Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы



бет28/45
Дата12.10.2020
өлшемі208,5 Kb.
#64830
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
39-бап - Денонсация
      Кез келген қатысушы мемлекет осы Конвенцияның күшін жоя алады. Күшін жою туралы ЮНЕСКО-ның Бас директорына сақтауға тапсырылатын құжаттың жазбаша нысанында хабарланады. Күшін жою туралы құжатты алған күннен бастап алты ай кезең өткен соң айдың бірінші күнінен бастап күшін жою күшіне енеді. Конвенциядан шығу күшіне енген күнге дейін ол тиісті қатысушы мемлекеттің қаржылық міндеттемелеріне ешқандай әсер етпейді.
40-бап - Депозитарий
      ЮНЕСКО-ның Бас директоры осы Конвенцияның және оған енгізілетін түзетулердің депозитарииі болып табылады. ЮНЕСКО-ның Бас директоры депозитарий ретінде осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Ұйымға мүше басқа мемлекеттерді:
      (а) ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы кез келген құжатты сақтауға беру;
      (b) 37-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшіне енген күні;
      (с) 31-баптың ережесіне сәйкес дайындалған кез келген баяндама;
      (d) Конвенцияға немесе 33 және 34-баптарға сәйкес қабылданған қосымшаларға кез келген түзету және сол түзетулердің қолданысқа енген күні;
      (е) 38-баптың ережелеріне сәйкес ұсынылған кез келген мәлімдеме немесе хабарлама;
      (f) 39-баптың ережелеріне сәйкес ұсынылған кез келген хабарлама және күшін жоюдың күшіне енген күні;
      (g) осы Конвенцияға байланысты кез келген басқа акті, хабарлама немесе мәлімдеме туралы хабардар етеді.
41-бап - Тіркеу
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес осы Конвенцияны ЮНЕСКО-ның Бас директорының өтініші бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы тіркейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет