Сұрақтар: Дәрілік заттардың негізгі топтары қандай?



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі16,95 Kb.
#120785
  1   2   3   4
Байланысты:
25.09 факультатив
462743.pptx, 462743.pptx, 08.10, ?р ?ылым ж?не ?ылыми п?н міндетті т?рде бірт?тасты?та к?рінетін

Дәрілік заттардың негізгі топтары: шығару, сақтау, тарату, қолдану түрлері. Дәрілік заттарды қолданудың энтеральды және сыртқы тәсілдері.
1 Тапсырма. Сұрақ-жауап
Сұрақтар:
1.Дәрілік заттардың негізгі топтары қандай?
Дәрі-дәрмекпен емдеу - емдеу процессінің басты бөлігі,ол адам организмін жақсарту,аурудың алдын алу және ауырсынуды басу үшін қолданылады.
2.Ағзаға дәрілік заттарды енгізу жолдары, олардың артықшылықтары мен жетіспеушіліктері қандай?
Энтералды жол деп – дәрі – дәрмекті асқазан ішек трактісі арқылы енгізу, яғни ауыз, тіл асты, тік ішек арқылы енгізу.
Пероралды енгізу жолдары.Дәріні ауыз арқылы қабылдау кең таралған. Тиімділігі.Бұл жолмен әртүрлі көлемдегі дәрілерді қабылдауға
болады(ұнтақ,пилюла,таблетка,қайнатпа,микстура).Жәй және ыңғайлы.Залалсыздандыруды талап етпейді.Арнайы дайындалған көмекшілерді талап етпейді.
Тиімсіздігі.Дәрілік заттардың бауырға,асқазан мен ішектің шырышты қабығына кері әсер беруі.Науқастың ессіз жағдайында не жүрегі айну кезінде дәріні қабылдай алмауы.
Ас қорыту жолында дәрінің баяу әрі толық сіңірілмеуі.Шұғыл жағдайда дәрінің әсері жылдам керек кезінде тиімсіз.
Сублингвалдық енгізу деп – дәрілік заттарды тіл асты арқылы қабылдау. Дәріні былай қабылдағанда тіл асты шырышты қабаты арқылы тез ыдырап қанға араласып, бауырдан өтіп асқазанға әсер етпейді.Бұл жолда өте белсенді дәрілерді аз мөлшерде (мысалы: 0,0005 г. көлемде нитроглицерин, 0,06 валидол) қабылдауға болады.
Ректалды енгізу жолдары деп дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді айтады. Ректалды жолмен сұйық (мысалы: қайнатпа, ерітінді, шырыштар), сонымен қатар қатты (ректалды суппозиторий) дәрілерді енгізеді. Ректалды жолмен дәріні науқас ауыз арқылы қабылдай алмаса (жүрек айнуы, жұтына алмауы жағдайында, ес-түссіз жағдайында, асқазанның шырышты қабығының зақымдануы кезінде және т.б) немесе жергілікті әсер ететін дәріні енгізу кезінде қолданылады.
Сыртқы енгізу-бұл кілегей қабығына және теріге, құлаққа, көзге, дәрілік заттарды қолдану. Аталмыш дәрілік заттар тұрақты жерлерге арналған, яғни зақымдалған тері арқылы сіңіп кетеді.
Ингаляциялық енгізу жолдары.Тиімділігі.Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері.Қабынған жерге бауырда сүзілмей, ешбір өзгермей өзінің жоғары сапасында жетуі.Тиімсіздігі.Бронхиалдық өту жолдарының нашар өткізгіштігінен дәрілік заттың қабынған жерге дұрыс жетпеуі.Тыныс алу жолдарының шырышты бөлігінің дәрілік заттар әсерінен қабынуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет