Жоспары
-
Кіріспе.
-
Сұраныс және ұсыныс ұғымы.
-
Негізгі бөлім.
-
Икемділік үғымы. Сұраныстың баға икемділігі. Табыс бойынша сұраныс икемділігі. Сұраныстың айқасқан икемділігі.
-
Сатып алушы және сатушы арасында салық ауыртпашылықтарын бөлудегі икемділік рөлі.
-
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кіріспе.
1.1. Сұраныс және ұсыныс ұғымы.
Сұраныс («Demand») тұтынушылар нарықта ұсынылатын баға бойынша сатылуға дайын өнімдер санын көрсетеді. Сұраныс динамикасына бағалы, сондай-ақ бағасыз факторлар да әсерін тигізеді:
-
аталған өнімдердің бағасы (Р);
-
басқа тауарлар бағасы (Рs айырбастаушы, Рс толықтырушы);
-
тұтынушылардың ағымдық табысы (I);
-
тұгынушылардың талғамдары мен басымдықтары (Т);
-
тұтынушылардың күтуі (оптимистік, пессимистік) (О);
-
табиғи-климаттық жағдайлар (К);
-
сән (М).
Көрсетілген факторлардан туындайтын сұраныс тәуелділігі сұраныс функциясы деп аталады.
мұнда QD - сұраныс көлемі. Алайда, басқа тең жағдайлар кезінде, бағадан туындайтын сұраныс функциясы мына түрде болады:
Баға мен сатып алу арасындағы тәуелділікті графикалық түрде бейнелеуге болады:
1.1-сурет. Сұраныс қисығы.
Ұсыныс («Supply») - оларды сатушылар осы уақытта аталған баға бойынша сату үшін ұсынуға дайын тауарлар саны. Ұсыныс көлемі қалыптасатын кездегі жағдай ұсыныс факторлары деп аталады. Ұсыныс факторлары:
1) аталған өнімдер бағасы (Р);
2) басқа тауарларға - айырбастаушы (Рс) және толықтырушы (Ps) тауарларға деген баға;
3) өндіріс шығындары және технология деңгейі (С);
4) салықтар және жәрдем қаражаттар (N);
5) өндірістің объективтік (сыртқы) жағдайлары (Ү);
6) өндірушілердің күтуі (О) - оптимистік, пессимистік;
7) табиғи-климаттық жағдайлар (К);
8) уақыт факторы (t).
Ұсыныс функциясы оны анықтайтын факторлардан туындайтын ұсыныстар шамасының тәуелділігін бейнелейді:
Ұсыныс қисығы – тауар бағасы және нарықтағы тауарға деген ұсыныс шамасының арасындағы тәуелділіктің графикалық бейнесі.
1.2-сурет. Ұсыныс қисығы
Достарыңызбен бөлісу: |