Созылмалы панкреатит



бет33/37
Дата18.12.2022
өлшемі339,98 Kb.
#163177
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
АААААААААААААААААААААААА
Акушер-гинекол тезисы
Диспансерлеу. Стенокардиямен ауыратындар диспансерлік есепте тұрулары керек. Дәрігердің қарау жиілігі – жылына 4-6 рет.
Санаторийлы-курорттық ем. ЖИА, тұрақты стенокрадияның І-ІІ ФК-да науқас адамдарды бальнеологиялық, климаттық курорттарға жіберуге болады. Жергілікті санаторийлар мен профилакторийларға ауыр жүрек әлсіздігі және өмірге қауіпті аритмиялар жоқ стенокардияның ІІІ ФК жататын науқастар жіберіледі.
Прогноз. Тұрақсыз стенокардияда, жоғарғы кластағы тұрақты стенокардияда, сол жақ коронарлық артерия бағанасының стенозында, қосымша аурулар (жүрек әлсіздігі, аритмия, артериялық гипертензия, қант диабеті) болғанда болжам көңіл қоюды талап етеді.
Профилактикасы. Бірінші ретті профилактика атеросклероздың профилактикасы болып табылады. Екінші ретті профилактика шараларының құрамына атеросклероздық және ЖИА қауіпті факторларына белсенді әсер ету (шылым шегу мен ішімдіктен бас тарту, артериялық гипертония мен қант диабетін емдеу, дене қызметін көбейту), миокардтың оттегімен қамтамасыздығын жақсартуға, жүрекке түсетін күшті азайтуға және миокардтың гипоксияға толеранттығын арттыруға бағытталған комплексті ем кіреді.


  1. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. Этиопатогенезі. Аортальды қақпақшаның жеткіліксіздігі мен стенозы. Гемодинамика. Клиникалық көріністері. Диагностикасы және емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы.



  1. Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Экстрасистолияның анықтамасы. Жіктелісі. Экстрасистолияның клиникалық көріністері. Жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолияның диагностикасы, емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы.

Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болу көзінің патологиялық өзгерістерімен сипатталатын күй. Қалыпты жүрек ырғағы жүйелігімен сипатталады және жүректің жиырылу жылдамдығы 1 мин.та 60 пен 90 арасында болады. Сонымен қатар, жүректің қозу көзі синус түйіні болып табылады. ЭКГ-дағы Р тісшесі мен QRS комплексінің арасындағы реттілік өзгермеген, PQ аралығының ұзақтығы 0,12 с пен 0,20 с арасында болады және RR аралықтарының арасындағы алшақтық оның орташа ұзақтығынан  10% артық өзгермейді. Бұл көрсеткіштерден кез-келген ауытқу жүрек аритмияларына жатады.
Этиологиясы және патогенезі. Кез-келлген жүрек ауруы жүрек аритмиясының себебі бола алады. Жүрек ырғағы бұзылуының алуан түрлі себептерін 3 топқа бөлуге болады: 1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар. 2. Экстракардиальды патологиялық процестерде (нейрогендік, гуморальдық, эндокриндік реттеудің өзгеруі, электролит алмасуының, қышқыл – негіз күйінің өзгеруі) жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы: неврозда, психопатияда, вегетативтік дисфункция синдромында болатын психогендік әсерлер; ОНЖ мен вегетативтік нерв жүйесі зақымданғанда болатын нейрогендік әсерлер; асқазан – ішек жолы зақымданғанда (өт тасы ауруы, диафрагма жарығы т.б.) байқалатын рефлекторлық факторлар; эндокриндік және зат алмасу ауруларында болатын әсерлер; интоксикацияларда және т.б. болатын әсерлер. 3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер: кофеинге, никотинге, алкогольге т.б. асыра сезімталдық; дәрілердің аритмогендік әсерлері; гипоксия; гипо және гипертермия; механикалық әсерлер (жарақат, вибрация); иондаушы радиация, өте жоғары жиіліктегі электр алаңы т.б.
Жүрекаритмияларыныңклассификациясы : І. Импульс түзілудіңбұзылуыА. СА – түйініавтоматизмініңбұзылуы (номотоптыаритмиялар): 1. Синустік тахикардия 2. Синустік брадикардия. 3. Синустік аритмия 4. Синус түйініәлсіздігі синдромы Б. Эктопиялықорталықтаравтоматизмініңбасымболуынантуындайтынэктопиялық (гетеротоптық) ритмдер: 1. Баяу (орнынбасушы) сырғып кету комплекстері мен ырғақтары: а) жүрекшелік б) АВ – құрамынан в) қарыншалық 2. Тездетілгенэктопиялықритмдер (пароксизмальдыеместахикардиялар): а) жүрекшелік.б) АВ – құрамынан.в) қарыншалық 3. Суправентрикулярлық ритм жетекшісініңкөшпелілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет