«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» (патриоттық тәрбие сағаты) Өткізген: аға тәлімгер Шаяхметова Ж. М. 2022-2023 оқу жылы Тәрбие сағаты: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»



бет1/7
Дата25.09.2023
өлшемі73,5 Kb.
#182408
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік тәрбие сағаты 6-7 сынып
Сызықтық алгебра 1 дәріс, Сызықтық алгебра 1 дәріс



«Науырзым ауданы білім бөлімінің Раздольный жалпы білім беретін мектебі»КММ
КГУ«Раздольная общеобразовательная школа отдела образования Наурзумского района»


«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»


(патриоттық тәрбие сағаты)
Өткізген: аға тәлімгер Шаяхметова Ж.М.
2022-2023 оқу жылы


Тәрбие сағаты: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
4. Буклеттер, фото суреттер.


Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі:
- Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жыл толуына орай өткізгелі отырған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты патриоттық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 25 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады


«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Осы боздақтарды еске алу мақсатында Б і р м и н у т т ы қ ү н с і з д і к жариялаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет