды. Кітаппен мұндай танысу әрі қарай оны оқудың қажеті бар ма соны анықтауға мүмкіндік береді.
Кітапты оқудың екі жолы бар: мазмұнынын шолып өту және мәтінді мұқият пысықтау.
Қарап шығу арқылы сіз кітаппен жалпылама түрде таныса аласыз. Осындай «іздеу» оқуының нәтижесінде онда қажетті ақпараттың бар екенін және оны мұқият қарастыру қажеттігін білуге болады.
Мәтінді мұқият зерделеу тек оны толық оқудан ғана емес, сонымен бірге оқығанды ​​меңгеруден, түсінуден, жан-жақты талдаудан тұрады. Арнайы әдебиеттерді оқығанда қате түсіндірілуі мүмкін немесе түсініксіз болуы мүмкін барлық ұғымдар мен терминдерді нақтылау маңызды. Ол үшін олардың түсіндірмесі берілуі мүмкін сөздікке, анықтамалықтарға жүгінген жөн. Бұл ретте мәтінде автордың негізгі ережелері мен тұжырымдары және оларды дәлелдейтін дәлелдер бөлектелуі керек.
Қажетті, қызықты басылым зерттеліп, ондағы мәтінді мұқият зерделеу қажет болып, оны көшіру мүмкін болмаса, онда конспект жасалады. Конспект жазыу ерекшеліктеріне алдыңғы дәрістерде қарастырып кеткенбіз. Мұнда конспектіні жасзуға кететін уақытты үнемдеу үшін әртүрлі қысқарту сөздерін (бекітілген қысқартпа сөздерді) - аббревиатуралардың әртүрлі түрлерін қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет