Спорт және өнер факультеті


Ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану



бет2/3
Дата21.11.2023
өлшемі25,57 Kb.
#192539
1   2   3
Байланысты:
Жекелей қорғаныс құралдарын сақтау және үлестіру тәртіптері. НИЯЗ 2 БОЖ
Пиримбет Шапагат, KGTLAWVCBTSM20112023124710, Документ Microsoft Word, 63500894, Жергілікті жерде картасыз ба дарлау. Магнитті азимутты аны тау
Ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану
1.Қорғану құралдарын анықтау Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір уақытта қорғанулары үшін арналған техникалық жабдық.Емдеу-профилактикалық құрал – жұмысшы денесінің ашық жерлерін химиялық өндіріс факторларынан қорғауға арналған түрлі кремдер, пасталар мен басқа да заласыздандыру құралдары.Жұмысшыларды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22-п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлы – тұрмыстық құралдармен, емдеу – профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, емдеу – профилактикалық құралдармен қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады. Жеке қорғану құралдарының қатары жеке және ұжымдық келісім шарттармен – анықталады. Жеке қорғаныс құралдары жұмысшылардың басқа жұмысқа ауысып, немесе қүралдардаң қолдану мерзімі аяқталған кездерде беріледі. Ұйымда міндетті түрде санитарлы – тұрмыстық орындар болуы қажет, оларға : кім ілу, жуыну, тазалау, дәретханалар, ішетін су орнатылған орындар, арнайы киімдерді жуып, тазалау орындары кіреді. Жұмыс 37% берушілер жеке қорғаныс қүралдарының тек сертификатталған түрлерін беруі тиіс. Жеке қорғаныс құралдары қозғалуы кезінде кедергі келтірмейтін ыңғайлы болуы және жұмысшылардың өз өлшемімен берілуі тиіс.Талапқа сай емес және қолдау мерзімінен өтіп кеткен арнайы киімдер мен аяқ киімдерін жұмысшы тарапынан әсерсіз оны ауыстыру қажет.Маусым келген кезде арнайы киімдер мен аяқ киімдер өткен маусымда пайдаланған жұмысшыларға қайтарылып беріледі.Жеке қорғаныс құралдары (газдан қорғану құралы, қорғану белдіктері, каскалар және т. 6) тұрақты тексерістен өткізіліп жөнделіп отыруы, ал әйнектер мен басқа да қорғаныс құралдары уақтылы жаңарып отыруы тиіс.Жұмысшыларға берілген арнайы кімдер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына сәйкес сақталады.

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22-п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлы – тұрмыстық құралдармен, емдеу – профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғаныс жабдықтарын сақтауды ұйымдастырады.Профилактикалық өңдеуді және жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жөндеуді уақытында жасау керек. Егер бұл еңбек жағдайында талап етілетін болса, ұйымдарда кептіргіштер, қоймалар мен жеке қорғаныс құралдарына басқа да профилактикалық өңдеулер жүргізіледі.Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді сақтау кезінде олар залалсыздандырылып, шаң тозаңнан тазартылуы, кептірілуі тиіс жеке қорғаныс құралдарын өңдеу мен жөндеу өзара ауысу үзілісі немесе жұмысшылар жұмыс істеп жатпаған кезде жасалуы тиіс.Егер жұмысшыларға екі немесе үш арнайы киім берілу нормамен қарастырылған болса, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары басқа кездерде жасалады.Қауіпті және зиянды жерлерде жұмыс істейтін (сынап, қорғасын, этилді бензин, радиоактивті заттар) жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары өз күшіндегі заңнамаға сәйкес жүргізіледі.Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды, еңбекті қорғау туралы ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.Қадағалау мен бақылау органдары еңбекті қорғау туралы заңның бұзылғанын анықтаған кезде кәсіпорындар өз қаржылары есебінен еңбекті қорғау қорларына заңдарда белгіленген тәртіп пен мөлшерде айыппұл төлейді.Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы, технологияны, өндірістік объектілерді жасаушылар мен дайындаушылар әлеуметтік сақтандыру органдары мен тұтынушылардың осы тәртіп бұзушылықты жоюдан шеккен зиянын, соның ішінде жазатайым жағдай мен кәсіби аурулар нәтижесінде зардап шеккендерге төленетін өтемдік өтемдерге байланысты шығындарды өтейді. Зиян мөлшерін белгіленген тәртіппен төрелік сот белгілейді және өндіреді. Өндіріс құралдары мен жаңа технологиялардың жобаларын еңбекті қорғау нормалары мен талаптарын бұза отырып жасаған және оларды өндіріске енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу ұйымдары тапсырыс берушілерге келтірілген зиянды өтеуге міндетті.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау осы заң мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы өзге де нормативтік- құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес Уәкілетті органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет