Құстар-Aves класының ерекшеліктері


Ұшатын құстардың қаңқасы жұқа, жеңiл және қуыс сүйектерiнiң iшi ауаға толып тұрады



бет2/3
Дата30.09.2023
өлшемі16,58 Mb.
#183147
1   2   3
Байланысты:
Құстардың ерекшелігі

Ұшатын құстардың қаңқасы жұқа, жеңiл және қуыс сүйектерiнiң iшi ауаға толып тұрады.

Ұшатын құстардың қаңқасы жұқа, жеңiл және қуыс сүйектерiнiң iшi ауаға толып тұрады.

Ал ұшпай тек қана жерде жүретiн құстардың жiлiктерiнде әруақытта май болады.


Ми сауыты: Құстардың бас сүйектерi де өте жеңiл болады. Ми сауытын құрайтын сүйектерден басқа астыңғы және үстiңгi жақ сүйектерi бар. Бiрақ жақ ұзарып тұмсыққа айналып кеткен. Жақ сүйектерден терi тектес тiс пластинкасы болады. 
Төс сүйек ұшатын құстарда жақсы жетiлген, оның астыңғы бетiнiң ұзына бойына созылатын биiк жал сияқты қыры болады. Бұл қырдың бетiне қанатты қозғалысқа келтiретiн кеуде еттерi бекидi.
Омыртқа жотасы:
  • Мойын: 9-25
  • Кеуде: Құстың қабырғалары кеуде омыртқалары мен төс сүйегiн қосып көкiрек клеткасын құрайды.
  • Бел
  • Сегізкөз
  • Құйрық

Күрделі сегізкөз

Иық белдеуi:

Иық белдеуi:

  • Жауырын
  • Бұғана
  • Коракоид

Жамбас белдеуi:
Артқы аяқ қаңқасы ұзынша келген жiлiктер мен саусақ сүйектерде құралады. Аяқтардың қаңқасына тiрек болатын жамбас белдеуi – жамбас сүйектерi омыртқа жотасымен қосылып қозғалмай аяқтарға жақсы сүйенiш болады. Құйрық омыртқалары бiрiмен бiрi бiрiгiп құйымшақ сүйегiмен қосылып келедi.

Ас қорыту

Әрбiр құстың қоректену тәсiлiне қарай азықтың түрiне қарай тұмсықтары түрлiше болады.


Көптеген құстар өңешiнде қоректiк заттарды уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын жемсау болады. Жемсаудан өңешiнiң төменгi бөлiмi арқылы бездi қарынға барып, одан ас қорыту сiлекейлерiмен араласып, қабырғасы қалың еттi қарынға барады.

Тыныс алу жүйесi


Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек қана құстарға тән ерекшелік. 
Ауа қапшығының тыныс алудағы маңызынан басқа қызметi - мүшелердiң арасында жылудың реттеушi қызметiн атқарады, ұшу кезiнде мүшелер арасына үйкелiстi азайтады.
Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет.
Құстардың өкпесi бауырымен жорғалаушылардың өкпесi сияқты қапшық емес, тығыз көпiршiктi дене, көкiрек қуысының арқа жақ қабырғасына бекидi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет