Срсп-срс-3 апта шежіре- ұлттық құндылық жауһары



бет1/2
Дата25.12.2021
өлшемі78,49 Kb.
#105551
түріСынақтар
  1   2
Байланысты:
СРСП-СРС-3АПТА 101-ттк


СРСП-СРС-3 АПТА

Шежіре- ұлттық құндылық жауһары

Ұлттық құндылықтарымыз --ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. Кезінде Алаш ардақтылары ұлттық құндылықтарымызды өз бақытын, өз басының амандығынан жоғары қойып, табандылықпен, жанын салып қорғай білді. XX ғасыр ұландары ұлттың алдындағы нағыз тұлғалық парыздарын батырлардай қорғай білді. Тоталитарлық режимнің ауыр сынақтарына төтеп беріп, тілімізді жойылып кету қаупінен жандарын салып қорғады. «Қазақ тілім», «Алашым», «қазағым» деген жандарыың тазалығынан айналып кетуге болады. Ал біз, XXI ғасырдың жаңа қазақтары, ұлттық құндылықтарымызды қандай дәрежеде қорғай алып жүрміз? Ұлттық құндылықтарымыздан айырылып, рухани жұтаңдап бара жатқан жоқпыз ба? Ұлттық санамыз қаншалықты ояу? Алаш ардақтыларындай ұлтымыздың алдындағы адами парызымызды орындап жүрміз бе? Материалдық құндылықтар маңызды ма, әлде ұлттық құндылықтар мәнді ме? Кезіндегі әлемді өзінің батылдығымен, даналығымен, өткір қылыштай от ойнаған көздерінің жалынымен шарпыған Атилла, Томирис ханшайымдардың рухы біздің бойымызда бұғып жатқан жоқ па? Сол рухани қуатымызды, ұлттық құндылықтарымызды оятып, әлемге ұлтымыздың рухани жауһарларын жарқыратып көрсететін уақыт жетті. Осы сұрақтар менің санамды көп мазалайды. Ұлтымды риясыз құрмет тұтып, сүйетін өкілі ретінде ұлтымның рухани қазынасына құйған бір тамшы болса да үлесі болсын деген ниетпен мақала арнадым.

Ұлттың қорғаны – тіліміз, салт-дәстүріміз, ұлттық бірегейлігімізді көрсететін рухани жан-дүниеміз. Батырларымыз кезінде қазақ халқын сыртқы жаулардан аянбастан «ақ найзаның ұшымен, ақ семсердің күшімен» ерекше жанкештілікпен қалай қорғаса, тіліміз, салт-дәстүріміз, ұлттық болмысымыз біздің ұлтымызды жаһандану сияқты алпауыт айдаһардан соншалықты қорғап, күресетін ұлы батырларымыз іспеттес. Ең бастысы осы баға жетпес байлығымыз – ұлттық құндылықтарымызды өгейсітпей, жүрегіміздің түбінде ұлы құрметке лайық деп тауып, жанымыздың шынары, өміріміздің маңызды бөлшегіне айналдырып, қадіріне жетсек болғаны. Адамзатты жаратқан құдірет бары анық, сол құдіреттің арқасында бұл әлемге пейілі дариядай кең, көңілі жас сәбидей таза, ақылы теңіздей терең қазақ халқы ұлы миссиямен жаратылған ұлы халық. Миссиямен жаратылған деген сөздің төркінінде қазақ халқының тілін, тарихын, салт-жоралғыларын терең зерттеген ғалымдар бұл халық әлем халқына үлгі боларлық ұлы рухани байлыққа ие бірден-бір ұлт екені дәлелденген. Әлемді әуенінің

көркемділігімен, тілінің шұрайлылығымен, салтының байлығымен, ұлттық бірегейлігімен тамсандырған қазақтай дара туған халық кемде-кем болар. Әркім өз ұлтының патриоты, десек те, басынан мың құбылған алмағайып заманды өткерсе де, ұлттық келбетін, ұлттық жан дүниесінің тазалығын сақтап келе жатқан қазақтай халықты қалай мақтаса да жарасады. Қазақ даласы талай ойшылдар мен рухани кемеңгерлерді туғызған киелі мекен. Әлем ойшылдарын тамсандырған байлықтарымыздың қадіріне жетіп жүрміз бе?

Ұлттық құндылықтарымыз – ұлтымыздың қорғаны, келешегіміздің кемел болу жолында сәулесін шашып, құлдырап кетуден сақтап тұратын мәңгілік шамшырағымыз. Өзін қазақпын дейтін бұл әлемді алшаң басып жүрген әр пенде «Мен өз елімнің ұлттық жауһары тілімді терең меңгере білдім бе? Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын өз деңгейінде сақтап жүрмін бе? Ұлттық аспаптарымды, ұлттық киімдерімді лайықты құрметтеп жүрмін бе» деген сыни сұрақты өзіне қоя білуі керек. Осы сұрақты шынайы қоя отырып, шын ниетпен еш жасандылықсыз адал жауап бере білуі тиіс. Халқымыздың бұл әлемде ұзақ жасауы, гүлденуі, ұлттық құндылықтарымыздың сенімді бойтұмарымыз болып, ұрпақтан-ұрпаққа күн сәулесіндей шашырап, мәңгілік ғұмыр кешуі бізге байланысты. Жер шарында өмір сүріп отырған миллиардтаған адамдардың ішінде 9-10 миллионы ғана ҚАЗАҚ деген ұлттың өкілі. Саны жағынан аз болса да, рухани қуаты басым ұлы халқымыздың ұлттық жәдігерлерінің жоғалмай, өсіп-өркендеуі үшін әрбір қазақ жүрегінде ұлтқа деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілік алауын өшіріп алмауы тиіс. Әлем – құдіретті күштің туындысы, о баста адаммен бірге пайда болған өзгермейтін, өте құнды қазыналарымыз бар. Қанша ғасыр тезінен өтіп келе жатса да құндылықтар өз құнын ешқашан жоймақ емес. Құндылықтар -- адамның бұл әлемде басшылыққа алатын ең сенімді серігі. Адаммен бірге жасап, өмір сүру қағидаларын дұрыс реттей білуге көмектесетін құндылықтардың бұдан кейін де қанша ғасыр өтсе де өзінің бұл өмірдегі маңыздылығы арта бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет