Сұрақ: Қандай ауру деп ойлайсыз?



бет3/3
Дата19.06.2020
өлшемі0,68 Mb.
#74003
1   2   3
Байланысты:
Zh 1201 1179 paly auru bilet

Асқынуы-Арнайы және арнайы емес болады.

(Екінші инфекцияның қосылуына байл.өкпе қабынуы, отит, абсцестер)

Яғни дер кезінде емі қолданбаған жағдайда тағайындалған ережелерді орындамаған жағдайда болады.Ішектен қан кету- аурудың үшінші аптасына сай келеді, кенеттен науқастың нәжісінде қан п.б.( нәжіс қара түсті б/ды).Науқас қанды көп жоғалтқанда аурудың беті бозарып, маңдайы терлеп, суық тер басып, дене қызуы төмендеп, тамыр соғғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді.Нәжісі қызыл қанға боялуы мүмкін.

2.Мұндай асқыну кезінде науқас тәулік бойы дәрігердің бақылауында болады.Науқаста тапжылмайтын, қатаң төсек тәртібі тағайындалады, және оған тамақ ішуге болмайды.Ішіне мұзды мұйық қойып, қан тоқтататын дәрілерді тағайындау қажет( аминокапрон қышқылы, 1% викасол).Көп қан жоғалтқанда қан құйылады.

Билет №18
Ауылдық ауруханаға тамыз айында бір апта бойы 36 оқушы келіп түсті. Барлық балада жоғары температура, балтыр бұлшықеттерінің ауырсынуы, катаралды өзгерістер, бауыр ұлғаюы, аурудың 3-4-ші күні кейбіреуінде тері жамылғысы, склераның сарғаюы пайда болды.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай зерттеу әдістері қолданылады?

Бруцеллез-сарып

1.Бруцеллездің жедел түрінде ауру тез басталады.Науқастың қызуы көтеріліп, қатты терлейді, әлсіздік п.б.,басы ауырып,сүйек буындары қақсайды және бұлшық еттері ауырады.Науқасты қарағанда лимфа бездері шошынып, бауыры,көк бауыры, үлкнйгендігін байқауға болады.

2.Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру.Ауырғандарды 2 жыл мерзімге тіркеуге алып, оларды мұқият бақылауға алу.Сүт, ет тағамдарын дұрыс пісіру.

Емі: Ауруханада ем жүргізіледі.Тағам N15 стол.

Қоздырғышқа қарсы антибиотиктер- тетрациклин 0,3-0,4 тәул.4 рет немесе рондомицин т.б. антигистаминді дәрілер қолданылады.Су, тұз ерітінділерін ішкізу немесе оларды көк тамырға жіберу қажет.Тыныштандыратын ауырғанға қарсы дәрілеріді берген дұрыс, сонымен қатар қосымша симптомдық дәрілер, дәрумендер, физиоемдер де беріледі.Науқас айыққаннан кейін санитарлық курорттық ем тағайындалады.

Билет №19
Емханаға 22 жастағы ер адам келіп, екі аптадан бері ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 39-40С дейін жоғарылап, қалтырау, кешкі мезгілге қарай қатты малшынып терлейтіндігі, буындарының сырқырап ауыратындығы байқалған. Сұрастырғанда бір ай бойы мал төлдетуге көмектесуге барған. Қарағанда: дене қызуы 38,2С, лимфа түйіндері ұлғайған, бауыры 2 см өскен.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай лабораторлық зерттеу жүргізіледі?

1.Бруцеллез.

2.Бактериологиялық әдіс.Зерттеуханағв қан транспорттық ортаға салынып жеткізіледі. Қоздырғышты лимфа түйіндерінен, сүйек кемігінің пунктаттарынан, зақымдалған буынның синовиалды сұйықтықтан бөліп алуға болады.

Серологиялық реакциялар:

Гайт реакциясы

Хеддльсон реакциясы

Тікелей емес гемагглютинация р-ы

Роз-Бенгал тест

Кумбс реакц-ы

Иммуноферментті анализ

Бюрне сынамасы.

Билет №20


42 жастағы науқас, 3 ай бұрын ауыр жарақат алған, көп мөлшерде қан кеткен. Емделу кезінде бірнеше рет қан құйған. Соңғы 2 айда өзін жақсы сезінген. 10 күн бұрын тәбеті жойылып, жалпы әлсіздік, субфебрилді температура, буындардың ауырсынуы мазалаған. Кейін айналасындағылар склерасы мен тері жамылғысының сарғайғанын байқаған, несебі қоңырланған, нәжісі түссізденген.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай лабораторлық зерттеу жүргізіледі?

1.Гепатит В ауруы

2.Нақты диагноз қан талдамасынан кейін қойылады.Оның биохимиялық және серологиялық зерттеу жолдары бар.Биохимиялық зерттеу аурудың қандайжәрежеде өтіп жатқанын көрсетсе, серологиялық зерттеу қандай гепатит екенін, В,С не болмаса Е гепатиті екендігін, аурудың қандай кезеңі екендігін анықтап береді.В гепатитінің қан арқылы жұғатын 30-40%-ы созылмалф түрге айналып кетуі мүмкін.Жедел емделмесе цирроз ауруына, тіпті әрі қарай бауыр обырына апарып соғуы мүмкін.Сол жағынан ол өте қауіпті .Алдын алу үшін екпелерді уақытылы алып, скринингтен өтіп тұрғаны дұрыс, Сары ауруға немқұрайлы қарауға болмайды.Неге десеңіз, созылмалы вирусты гепатиттің соңы бауыр обырына айналуы мүмкін.Сондықтан сақтану керек.

Билет №21


ФАП жұмыс жасайтын фельдшерді әйел адам үйіне шақырды. Науқас аурудың кенеттен қатты бас ауыруымен басталғанын айтады. Дене қызуы 39,5С, жүрісі теңселмелі, кейде құсады, сөзі түсініксіз. Фельдшер қарағанда бетінің, склераның қатты қызарып, тілінің ақ жабынмен жабылғанын, оң жақ шат аралығында жүргенде қатты ауыратын, 5,0х3,0см көлемінде ұлғайып ісінген, бетінде терісі қызарған шап бездерін анықтады. Тізенің сыртқы бетінде көлденең өлшемі 2 см жара бар. Ауырған адам бақташы болып жұмыс жасайды. Науқастың айтуы бойынша сол ауданда соңғы уақытта бүрге көбейген.
1. Қандай ауруға күдіктенесіз?
2. Ошақтағы алғашқы індетке қарсы шараларды атаңыз.
3. Қорғаныш костюмін киіп шешу тәртібін көрсетіңіз.

1.Оба ауруына келеді.



2.Індетке қарсы шаралар.Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары.Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мащсатында жүргізіледі.Ұйымдастыру-шаруашылық ветеринариялық- санитарлық және арнайы шаралар.Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар.Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитарлық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері.Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері.Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.Індет ошағында жүргізілетін шаралар.Карантин және шектеу қою, алу.Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар.Індет ошағындағы жануарларды вакциналау және фармакопрофилактика .Ірі мал фермалары мен кешендерді індеттен қорғау.Кешендерді салу және малмен толтыруға қойылатын санитарлық талаптар.Кешендердің ішкі және сыртқы санитарлық аймақтары, олардағы індетке қарсы шаралар.




Билет№22
Жұқпалы аурулар ауруханасына науқас дене қызуының 38С жоғарылауымен, қалтыраумен келіп түсті. Қарағанда: мазасыз, беті қызарған, ісінген, денесінің әр жерінде розеолезды бөртпелер бар, бауыры қабырға астынан 1,0 см ұлғайған. Өмір анамнезінде науқастың айтуы бойынша осындай белгілермен 5 жыл бұрын ауырған. Ауруханада Бөртпе сүзек диагнозымен ем алған.


Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай емдеу шаралары жүргізіледі?

1. Бөртпе сүзегі- ол адам денесін уыттандырып, теріде дөңгелек-нүклі қанталау түрінде бөртпе түзеп және әртүрлі жерлерде орналасып, ұсақ қан тамырларында қан ұюы орын алып, жүйке дәне жүрек, қан тамырлары жүйелерінің жұмысының бұзылуын тудырып, тез қызба беретін рикетсиозды ауру.Бөртпе сүзегінің 2 түрі болады: Эпидемиялық түрі және қайталанатын түрі.

2.Емдеуі . Эпидемиялық бөртпе сүзек кезінде этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық ем қолданады.Қазіргі уақытта негізгі этиотропты препараттар, бұл тетрациклин тобының антибиотиктері.

Тетрациклинді пероральды ересектер үшін 0,3-0,4г.күніне 4 рет белгілейді немесе доксицилин 0,1 г.күніне 2 рет.Емдеу курсы- бүкіл қызба кезеңі бойы және апирекцияның 2 күніне тағайындайды.Сирек левомицетинді 0,5-0,75г.тәулігіне 4 реттен белгіленген. Аурудың ауыр зту кезеңдерінде антибиотиктерді парентеральды енгізеді.Этиотропты антибиотикотерапия өте тез әсер береді және сондықтан да патогенетикалық терапияның көп әдістері қазіргі уақытта тек тарихи маңызға ғана ие болып отыр.

Птогенетикалық терапия көрсеткіштер бойынша дезинтокациялық препараттар, диуретиктер, тамырлық аналептиктер, жүрек гликозидтері, витаминдер, әсіресе аскорбин қышқылы және Р-витаминді препараттарды қарастырады.Аурудың ауыр өтуі кезінде интенсивті терапия жүргізіледі.Делирий дамығанда бромидтеп, барбитураттар, аминазин, седуксен, галоперидол немесе натрий оксибутираты қолд.

Тромбоз бен тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін антикоагулянттар тағайындайды.

Стоматит, паротит, жара болдырмау үшін міндетті түрде ауыз қуысы мен теріні тазалау қажет.

Апирексиннің 5-6 күніне дейін төсектік тәртіп, дене қызуы қалпына келгеннен кейін 6-7 күннен бастап науқасқа жүруге болады, аурудың асқынуы болмаған жағдайда апирексияның 12 күнінде ауруханадан шығарылады.

Билет №23
Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне науқас жүрек айну, құсу, әлсіздік, жоғары температура, іштің ауырсынуы шағымдарымен келіп түсті. Алғашқы тексеруден кейін «Тағам токсикоинфекциясы» алғашқы диагнозы қойылды.
Сұрақ: 1. Қандай шұғыл көмек көрсетіледі?

Науқасты ауыр түрінде ауруханаға жатқызамыз N2 диета тағайындалады.

Яғни қоздырғыштың уын ағзадан шығару үшін жедел түрде асқазанды және ішекті жуу керек.Науқасқа сұйықтықтар ішкізіледі, егер ағзадан көп су кеткен жағдайда қан тамырына тамшылатып сұйық дәрі жіберу керек.Ауыр түрінде антибактериалды дәрілер беріледі(фуразолидон, тетрациклин, левомицетин, ампициллин) 5-7 күн бойы.Симптомдық емдер, ферменттер, дәрумендер беру қажет.

Билет №24


Ауруханаға алты жасар бала түсті. Дене қызуы 40С, ес-түсін білмейді, сандырақтайды. Науқас құсады, бірақ жеңілдік әкелмейді, шүйде бұлшықеттері тартылған.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай бактериологиялық зерттеуге қандай материал алынады?
1.Ең алдымен эпидемиологиялық анамнезді жинау керек.Клиникалық белгілеріне қарау керек.Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу керек.

ДИАГНОЗ: Менингококкты менингит

2.Яғни ауыз-мұрын қуысынан жағынды алып микроскопиялық зерттеу жүргіземіз.Жұлын сұйықтығын алып тексеру және сұйықтықты 37° темп.жедел ауруханаға жеткізу керек.Науқастың жұлын сұйықтығы майлы іріңді болып, қарқынды тез ағады.(бактериологиялық, микроскопиялық зерттеулер)

Билет №25


Балабақша тәрбиешісінен жоспарлы ішек тобына зерттегенде дизентерия таяқшасы – Флекснер шигелласы анықталды. Сұрастырғанда 2 апта бұрын ішек бұзылысы, шаршағыштық байқалған. Дәрігерге қаралмаған, ем алмаған.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай лабораторлық зерттеу жүргізіледі?

1.Бактериальды дезентерия.

Этиология қоздырғышы Флекснер таяқшасы – грамтеріс бактерия улы зат эндотоксин бөледі.

Клиникалық белгілері: Дизентерияның 2 түрі бар : Жедел түрі бірнеше күннен 2-3 аптаға созылады.Созылмалы түрі 3 айдан жоғары уақытты қамтиды.Жасырын кещеңі 1-7 күн, орташа кезеңі 2-3 күн.

2.Эпидемиологиялық анамнезді жинау

Клиникалық белгілеріне қарау.

Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу.

Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау.

Сероргиялық зерттеу жүргізу.(РНГА), ол үшін қанды аурудың 5-7 күндеріне қарағанда аламыз.

Құралмен тексерк RMS-ішектегі өзгерістерді анық көруге болады.

Билет №26
Науқас И.,28 жаста, кенеттен түнгі сағат 3-де ауырған, көп мөлшерде дәрет, сулы, ашық-қоңыр түсті, 4 сағат ішінде 5 рет болған. Әлсіздік, есеңгіреу, іш аймағының жағымсыз сезімі мазалайды, өзенге суға түсіп, сол судан ішкен. Ауру басталғаннан 8 сағат ішінде ауруханаға жатқызылған. Түскен кезде жалпы жағдайы, қанағаттанарлық, дене температурасы 37,3ºС ерні құрғақ, пульсі 82 рет/мин., ырғақты, қанағаттанарлық, АҚҚ 110/80 мм.с.б. тыныс алуы 22 рет/мин. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағы пальпациялағанда құрылдайды, 1 рет құсты.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Ошақта қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізілу керек?

Тырысқақ(холера) Эль-Тор түрі.

Эпидемиологиялық(жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі.

Емдеу-алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген.

Арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады.

Этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі.

Халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.

Жеке қорғаныс шаралары:

Аурушаңдықтың қаупі жоғары аудандарда тұратын немесе сапарға шығатын адамдар өздерін жіті ішек ауруларынан, соның ішінде тырысқақтан гигиена мен тамақты дұрыс пайдаланудың мына ережелерін орындай отырып сақтана алады:

Қолыңызды мұқият жуыңыз, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында.

Тек қайнатылған суды ғана ішіңіз.Ыстық шай не кофе,шарап,сыра,газдалған су немесе алкогольсіз сусындар және бөтелкедегі не пакеттегі жеміс шырындары сияқты сусындар қауіпсіз.

Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз (қайнатылған,пісірілген/қуырылған, ыстық сумен жуылған (жеміс,көкеніс)немесе қабығынан аршылған, т.б.)Шикі теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз.

Алдын ала дайындалған тасақты жақсылап ысытыңыз.

Пастерленбеген сүтті ішер алдында ,оны қайнатыңыз.

Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз,шұғыл арада мед/қ көмекке жүгініңіз.Мед/қ көмекті күтіп отырғанда, қайнатылған су немесе тәтті емес, сорпа ішкен жөн.

Билет №27


Балабақша тәрбиешісінен жоспарлы ішек тобына зерттегенде дизентерия таяқшасы – Флекснер шигелласы анықталды. Сұрастырғанда 2 апта бұрын ішек бұзылысы, шаршағыштық байқалған. Дәрігерге қаралмаған, ем алмаған.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай лабораторлық зерттеу жүргізіледі?

1.Бактериальды дезентерия.

Этиология қоздырғышы Флекснер таяқшасы – грамтеріс бактерия улы зат эндотоксин бөледі.

Клиникалық белгілері: Дизентерияның 2 түрі бар : Жедел түрі бірнеше күннен 2-3 аптаға созылады.Созылмалы түрі 3 айдан жоғары уақытты қамтиды.Жасырын кещеңі 1-7 күн, орташа кезеңі 2-3 күн.

2.Эпидемиологиялық анамнезді жинау

Клиникалық белгілеріне қарау.

Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу.

Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау.

Сероргиялық зерттеу жүргізу.(РНГА), ол үшін қанды аурудың 5-7 күндеріне қарағанда аламыз.

Құралмен тексерк RMS-ішектегі өзгерістерді анық көруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет